"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 617 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

      Астана, Ақорда, 2017 жылғы


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер



      1. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 94-құжат):

      2-тармақ алып тасталсын.

      2. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 28, 344-құжат):

      кіріспесінде "және Қазақстан Республикасының мақтаны қайта өңдеу өндірісі кәсіпорындарын, тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту мақсатында" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақ алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 873 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 40, 388-құжат):

      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      4. "Павлодар" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 186 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 47-құжат):

      2-тармақ алып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 457 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 7, 148-құжат):

      Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1 және 3-тармақтары алып тасталсын.

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 872 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48 472-құжат):

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын.

      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 191 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 54-құжат):

      Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы алып тасталсын.

      8. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 275 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 34, 189-құжат).

      Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 13-тармағы алып тасталсын.

      9. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 316 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 48, 296-құжат):

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы алып тасталсын.

      10. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 377 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 61-62, 389-құжат):

      1-тармақтың 2), 4) және 8) тармақшалары алып тасталсын.


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы
№ Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 1022 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 8, 79-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1267 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 49, 558-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 тамыздағы № 1624 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 32, 424-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 7 ақпандағы № 279 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 35-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қазандағы № 683 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 455-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 702 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 495-құжат).

      7. "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 973 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 75, 665-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады