"Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 659 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 444 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.07.2018 № 444 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 50, 321-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекеттік жастар саясаты, волонтерлік қызмет, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру, сыйлықақылар беру, гранттар ұсыну және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Министрліктің миссиясы:

      діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, жастар саясаты, волонтерлік қызмет, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салаларында мемлекеттік реттеу.";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы, жастар саясаты, волонтерлік қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;";

      16-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы, мемлекеттік жастар саясаты, волонтерлік қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;";

      мынадай мазмұндағы 45-1), 45-2) және 45-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "45-1) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды бекіту;

      45-2) волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын бекіту;

      45-3) волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;";

      48), 56), 57), 58) және 59) тармақшалар алып тасталсын;

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 29-1), 29-2), 29-3), 29-4), 29-5) және 29-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "29-1) Қазақстан Республикасындағы волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинақтау мен қорытуды жүзеге асыру;

      29-2) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды әзірлеу;

      29-3) волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді тарту тәртібі жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

      29-4) волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;

      29-5) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      29-6) волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;";

      23-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады