Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспары туралы" 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 905 және "Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 906 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 677 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 905 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарында:

      реттік нөмірлері 12, 13 және 14-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:

27

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰЭМ

Қыркүйек

Қазан

Желтоқсан

Р.Е. Дәленов

      "

      ";

      2) "Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 906 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-1-жолмен толықтырылсын:

      "

14-1

"Табиғи монополиялар туралы" (жаңа редакция) Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы
Заңының жобасы

ҰЭМ

4-тоқсан

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады