Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 906 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.
      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (келiсiм бойынша) бiрiншi басшылары:
      1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі шараларды қабылдасын;
      2) 2017 жылғы 1 шілдеден және 20 желтоқсаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi 2017 жылғы 10 шілдеден және 31 желтоқсаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесі 2017 жылғы 20 шілдеден және 2018 жылғы 10 қаңтардан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 906 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.10.2017 № 677 қаулысымен.

Р/с

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстанның Төрелік палатасын құру бойынша жұмысты ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат

Әділетмині

1-тоқсан

2.

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыруға еліміздің негізгі бағдарламалық құжаттарының, бірінші кезекте, Ұлт жоспарының мақсаттарымен және міндеттерімен арақатынасы тұрғысынан кең талдау жүргізу және құқықтық саясат саласындағы жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеудің орындылығы туралы ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар, ұйымдар

1-тоқсан

3.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Әділетмині

2-тоқсан

4.

Құқықтық саясатты жүзеге асыру барысында қоғамдық пікірді ескеру мақсатында әлеуметтік әдістерді құқықтық мониторинг кезінде қолдану мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

2-тоқсан

5.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.10.2017 № 677 қаулысымен.

6.

Құқық қорғау қызметінде мемлекеттік қызметтің стандарттары мен қағидаларын қолдану саласының шеңберін одан әрі ұлғайту бойынша ұсыныстар дайындау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

МҚІСҚА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ІІМ, Қаржымині

2-тоқсан

7.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

ҰЭМ

3-тоқсан

8.

Агенттерді азаматтық құқық субъектілері қатарына енгізу және агенттік келісім мәселелерін регламенттеу орындылығын қарау

ұсынысты ВАК отырысында қарау

Әділетмині

3-тоқсан

9.

Азаматтардың қатысуымен мәмілелерді ерікті сақтандыруды заңнамалық ынталандыру мәселелерін пысықтау

ұсынысты ВАК отырысында қарау

Әділетмині

3-тоқсан

10.

Үлестес мәмілелердің жалпы ұғымын енгізу мәселелерін пысықтау

ұсынысты ВАК отырысында қарау

Әділетмині

3-тоқсан

11.

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын және оған ілеспе заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Кодексінің және Заңының жобалары

ИДМ

3-тоқсан

12.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын және оған ілеспе заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы Кодексінің және Заңының жобасы

ҰЭМ

3-тоқсан

13.

Сотқа дейінгі іс жүргізуде сот бақылауының шектерін кезең-кезеңмен кеңейту мүмкіндігімен байланысты сот жүйесін дамыту перспективалары мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЖС (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ІІМ, МҚІСҚА (келісім бойынша), Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша), МКҚ (келісім бойынша)

4-тоқсан

14.

Бітімгершілік рәсімдер және дауларды соттан тыс реттеу тетіктерінің мәселелері бойынша халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ЖС (келісім бойынша), Әділетмині, ОМО

4-тоқсан

14-1.

"Табиғи монополиялар туралы" (жаңа редакция) Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу

Қазақстан Республикасы
Заңының жобасы

ҰЭМ

4-тоқсан

15.

Азаматтықты және қазақстандық патриотизмді насихаттауға, Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдары мен мемлекеттік рәміздеріне құрметті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүйелі негізде өткізу

дәрістер, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу

Әділетмині, орталық және жергілікті органдар

жыл бойы

16.

Қабылданатын заң жобаларының барынша ашықтығын және кең талқылауды, сондай-ақ жоспарланған заңнамалық бастамалар туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ПМК, АКМ, Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

жыл бойы

17.

Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және құқықтық сауаттандыру бойынша тұрақты түрде іс-шараларды өткізу
 

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

жыл бойы


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
      ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
      ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
      ПМК – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі
      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі      
      МҚІСҚА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      МКҚ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі
      АКМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
      ОМО – орталық мемлекеттік органдар
      ВАК – Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады