"Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 31 қазандағы № 688 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 72 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.02.2020 № 72 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 мамырдағы № 486 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 311-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 688 қаулысына
қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 13 мамырдағы
№ 486 қаулысымен
бекітілген

Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесі

      Құрғақ сүт (майы алынбаған, майы алынған), сары май және қатты ірімшік өндіруге арналған шикі сүт.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады