Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 24 қарашадағы ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. 2006 жылғы 24 қарашадағы ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № 703 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
2006 жылғы 24 қарашадағы ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2006 жылғы 24 қарашадағы ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
Келісімге 2-қосымшаның 5-нысаны мынадай редакцияда жазылсын:
"5-нысан |
Оқыту процесін қамтамасыз ететін педагог кадрлар туралы мәліметтер
Р/с |
Т.А.Ә. |
Оқыты- | Лауа-зымы2 |
Білімі |
Ғылыми |
Жұмыс өтілі3, |
Көрсетілген |
Ескертпе:
1. Тараптардың құзыретті органдары бекіткен халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқыту саласындағы бірыңғай бағдарламаларға сәйкес тақырыптары (пәндері, сабақтары) көрсетіледі.
2. Негізгі жұмыс орны бойынша және оқыту ұйымындағысы/білім беру ұйымындағысы көрсетіледі.
3. Халықаралық автомобиль тасымалдаушыларының кәсіби құзыреттілігіне қосымша оқытумен байланысты негізгі мамандығы бойынша көрсетіледі.".
Келісімге 3-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
"2006 жылғы 24 қарашадағы ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімге 3-қосымша |
Куәлік нысаны
ТМД қатысушы тиісті мемлекеттің |
Халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын дайындау саласындағы құзыретті орган |
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАУШЫСЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК КУӘЛІГІ
№ |
....................................................(3) берілді, туған жылы.........................,.................................. ...........................................................................................(4) ретінде кәсіби құзыреттілікке (жылы:.....; күні:......) біліктілік емтиханын тапсырды және кәсіби жұмыс үшін білікті деп танылды.
Осы куәлік 2006 жылғы 24 қарашадағы ТМД қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын қосымша оқытуға және кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптарды үйлестіру туралы келісімге сәйкес кәсіби құзыреттілігінің жеткілікті дәлелі болып табылады және осы салада кәсіби жұмыс істейтін адамдарға халықаралық көлік операцияларына еркін қатысу құқығын қамтамасыз ету үшін арналған. |
…………………………………………………..берілді (куәлікті беру орны) | ........................... (куәлікті беру күні) |
Аттестаттау комиссиясының төрағасы _____________________ _____________________
(қолы) (аты-жөні және тегі)
Хатшы ______________________ ____________________
(қолы) (аты-жөні және тегі)
1) ТМД қатысушы мемлекеттердің атауына сәйкес келетін атауы, айырым символы.
(2) ТМД қатысушы мемлекеттің сертификат беретін халықаралық автомобиль тасымалдаушыларын дайындау саласындағы құзыретті органының атауы.
(3) Тегі, аты, әкесінің аты.
(4) Маманның санаты (халықаралық автомобиль тасымалын орындауға жауапты лауазымды адам/халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізуші).
*Куәліктер бланкілері қорғау элементтері (құралдары) (қорғалған полиграфиялық өнім) бар қатаң есептілік бланкілері болуға, ТМД қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қатаң есептілік бланкілерінің қорғалу деңгейіне қойылатын талаптарға және оларды іске асыру және есепке алу тәртібіне сәйкес әзірленуі және өткізілуі тиіс.".
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарламаны депазитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін тиісті құжаттарды депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
_______жылғы "__"_______ _______ қаласында бір төлнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған мемлекеттің әрқайсысына оның расталған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін |
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі үшін |
Армения Республикасының Үкіметі үшін |
Тәжікстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
Беларусь Республикасының Үкіметі Үшін |
Түрікменстан Үкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Өзбекстан Республикасының |
Үкіметі үшін | |
Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін |
Украина Үкіметі үшін |
Молдова Республикасының | |
Үкіметі үшін |