"Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 749 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімгеқол қою туралы

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жеңісұлы ЖанжүменовкеҚазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
     
     
      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев
     

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы
№ Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
 
  Жоба

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы  КЕЛІСІМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы 
      2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт (бұдан әрi – Шарт) шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында және Шарттың 10-бабына сәйкес
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Шарт шеңберiнде әскери мақсаттағы өнiмдi беруші Тарап (бұдан әрi – өнім беруші Тарап) оның болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды (бұдан әрi – бақылау) жүзеге асыруға құқылы.
      Өзіне әскери мақсаттағы өнiм берілетін Тарап өнім беруші Тараптың бақылауды жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдайлар ұсынады.

2-бап

      Шарт шеңберiнде берілген әскери мақсаттағы өнiм бақылау нысанасы болып табылады.

3-бап

       Бақылау мақсаты Шарт шеңберінде жасалған келісімшарттар бойынша берілген әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын (берілген әскери мақсаттағы өнімнің, сондай-ақ оның Тараптардың қарулы күштерінде, басқа да әскерлерінде, әскери құралымдарында, құқық қорғау органдары мен арнаулы органдарында (қызметтерінде) нысаналы пайдаланылуын, есептен шығарылуының, оның ішінде қайтарылмайтын шығын ретінде есептен шығарылуының негізділігін растайтын қажетті құжаттың болуын) тексеру болып табылады.

4-бап

      Тараптардың осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдары:
      Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
      Ресей тарапынан – Ресейдің Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызметі болып табылады.
      Тараптардың уәкілетті ұйымдары:
      Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлерінің, әскери құралымдарының, құқық қорғау органдары мен арнаулы органдарының мүдделерінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты тиісті қызмет түріне құқығы бар мемлекеттік органдар, сондай-ақ ұйымдар;
      Ресей тарапынан – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер, әскери құралымдар, құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер мүдделерінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысына мемлекеттік тапсырыс берушінің функцияларын орындауға уәкілеттік берілген федералдық атқарушы билік органдары және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес әскери мақсаттағы өнімге қатысты қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға құқығы бар Ресей Федерациясының ұйымдары болып табылады.
      Уәкілетті органдардың атаулары мен функциялары өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін дереу хабардар етеді.

5-бап

      Өнім беруші Тараптың уәкілетті органы бақылауды жүзеге асыру мақсатындаәскери мақсаттағы өнім берілетін Тараптың уәкілетті органына бақылау жүргiзу туралы сұрау салуды алдын ала дипломатиялық арналар арқылы жібереді. Сұрау салуда өнім беруші Тарап оған қатысты бақылауды жүзеге асыруға ниеттенген әскери мақсаттағы өнім, оны жүргізу мерзімдері, сондай-ақ бақылау барысында пайдаланылатын техникалық құралдар көрсетiледi.
      Бақылау мақсаты үшін өнім беруші Тараптың Сыртқы істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, уәкілетті органы мен уәкілетті ұйымының өкілдерінен тұратын бақылау тобы (бұдан әрі– бақылау тобы) құрылады.
      Егер Тараптардың уәкілетті органдары өзге туралы ескертпесе, бақылау тобының сандық құрамы, әдетте, бес адамнан аспауға тиiс.

6-бап      

      Өзіне әскери мақсаттағы өнiм берілетін Тараптың уәкілетті органы бақылау тобын қабылдаудан бас тартуға құқылы емес.
      Бақылау жүргізу туралы сұрау салу алғаннан кейінөзіне әскери мақсаттағы өнім берілетін Тараптың уәкілетті органы осы Тараптың уәкілетті ұйымымен бақылау жүргізу орнын, мерзімдері мен рәсімдерін келіседі және беруші Тараптың уәкілетті органына бақылау жүргізу мүмкіндігін растауды дипломатиялық арналар арқылы жібереді.

7-бап

      Өзіне әскери мақсаттағы өнiм берілетін Тараптың уәкілетті органы бақылау жүргiзу туралы сұрау салуда көрсетiлген әскери мақсаттағы өнiмдi, сондай-ақ оның нысаналы пайдаланылуын растайтын қажеттi құжаттаманы ұсынуға мiндеттi.

8-бап

      Өнiм беруші Тараптың уәкілетті органы өкілінің және (немесе) уәкілетті ұйымы өкiлiнің Шарт шеңберінде жасалған келісімшарттар бойынша берілетін әскери мақсаттағы өнімді есептен шығару, жою (кәдеге жарату) кезінде қатысуға құқығы бар.
     

9-бап

      Егер Тараптың халықаралық міндеттемелерінде өзгеше белгіленбесе, бақылау 2004 жылғы 7 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісiмнің ережелері ескеріле отырып және өзіне әскери мақсаттағы өнiм берілетін Тараптың заңнамасында көзделген режимдік талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
      Бақылау тобының мүшелерi бақылау жүргізу кезеңінде өзіне әскери мақсаттағы өнiм берілетін Тараптың заңнамасын сақтауға міндетті.

10-бап

      Бақылау жүргізу бойынша материалдық және қаржылық міндеттемелер, егер Тараптар жазбаша түрде өзге туралы уағдаласпаса ғана, Тараптарға былайша жүктеледі:
      өнімберуші Тараптың делегациясы (бақылау тобы) өздерінің әскери мақсаттағы өнiм берілетін Тараптың аумағына жол жүруге арналған көліктік шығыстарын, сондай-ақ тұруға (орналасуға) және тамақтануға арналған шығыстарын төлейді;
      бақылау іс-шараларын техникалық қамтамасыз ету және авиациялық көлікті қоспағанда, ел ішіндегі көліктік шығыстар өзіне әскери мақсаттағы өнім берілетінТарапқа жүктеледі.

11-бап

      Өзіне әскери мақсаттағы өнiм берілетін Тарап бақылау жүргiзу кезеңiне, өзінің Шарт шеңберінде әскери мақсаттағы өнiмді сатып алған уәкілеттi органы мен уәкілетті ұйымының өкiлдерiн бөледi, бақылау тобының мүшелерін қарсы алуды, оларды бақылау орнына алып баруды, олардың жұмыс iстеуiне және тұруына жағдайлар жасауды, алғашқы медициналық көмек және көлiктiк қызмет көрсетуді, тікелей бақылау объектiсiнде, сондай-ақ мүмкіндігінше кез келген басқа жерде бақылау тобы басшысының өтiнiшi бойынша халықаралық (қалааралық) байланыс құралдарын пайдалану мүмкіндігін, қызметтiк құжаттардың, әкелiнетiн техникалық бақылау құралдарының сақталуын және бақылау тобы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

12-бап

      Жүргiзiлген бақылау нәтижелерi екіжақты актiмен ресiмделедi.
      Актiде:
      бақылау тобының дербес құрамы және өзіне әскери мақсаттағы өнiм берілетін Тараптың өкiлдерi;
      олардың негізінде бақылау жүзеге асырылатын құжаттар (бақылау жүргiзу туралы сұрау салу, бақылау жүргiзу мүмкіндігін растау); 
      бақылау объектiлерi; 
      бақылауды жүзеге асыру мерзiмдерi; 
      бақылау нәтижелерi көрсетiледi. 
      Акт бiрдей күшке ие екi данада жасалады, оған бақылау тобының мүшелері және өзіне әскери мақсаттағы өнiм берілетін Тараптың уәкiлеттi органы мен уәкілетті ұйымының өкiлдері қол қояды.
      Актінің бiр данасы өнiм беруші Тарапқа, екiншiсi – өзіне әскери мақсаттағы өнiм берілетін Тарапқа арналады.

13-бап

      Берілген әскери мақсаттағы өнiмдi нысаналы пайдаланбаудың немесе оның болмауының анықталған және актіде тiркелген фактілерi келiсiмшарттардың тиiстi ережелерiн қолдану үшiн, сондай-ақ Тараптардың уәкілетті органдарының осындай бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған шараларды әзірлеу туралы консультациялар мен келіссөздер өткізуі үшін негiз болып табылады.

14-бап

      Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

15-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім Тараптардың Шарт шеңберінде берілген әскери мақсаттағы өнімді бүкіл пайдалану мерзімі ішінде қолданылады.
     
      201_жылғы "___" _________ ________қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтін тең түпнұсқалы болып табылады.
      Қазақстан Республикасы
үшiн
Ресей Федерациясы үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады