Мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттамаға қол қою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 750 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 602 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2020 № 602 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2017 жылғы 16 қарашадағы
№ 750 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

Мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілі туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Әзербайжан Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Түркия Республикасының үкіметтері 2012 жылғы 23 тамыздағы Түркі мәдениеті және мұрасы қорының жарғысының ережелеріне сүйене отырып, мүше мемлекеттердің Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бюджетіне міндетті жарналарының шәкілін төмендегідей белгілеуге келісті:

      Әзербайжан Республикасы – 40%;

      Қазақстан Республикасы – 25%;

      Қырғыз Республикасы – 5%;

      Түркия Республикасы – 30%.


      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы депозитарий алғаннан кейін отызыншы күні күшіне енеді.


      Осы Хаттаманың депозитарийі Әзербайжан Республикасы болып табылады.


      " " жылғы ________ ___________ қаласында әзербайжан, қазақ, қырғыз, түрік және ағылшын тілдерінде бір данада жасалды әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады. Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін
     
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін
     
      Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін
     
      Түркия Республикасының Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады