"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 763 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-4) және 3-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-4) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы 2016 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды;

      3-5) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамы 2016 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды;";

      мынадай мазмұндағы 2-7-тармақпен толықтырылсын:

      "2-7. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" және "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамдарының иелігінде қалған, 2016 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша алынған таза кірістің бір бөлігін Астана қаласындағы Энергия үнемдеу технологияларының көрсету орталығының және Алматы қаласындағы энергия тиімділігі орталығының құрылысын аяқтауға жұмсауды қамтамасыз етсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады