Қазақстан Республикасының кейбір теміржол станцияларының атауын және атауларының транскрипциясын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 787 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына жəне "Қазақстан Республикасының аумағындағы əуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық жəне мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транс- крипциясын нақтылау мен өзгерту жəне мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сəйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сəйкес теміржол станцияларының атаулары өзгертілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сəйкес теміржол станциялары атауларының транскрипциясы өзгертілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 қарашадағы
№787 қаулысына
1-қосымша

Атауы өзгертілуге тиіс теміржол станцияларының тізбесі Ақмола облысы бойынша

      Қарағанды тасымалдау бөлімшесінің Вишневка теміржол станциясы – Аршалы теміржол станциясына;

Ақтөбе облысы бойынша

      Ақтөбе тасымалдау бөлімшесінің Киргильда теміржол станциясы – Əлімбет теміржол станциясына;

Алматы облысы бойынша

      Алматы тасымалдау бөлімшесінің Қорғас теміржол станциясы – Алтынкөл теміржол станциясына;

      Алматы тасымалдау бөлімшесінің Жаркент теміржол станциясы – Құндызды теміржол станциясына;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

      Шығыс Қазақстан тасымалдау бөлімшесінің Лениногорск теміржол станциясы – Риддер теміржол станциясына;

      Шығыс Қазақстан тасымалдау бөлімшесінің Защита теміржол станциясы – Өскемен-1 теміржол станциясына;

Жамбыл облысы бойынша

      Жамбыл тасымалдау бөлімшесінің Джамбул теміржол станциясы – Тараз станциясына;

Батыс Қазақстан облысы бойынша

      Батыс Қазақстан тасымалдау бөлімшесінің Шипово теміржол станциясы – Тасқала теміржол станциясына;

      Батыс Қазақстан тасымалдау бөлімшесінің Ростошский теміржол станциясы – Белес теміржол станциясына;

Қарағанды облысы бойынша

      Қарағанды тасымалдау бөлімшесінің Осакаровка теміржол станциясы – Сарыбел теміржол станциясына;

      Қарағанды тасымалдау бөлімшесінің Карьерная теміржол станциясы – Ортас теміржол станциясына;

Қостанай облысы бойынша

      Қостанай тасымалдау бөлімшесінің Ақсу теміржол станциясы – Елімай теміржол станциясына;

Маңғыстау облысы бойынша

      Маңғыстау тасымалдау бөлімшесінің Ералиево теміржол станциясы – Қарақия теміржол станциясына;

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

      Оңтүстік Қазақстан тасымалдау бөлімшесінің Черноводский теміржол станциясы – Игілік теміржол станциясына;

      Оңтүстік Қазақстан тасымалдау бөлімшесінің Сергиевка теміржол станциясы – Ынтымақ теміржол станциясына.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 қарашадағы
№ 787 қаулысына
2-қосымша

Атауларының транскрипциясы өзгертілуге тиіс теміржол станцияларының тізбесі Ақтөбе облысы бойынша

      Биршоғыр станциясы – Бершүгір станциясы;

      Кимперсай станциясы – Кемпірсай станциясы;

Алматы қаласы бойынша

      Алма-ата 1 станциясы – Алматы 1 станциясы;

      Алма-ата 2 станциясы – Алматы 2 станциясы;

Алматы облысы бойынша

      Талды-Курган станциясы – Талдықорған станциясы;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

      Семипалатинск станциясы – Семей станциясы;

      орыс тіліндегі мəтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мəтін өзгермейді;

Жамбыл облысы бойынша

      Чу станциясы – Шу станциясы;

      Бурное станциясы – Боранды станциясы;

      Чольдала станциясы – Шөлдала станциясы;

      Чайкурук станциясы – Шайқорық станциясы;

      Чебакты станциясы – Шабақты станциясы;

      Учбулак станциясы – Үшбұлақ станциясы;

      Акчулак станциясы – Ақшолақ станциясы;

      Татты станциясы – Тəтті станциясы;

      Чиганак станциясы – Шығанақ станциясы;

      Кошкентениз станциясы – Қашқантеңіз станциясы;

      Чокпар станция – Шоқпар станциясы;

Қостанай облысы бойынша

      Джаныспай станциясы – Жанысбай станциясы;

      Темир-Булак станциясы – Темірбұлақ станциясы;

      Кустанай станциясы – Қостанай станциясы;

Қызылорда облысы бойынша

      Саксаульская станциясы – Сексеуіл станциясы;

      Конту станциясы – Күнту станциясы;

      Аральское море станциясы – Арал теңізі станциясы;

      Арал-кум станциясы – Аралқұм станциясы;

      Чумыш станциясы – Шөміш станциясы;

      Камышлыбаш станциясы – Қамыстыбас станциясы;

      Бикбаули станциясы – Бекбауыл станциясы;

      Казалинск станциясы – Қазалы станциясы;

      Уинду станциясы – Үйінді станциясы;

      Кубек станциясы – Көбек станциясы;

      Майлибаш станциясы – Майлыбас станциясы;

      Бай-хожа станциясы – Байқожа станциясы;

      Тюратам станциясы – Төретам станциясы;

      Дюрменьтюбе станциясы – Диірментөбе станциясы;

      Хор-хут станциясы – Қорқыт станциясы;

      Урдазы станциясы – Ордазы станциясы;

      Джусалы станциясы – Жосалы станциясы;

      Ана-куль станциясы – Анакөл станциясы;

      Кизил-там станциясы – Қызылтам станциясы;

      Кара-кеткен станциясы – Қаракеткен станциясы;

      Джалагаш станциясы – Жалағаш станциясы;

      Терень-узяк станциясы – Тереңөзек станциясы;

      Кара-узяк станциясы – Қараөзек станциясы;

      Кзыл-орда станциясы – Қызылорда станциясы;

      Белкуль станциясы – Белкөл станциясы;

      Берказань станциясы – Бірқазан станциясы;

      Соло-тюбе станциясы – Сұлутөбе станциясы;

      Тартугай станциясы – Тартоғай станциясы;

      Чиили станциясы – Шиелі станциясы;

      Екпенды станциясы – Екпінді станциясы;

      Тюмень-арык станциясы – Төменарық станциясы;

      Буртескен станциясы – Бөрітескен станциясы;

      Беш-арык станциясы – Бесарық станциясы;

Маңғыстау облысы бойынша

      Мангышлак станциясы – Маңғыстау станциясы;

Павлодар облысы бойынша


      Ерментау станциясы – Ерейментау станциясы.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

      Чимкент станциясы – Шымкент станциясы;

      Кзыл-сай станциясы – Қызылсай станциясы;

      Кургасын станциясы – Қорғасын станциясы;

      Ченгельды станциясы – Шеңгелді станциясы;

      Чанак станциясы – Шанақ станциясы;

      Джилга станциясы – Жылға станциясы;

      Монтай-таш станциясы – Монтайтас станциясы;

      Уртабад станциясы – Отрабад станциясы;

      Кара-Кунгур станциясы – Қарақоңыр станциясы;

      Сары-агач станциясы – Сарыағаш станциясы;

      Арысь-1 станциясы – Арыс 1 станциясы;

      Арысь-2 станциясы – Арыс 2 станциясы;

      Пахтаарал станциясы – Мақтаарал станциясы;

      Джетысай станциясы – Жетісай станциясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады