Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 794 қаулысы

      Ауғанстан Ислам Республикасында қалыптасқан табиғи-климаттық жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық кұндылықтар броньнан шығарылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыны айқындасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ізгілік жүкті Ауғанстан Ислам Республикасындағы межелі пунктке дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 қарашадағы
№ 794 қаулысына
қосымша

Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар тізбесі

Р/с

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Мөлшері

1

2

3

4

1

2-сұрыпты бидай ұны

тонна

260

2

Жоғары сұрыпты бидай ұны

тонна

2 590

3

Ет консервілері

физикалық банка

847 139

4

Кептірілген көкөністер

тонна

40


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады