Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Заңда реттелетін қатынастар
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
3-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасы
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
5-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды мемлекеттік реттеу қағидаттары
6-бап. Мүдделер теңгерімі қағидаты
7-бап. Әділдік қағидаты
8-бап. Транспаренттілік қағидаты
9-бап. Өндірісті ынталандыру қағидаты
10-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру мақсаттары
2-БӨЛІМ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ННДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. Үкіметтің, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар құзыреті
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
12-бап. Уәкілетті органның құзыреті
13-бап. Салық саясатын қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
14-бап. Салық саясатын іске асыру жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
15-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
3-БӨЛІМ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ЖҰМЫС ІСТЕУІ ЖӘНЕ ТАРАТЫЛУЫ
3-тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы
16-бап. Арнайы экономикалық аймақты құру, арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту тәртібі
17-бап. Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттары
18-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға берілген өтінімді қарау рәсімі
19-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мәртебесінен айыру рәсімі
20-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар
21-бап. Тұлғалардың қосалқы қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу үшін ұсынатын құжаттары
22-бап. Тұлғаларға қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға рұқсат берудің негізі мен рәсімі
23-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында коммуналдық қызметтер көрсету
24-бап. Арнайы экономикалық аймақты тарату
25-бап. Арнайы экономикалық аймаққа қатысуға құқықтарды қайта беру
4-тарау. Индустриялық аймақтардың құрылуы және жұмыс істеуі
26-бап. Индустриялық аймақтардың түрлері
27-бап. Индустриялық аймақ құру туралы жалпы ережелер
28-бап. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру тәртібі
29-бап. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру тәртібі
30-бап. Жекеше индустриялық аймақты құру тәртібі
31-бап. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы ұсынысты қабылдамау үшін негіздер
32-бап. Индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту тәртібі
33-бап. Индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныстарды қабылдамау үшін негіздер
34-бап. Индустриялық аймақтардың жұмыс істеу жағдайлары
35-бап. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру
4-БӨЛІМ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ БАСҚАРУ
5-тарау. Бірыңғай үйлестіру орталығы
36-бап. Бірыңғай үйлестіру орталығының құқықтық жағдайы
37-бап. Бірыңғай үйлестіру орталығының өкілеттіктері
6-тарау. Арнайы экономикалық аймақтарды басқару
38-бап.Арнайы экономикалық аймақтың басқару органын құру
39-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының функциялары
40-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларды іріктеу
41-бап. Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
42-бап. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу
43-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметін қаржыландыру
44-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органын тарату
7-тарау. Индустриялық аймақтарды басқару
45-Индустриялық аймақтың басқару органын құру
46-бап. Индустриялық аймақтың басқару органының функциялары
47-бап. Индустриялық аймақ қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
48-бап. Индустриялық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу
49-бап. Индустриялық аймақтың басқару органының қызметін қаржыландыру
50-бап. Индустриялық аймақтың басқару органын тарату
5-БӨЛІМ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ ННДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ШАРТТАРЫ
8-тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың арнайы құқықтық режимі және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеу шарттары
51-бап. Арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі
52-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына және басқарушы компанияларына, индустриялық аймақтың басқарушы компанияларына салық салу
53-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендік реттеу
54-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар
55-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақта шетелдік жұмыс күшін тарту
56-бап. Арнайы. экономикалық және индустриялық аймақтың қатысушыларын құқықтық қорғау кепілдіктері
57-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
9-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
58-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
59-бап. Өтпелі ережелер
60-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Заңда реттелетін қатынастар
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы экономикалық аймақ - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын, дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі;
2) индустриялық аймақ - жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік қызметтің, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көлік логистикасы, қалдықтарды жинау саласындағы объектілерді орналастыру және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының өзге заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақ;
3) арнайы экономикалық аймақтың басқару органы - басқарушы компания, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік мекемесі немесе дербес кластерлік қор;
4) индустриялық аймақтың басқару органы - индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы;
5) арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының тізілімі, оны жүргізуді бірыңғай үйлестіру орталығы жүзеге асырады;
6) индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған барлық индустриялық аймақтардың түрлері бойынша тізілімі, оны жүргізуді бірыңғай үйлестіру орталығы жүзеге асырады;
7) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысы - жобаны іске асыруға мүдделі заңды тұлға;
8) арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысының, өтініш берушінің, арнайы экономикалық аймақ қатысушысының жобасы (бұдан әрі - жоба) - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістер мен көрсетілетін қызметтер құруды көздейтін іс-шаралар кешені;
9) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының қатысушылары үшін осы арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тыс қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға жол беріледі;
10) индустриялық аймақтың қатысушысы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен индустриялық аймақтың аумағында кәсіпкерлік қызмет объектілерін орналастыруды және пайдалануды жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға, онымен индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасады;
11) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы - осы Заңға сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;
12) "бір терезе" қағидаты - өтініш берушілердің құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтың аумағында мемлекеттік және өзге қызметтер көрсету нысаны;
13) инфрақұрылым объектілері - арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың жылу және электр энергиясын өндіру және (немесе) беру, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау, кәріз, көлік коммуникациясы, байланыс қызметтері объектілерінің және өзге де объектілердің құрамына кіретін объектілер;
14) қызметті жүзеге асыру туралы шарт - уәкілетті орган бекітетін үлгі нысан негізінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы немесе бірнеше қатысушысы мен арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқару органы арасында жасалатын, аумағында және (немесе) олардың құқықтық режимінде қызметті жүзеге асыру талаптары, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі белгіленетін шарт;
15) Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар жөніндегі бірыңғай үйлестіру орталығы (бұдан әрі - бірыңғай үйлестіру орталығы) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, міндеттері осы Заңға сәйкес арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инвестициялық тартымдылығын дамыту, ілгерілету және арттыру болып табылатын заңды тұлға;
16) қызметтің басым түрлері - уәкілетті орган айқындайтын, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері;
17) бірыңғай технологиялық процесс - қызметтің бір басым түрі шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық тұрғыдан өзара байланысты және жүйелі әрекеттердің (жұмыстардың) жиынтығы. Бірыңғай технологиялық процесс шеңберіндегі қызмет түрлерінің жиынтығы қызметтің басым түрінің ажырамас бөлігі болып табылады және онымен тұтастықты құрайды;
18) қызметтің қосалқы түрлері - арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары болып табылмайтын тұлғалар соның аумағында жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті қызмет түрлері;
19) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар - осы Заңға сәйкес қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылмайтын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;
20) өтініш беруші - арнайы экономикалық аймақтың басқару органына қызметтің басым немесе қосалқы түрлерін жүзеге асыруға арналған өтінімді не индустриялық аймақтың басқару органына индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған өтінімді беретін тұлға;
21) сарапшылық кеңес - осы Заңға сәйкес республикалық маңызы бар арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құрудың немесе таратудың орындылығы мәселелерін қарау үшін уәкілетті орган құратын тұрақты түрде әрекет ететін ведомствоаралық консультациялық-кеңесші орган. Сарапшылық кеңестің жұмыс органының функцияларын орындайтын уәкілетті орган сарапшылық кеңестің құрамын бекітеді;
22) уәкілетті орган - арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
23) арнайы комиссия - уәкілетті орган құрған және уәкілетті органның, салық саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі уәкілетті органдардың, кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың өкілдерінен тұратын, арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сәйкес келмейтін және (немесе) осы Заңға сәйкес аталған арнайы экономикалық аймақ үшін қызметтің басым түрлері тізбесінде көзделмеген қызмет түрлерін келісу бойынша өтінімдерін қарауды жүзеге асыратын тұрақты әрекет ететін комиссия. Арнайы комиссияның жұмысы үшін өзге де мүдделі тұлғалар тартылуы мүмкін;
24) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі - осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттарының жиынтығы;
25) кіші индустриялық аймақ - дайын өндірістік және басқа да, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін мультимедиялық ғимараттар (жай) орналасқан аумақ;
26) өңірлік үйлестіру кеңесі - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері немесе олардың орынбасарлары құратын және басқаратын, бизнес-қоғамдастық өкілдерінің жалпы санының кемінде елу пайызының қатысуымен, осы Заңға сәйкес функцияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асыратын консультациялық-кеңесші орган.
3-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату кезінде туындайтын қатынастардың субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
5-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды мемлекеттік реттеу қағидаттары
1. Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды мемлекеттік реттеу мүдделер теңгерімі, әділдік, транспаренттілік және ендірісті ынталандыру қағидаттарына негізделеді.
2. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасы осы Заңда көзделген қағидаттарға қайшы келмейді.
6-бап. Мүдделер теңгерімі қағидаты
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату кезінде туындайтын қатынастардың барлық субъектілерінің мүдделер теңгерімін көздейді.
Осы Заң мақсаттары үшін мүдделер теңгерімі деп тараптардың құқықтары мен міндеттері мөлшерлес және тараптар өздерінің заңды мүдделерін іске асыру үшін тең мүмкіндіктерге ие құқықтық қатынастың жай-күйі түсініледі.
7-бап. Әділдік қағидаты
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларына аумақтарында қызметті жүзеге асыру үшін талаптарды сақтаған жағдайда осындай қызметті жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктер беріледі.
8-бап. Транспаренттілік қағидаты
Транспаренттілік қағидатының мәні арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құруда анық, ашық және жария рәсімдерді, аумағында жаңа қатысушылардың қызметін жүзеге асыру және қатысушылардың қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат беруді қамтамасыз ету болып табылады.
9-бап. Өндірісті ынталандыру қағидаты
Өндірісті ынталандыру қағидатының мәні отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өнім берушілеріне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтіндей шамада қолдау көрсету болып табылады.
10-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру мақсаттары
1. Арнайы экономикалық аймақ қазіргі заманғы өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, қызметтер көрсетудің сапа жағынан жаңа деңгейін қалыптастыру, экономика салаларына және өңірлерге инвестициялар, жаңа технологиялар тарту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында құрылады.
2. Индустриялық аймақ өңірлерде кәсіпкерлікті дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
2-БӨЛІМ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. Үкіметтің, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар құзыреті
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
1) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) арнайы экономикалық аймақты құру және тарату туралы шешім қабылдау;
3) арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарын айқындау;
4) арнайы экономикалық аймақ туралы ережені бекіту;
5) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын құру туралы шешім қабылдау;
6) бірыңғай үйлестіру орталығын айқындау;
7) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына қатысу;
8) халықаралық, өңірлік стандарттар, шет мемлекеттердің стандарттары және арнайы экономикалық аймақтардың аймағындағы тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттары қолданылуы мүмкін, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары іске асыратын жобаларды іріктеу тәртібін айқындау;
9) өзіне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
12-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
1) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және тарату саласындағы мемлекеттік органдардың және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды басқару органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
3) салық саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі уәкілетті органдардың келісуі бойынша арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын қызметтің басым түрлерінің тізбелерін әзірлеу және бекіту;
4) республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құруды келісу;
5) жасасу (қолдану) қажеттілігі осы Заңда белгіленген үлгілік шарттар мен құжаттардың нысандарын:
арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын, жеке және мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша жер пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарттарын;
арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын, жеке және мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі жер пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарын;
қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарттарды;
арнайы экономикалық аймақты басқару органының функцияларын басқарушы компанияның тиісінше орындауы жөніндегі үлгілік шарттарды;
арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеу үшін өтінім мен сауалнама нысанын;
арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тұлғаның тіркелуін куәландыратын куәлік нысанын әзірлеу және бекіту;
6) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамаларына қойылатын талаптарды бекіту;
7) сарапшылық кеңес туралы ережені бекіту;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақты құру немесе тарату туралы ұсыныстар енгізу;
9) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтың басқару органының есептілікті ұсынуы тәртібі мен кезеңділігін айқындау;
10) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін бағалау;
11) жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы талдамалық ақпарат беру;
12) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар үшін жобаларды іріктеудің тәртібі мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
13) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
14) құзырет шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар құруды жоспарлауға қатысу;
15) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметі тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін келісу;
16) республикалық маңызы бар барлық арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар үшін жыл сайынғы нысаналы индикаторларды қамтитын даму стратегияларын келісу;
17) арнайы экономикалық аймақты басқарушы компаниямен арнайы экономикалық аймақты басқару органының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шарт жасау;
18) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтарды басқару органының жер учаскелерін тиісінше арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ қатысушылары арасында бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген езге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
13-бап. Салық саясатын қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне:
1) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы және жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;
3) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін келісу;
4) уәкілетті органның арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыру үшін рұқсат етілген басым қызмет түрлерінің тізбесін айқындау туралы актісін келісу;
5) арнайы комиссияның жұмысына қатысу;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
14-бап. Салық саясатын іске асыру жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне:
1) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы және жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;
3) уәкілетті органның арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыру үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін айқындау туралы актісін келісу;
4) арнайы комиссияның жұмысына қатысу;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының езге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
15-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
1) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) осы Заңда белгіленген тәртіппен шешім қабылдау және индустриялық аймақты құруды келісу;
3) жеке индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамасын тиісті елді мекен пунктінің бас жоспарына және экологиялық заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан келісу;
4) уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақтар туралы ережелерді бекіту;
5) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтар туралы ережелерді бекіту;
6) уәкілетті органға келісу үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтарды құру туралы ұсыныс енгізу;
7) индустриялық аймақтарды дамыту жоспарларының жобасын әзірлеу;
8) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына қатысу немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын айқындау;
9) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтарды орналастыру үшін жер учаскелерін беру және басқарушы компаниялармен, дербес кластерлік қормен жер учаскелерін және бюджет қаражаты есебінен салынған инфрақұрылым объектілерін жер пайдалану шарттарын жасасу;
10) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларын тарту;
11) экономикалық немесе индустриялық аймақтар қатысушыларының қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын орындауына мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ осы мониторинг деректерін талдау;
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2. Астананың жергілікті атқарушы органының құзыретіне қосымша:
1) мемлекеттік органдар мен "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуі мен таратылуы саласындағы арнайы экономикалық аймақтың басқару органының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
2) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының қатысушыларын есепке алуды жүргізу жатады.
3-БӨЛІМ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, ЖҰМЫС ІСТЕУІ ЖӘНЕ ТАРАТЫЛУЫ
3-тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы
16-бап. Арнайы экономикалық аймақты құру, арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын озгерту тәртібі
1. Арнайы экономикалық аймақты құруға мүдделі орталық немесе жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес ресімделген арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ұсына отырып, арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынысты уәкілетті органға енгізеді.
2. Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның орындылығын қарайды және арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасының уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкестігін тексереді және қабылданған шешім туралы өтініш берушіге жазбаша негізделген жауап жібереді.
Арнайы экономикалық аймақ құру тұжырымдамасы көрсетілген талаптарға сәйкес келген кезде уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынысты сарапшылық кеңестің қарауына осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім ішінде жіберуге тиіс.
Сарапшылық кеңес арнайы экономикалық аймақты құру туралы уәкілетті орган ұсыныс енгізген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытынды әзірлейді.
3. Уәкілетті орган сарапшылық кеңестің өз қорытындысынан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде айқындалған тәртіппен арнайы экономикалық аймақты құру туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірлеуді және Үкіметтің қарауына енгізуді қамтамасыз етеді.
4. Сарапшылық кеңес мынадай жағдайларда:
1) арнайы экономикалық аймақты құру орынсыз болған;
2) арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныс мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген;
3) ұсынылған материалдар толық немесе дұрыс болмаған;
4) ұсыныс қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау қажет болған, тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылу және бүліну қаупі туындаған және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайларында арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты қабылдамайды.
Арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсынысты қабылдамау кейіннен арнайы экономикалық аймақты құру туралы ұсыныспен жүгінуге кедергі болып табылмайды.
5. Арнайы экономикалық аймақты құру туралы шешімді қабылдауды, оның ережесі мен жұмыс істеуінің нысаналы индикаторларын бекітуді Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
Қызметінің басым түрлерін уәкілетті орган салық саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді.
6. Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгертуге мүдделі орталық немесе жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгертудің негіздемесін (қаржылық-экономикалық есеп-қисаптарды) ұсына отырып, уәкілетті органға енгізеді.
Ұсынысты бірнеше заңды тұлға бірлесіп беруі мүмкін.
7. Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныстың орындылығы туралы мәселені уәкілетті орган осындай ұсыныс енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Уәкілетті орган:
1) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген;
2) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау қажет болған, тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылу және бүліну қатері туындаған, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз еткен;
4) арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс негізсіз болған;
5) арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режим қолданылатын аумақтағы жерлерден шығарылуға жататын жер учаскесінде оның инфрақұрылым объектілері не осы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы аумағында қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланатын жер учаскелері болған жағдайларда, арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты қабылдамайды.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты қабылдамау арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныспен кейіннен жүгінуге кедергі болып табылмайды.
8. Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгертудің орындылығы туралы шешімді уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органымен келісе отырып қабылдайды.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақтың аумағы шекарасының және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты енгізеді.
Арнайы экономикалық аймақ аумағының шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
10. Арнайы экономикалық жердің алаңын азайту кезінде босатылатын жерді жер санаттарына жатқызу Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
17-бап. Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу шарттары
1. Арнайы экономикалық аймақ оның қатысушыларының техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышының белгілі бір бөліміне сәйкес келетін қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруы үшін жиырма бес жылға дейінгі мерзімге құрылады.
2. Арнайы экономикалық аймақтар мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде не Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерінің меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жер учаскелерінде құрылады.
Арнайы экономикалық аймақтар азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі жер учаскелерінде де құрылады.
3. Қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға, инфрақұрылым объектілерінің құрылысына, сондай-ақ қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға арналған, арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына, дербес кластерлік қорға арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне уақытша өтеулі жер пайдалануға беріледі.
Басқарушы компания, дербес кластерлік қор қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына және (немесе) қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын адамдарға жер учаскелерін осы Заңға сәйкес жасалатын қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың негізінде өтеусіз негізде береді.
Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларына беру үшін жер учаскелерін бөлуді Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы немесе дербес кластерлік қор жүзеге асырады.
Қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың басқару органы жер учаскесінің арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жобасын іске асыру үшін көзделген бөлігін онда айқындалған кезеңдерге сәйкес резервке қоюға міндетті. Бүл ретте осылайша резервке қойылған жер учаскелерін басқару органы өзімен осы шарт жасалған арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы жобаны кезең-кезеңмен іске асыру міндеттемелерін орындамаған жағдайларды қоспағанда, оның келісуінсіз өзге тұлғаларға кейінгі жер пайдалануға беруі немесе езге түрде иеліктен шығаруы мүмкін емес.
Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде бюджет қаражаты есебінен толық немесе ішінара құрылған инфрақұрылым объектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарушы компанияға, дербес кластерлік қорға жалға, сенімгерлікпен басқаруға, сондай-ақ жарғылық капиталды толықтыру есебінен берілуі мүмкін.
Қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға және (немесе) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына басқарушы компания, дербес кластерлік қор қайтадан жер пайдалануға (қосалқы жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде бюджет қаражаты есебінен толық немесе ішінара құрылған инфрақұрылым объектілері уақытша өтеулі пайдалануға берілуі мүмкін.
4. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жер учаскелері арнайы бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілуге тиіс.
Инфрақұрылым объектілерін салуды немесе реконструкциялауды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары немесе қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар өздеріне берілген жер учаскесінің аумағында өздеріне қажетті инфрақұрылым объектілерін салуды өз қаражаты есебінен жүзеге асыруға құқылы.
5. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын, қызметтің басым және (немесе) қосалқы түрлерін жүзеге асыруға арналған жеке меншіктегі жер учаскелерін олардың меншік иелері басқарушы компанияға арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдалану (жалдау) шартына сәйкес уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) бере алады.
Басқарушы компания арнайы экономикалық аймақ құрылатын, қызметтің басым және (немесе) қосалқы түрлерін жүзеге асыруға арналған жеке меншіктегі жер учаскелерін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына немесе қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шартына сәйкес уақытша өтеулі кейінгі пайдалануға (қосалқы жалға) беруге құқылы.
Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдалану (жалдау) және арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шарттары тиісінше арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалдаудың) және арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгі шарттарына сәйкес жасалады.
Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдалану (жалдау) және арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі кейінгі пайдалану (қосалқы Жалдау) шарттарының мерзімдері арнайы экономикалық аймақ құрылатын мерзімнен аспауға тиіс.
Жер учаскесінің меншік иесі осы Заңның талаптарына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте, жер учаскесінің меншік иесімен арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдалану (жалдау) шарты жасалмайды.
6. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының ережелері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының жеке меншігіндегі жер учаскелеріне қолданылмайды.
7. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде:
1) мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсетуді;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін "бір терезе" қағидаты қолданылады.
8. "Бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды арнайы экономикалық аймақтың аумағында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
9. Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор және арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары немесе қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар арасында жасалатын қызметті жүзеге асыру туралы шартта және уақытша өтеулі жер пайдалану (кейінгі жер пайдалану) шартында міндетті талап ретінде арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары немесе қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру үшін қажетті объектілерді салуды және пайдалануға енгізуді жүзеге асыруға тиіс мерзімдер көрсетілген.
18-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға берілген өтінімді қарау рәсімі
1. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының қызметі қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады, оны жасау үшін өтініш беруші арнайы экономикалық аймақтың басқару органына осы бапқа сәйкес өтініш береді.
2. Өтініш берушілерге:
1) жер қойнауын пайдаланушылар;
2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 279-бабының 5 және
6) тармақшаларында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар;
3) арнайы салық режимдерін қолданатын ұйымдар;
4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) қолданысқа енгізілгенге дейін көзделген инвестициялық салық преференцияларын қолданатын (қолданған) ұйымдар;
5) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымдар;
6) ойын бизнесін ұйымдастырушылар жатпайды.
3. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру үшін өтінімге қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштегі мынадай құжаттар:
1) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
5) заңды тұлғаның жоғары органының арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі;
6) өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы есептік күнге қаржылық есептіліктің көшірмесі;
7) жобаның уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін техникалық-экономикалық негіздемесі;
8) қызмет көрсететін банктің өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы (картотеканың болмауы туралы) үзінді жазбасы және кредиттік тарихта бар толық немесе ішінара ақпарат туралы мәліметтер қамтылған кредиттік бюродан алынатын кредиттік есеп;
9) тіркеу есебіне қою орны бойынша мемлекеттік кіріс органынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болуы немесе болмауы туралы анықтама қоса беріледі.
Егер заңды тұлға құжаттарды берген кезде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуде жоқ екендігі туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады.
Шетелдік заңды тұлғалар осы тармақтың 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген заңдастырылған құжаттарды, сауда тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынады.
4. Өтініш беруші өтінім берген кезде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы:
1) өтінімді ол берілген күні өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуге және бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастыруға;
2) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексеруге міндетті.
5. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінімді жобаларды іріктеу тәртібі мен өлшемшарттарына сәйкес қарайды.
6. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мәлімделген қызмет түрінің және (немесе) бірыңғай технологиялық процесс шеңберіндегі қызмет түрлерінің арнайы экономикалық аймақты құрудың мақсаттарына, қызметтің басым түрлеріне, өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттардың осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, өтініш берушіге қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.
Қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасаудан бас тарту туралы шешімді оны қабылдаудың негіздемесімен бірге арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша түрде жіберуге және бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Бұл ретте өтініш беруші уәкілетті орган арқылы арнайы комиссияға қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызмет түрін енгізу туралы өтінішімен оның ішінде ол арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келмеген жағдайда жүгінуге құқылы.
Мұндай өтінішті уәкілетті орган арнайы комиссияның қарауына уәкілетті органға келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде шығарылады. Өтінішті қарауды және ол бойынша шешім қабылдауды уәкілетті орган бекіткен арнайы комиссия туралы ережеге сәйкес арнайы комиссия жүзеге асырады.
7. Мәлімделген қызмет түрлері, оның ішінде бірыңғай технологиялық процесс шеңберіндегі қызмет түрлері қызметтің басым түрлеріне және өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келген кезде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасады.
8. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған кезден бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай үйлестіру орталығына және мемлекеттік кіріс органдарына қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін жібереді және қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасау туралы ақпаратты бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастырады.
9. Бірыңғай үйлестіру орталығы қызметті жүзеге асыру туралы шарттың кешірмесін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне өтініш беруші туралы мәліметтерді енгізеді және уәкілетті орган айқындаған тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тұлғаның тіркелуін растайтын куәлікті береді.
Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне мәліметтер енгізілген күннен бастап өтініш беруші арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы деп танылады, бүл туралы бірыңғай үйлестіру орталығы арнайы экономикалық аймақтың басқару органын хабардар етеді. Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне өтініш берушіні енгізу туралы ақпарат бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.
10. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тұлғаның тіркелуін куәландыратын куәлікті алғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асырған кезде салықтық жеңілдіктерді алуға құқылы.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы арнайы экономикалық аймақтың шегінен тыс жерде қызметтің басым түрлерін және қызметтің өзге түрлерін олардың бөлек жеке есебі жүргізілу шартымен ғана жүзеге асыруға құқылы.
11. Мемлекеттік кіріс органдары қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын есепке алуды жүзеге асырады.
12. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылуы:
1) арнайы экономикалық аймақ таратылған;
2) қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі аяқталған немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы мемлекеттік кіріс органдарын қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қызметті жүзеге асыру туралы шарт қолданысының тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
13. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде ез жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес келетін мөлшерде қаржылық қамтамасыз етудің болуын растауға міндетті.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы қаржылық қамтамасыз етуі мынадай тәсілдермен:
1) ақшамен;
2) банктік кепілдікпен;
3) кепілгерлікпен;
4) мүлік кепілімен;
5) сақтандыру шартымен қалыптастырылады.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы қаржылық қамтамасыз ету тәсілдерінің кез келгенін, оның ішінде екі немесе бірнеше тәсілді үйлестіру арқылы таңдауға құқылы.
19-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мәртебесінен айыру рәсімі
1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы осы Заңның 18-бабы 13-тармағында көзделген талаптарды сақтамаған жағдайда арнайы экономикалық аймақтың мұндай қатысушысымен қызметті жүзеге асыру туралы шарт осы Заңда және қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген тәртіппен бұзылуға жатады
2. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған талаптарды бұзған жағдайда, қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзады. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының міндеттемелерді орындамағаны анықталған кезде уәкілетті орган белгілейтін нысан бойынша тиісті актілер жасалады.
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді орындамағаны туралы және бұзушылықтарды күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде жою қажеттігі туралы хабардар етеді.
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы көрсетілген ескертулерді жою жөнінде шаралар қабылдамаған жағдайда, арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын қызметті жүзеге асыру туралы шартты және (немесе) жер учаскесін уақытша пайдалану шартын біржақты тәртіппен бұзу туралы кемінде он жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
3. Қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы бүл жөнінде арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын, мемлекеттік кіріс органдарын, бірыңғай үйлестіру кеңесін, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарын хабардар етеді.
20-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптар
1. Қызметтің қосалқы түрлері арнайы экономикалық аймақты басқару органымен және (немесе) арнайы экономикалық аймақ қатысушысымен жасалатын қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар мынадай талаптарға сай болуға:
1) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндіруші болып табылуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелуге тиіс.
21-бап. Тұлғалардың қосалқы қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу үшін ұсынатын құжаттары
1. Осы Заңның 20-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес болған кезде арнайы экономикалық аймақты басқару органын қоспағанда, қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар арнайы экономикалық аймақты басқару органына қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алуға өтінім береді.
2. Өтінімге уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі құжаттар қоса беріледі.
22-бап. Тұлғаларға қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға рұқсат берудің негізі мен рәсімі
1. Қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат беруге арналған өтінім келіп түскен кезде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы:
1) ұсынылған құжаттардың уәкілетті орган бекіткен құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді;
2) өтінімдерді тіркеу журналына өтінімді тіркейді. Өтінімнің тіркелген күні оның берілген күні болып табылады.
2. Ұсынылған құжаттар уәкілетті орган бекіткен құжаттар тізбесіне сәйкес келген жағдайда, арнайы экономикалық аймақты басқару органы өтінім тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасайды және бұл туралы әрекет ету аймағында арнайы экономикалық аймақ орналасқан мемлекеттік кірістер органын тұлғаға арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға рұқсат беру туралы хабардар етеді.
3. Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар мұндай құқықты алу үшін жекелеген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындау үшін арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен шарт жасай алады.
4. Ұсынылған құжаттар уәкілетті орган бекіткен құжаттар тізбесіне сәйкес келмеген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқару органы өтінім тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімді қайтарады. Өтінімді қайтару тұлғаны жіберілген кемшіліктерді жойғаннан кейін басқарушы компанияға қайтадан өтініммен жүгіну құқығынан айырмайды.
23-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында коммуналдық қызметтер көрсету
Арнайы экономикалық аймақтың аумағын электрмен, жылу энергиясымен, газбен, сумен жабдықтауды жүзеге асыратын және коммуналдық қызметтер көрсететін өнім берушілер осындай қызметтер көрсетілетін өзге де тұтынушыларға ұсынылатын қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
24-бап. Арнайы экономикалық аймақты тарату
1. Арнайы экономикалық аймақ осы арнайы экономикалық аймақ құрылған мерзім аяқталған соң таратылады. Арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы экономикалық аймақты құру туралы тиісті актісімен айқындалады.
2. Арнайы экономикалық аймақ таратылғаннан кейін арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының және арнайы экономикалық аймақтың аумағында жер учаскелерін өтеулі уақытша жер пайдалану құқығы тиесілі,
3. сондай-ақ қызметті жүзеге асыру туралы шарттар бойынша жер учаскелері берілген қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асырған тұлғалардың Қазақстан Республикасының шекаралық аймағы мен шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелерін беру үшін көзделген шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен осы жер учаскелерін сату кезінде оларды сатып алудың басым құқығы болады.
4. Бұл ретте мұндай арнайы экономикалық аймақ республикалық маңызы бар индустриялық аймақ мәртебесіне ие болады, ал басқару органы индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына қайта өзгертілуге тиіс.
25-бап. Арнайы экономикалық аймаққа қатысуға құқықтарды қайта беру
1. Осы баптың мақсаттары үшін арнайы экономикалық аймаққа қатысуға құқық деп арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелген және арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығы түсініледі.
2. Қатысушы заңды тұлға біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде қатысуға құқық біріктіру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлға осы Заңда айқындалған тәртіппен қайта ресімделуге жатады. Сол бір қызметтің басым түрін жүзеге асыратын бірнеше қатысушы заңды тұлғаны біріктірген кезде біріктіру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қайта ресімдеуге қатысушылардың таңдауы бойынша тек бір қатысушы заңды тұлға ғана жатады.
3. Қатысушы заңды тұлғаны қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде мұндай заңды тұлға, қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны үшін арнайы экономикалық аймақта қандай да бір қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, осы Заңда айқындалған тәртіппен қайта ресімделуге жатады.
4. Қатысушы заңды тұлғаны басқа заңды тұлғамен қосу нысанында қайта ұйымдастырған кезде соңғысы арнайы экономикалық аймаққа қатысуға осы Заңда айқындалған тәртіппен қайта өтінім береді, ал қатысушы заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мәртебесінен айырылады. Егер қосылатын заңды тұлға және қосылатын заңды тұлғаны өзіне қосып алған заңды тұлға сол бір қызмет түрін жүзеге асыратын болса және екеуі де арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары болып табылса, басқа қатысушы заңды тұлғаны өзіне қосып алатын қатысушы заңды тұлғаны қайта ресімдеу жүргізілмейді.
5. Қатысушы заңды тұлғаны бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастырған кезде онда бар арнайы экономикалық аймаққа қатысу құқығы бөліп шығару жүргізілген заңды тұлғаның келісімі болған кезде, бөлініп шыққан заңды тұлғаның арнайы экономикалық аймақта қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қойылатын талаптарға сәйкестігі расталған жағдайда ғана қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлғаның біреуіне қайта ресімделуге жатады.
Қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлға осы тармақта көзделген негіз бойынша арнайы экономикалық аймаққа қатысуға құқықты қайта ресімдеуге өтініш беруші болып табылады.
Қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға арнайы экономикалық аймаққа қатысуға құқықты қайта ресімдеу кезінде өтініш беруші осы Заңның 18-бабының 3-тармағында көзделген, арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру үшін өтініш беруші ұсынатын құжаттардан басқа, арнайы экономикалық аймақта қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қойылатын талаптарға езінің сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығару жүргізілген заңды тұлғаның арнайы экономикалық аймаққа қатысуға құқықты бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімін ұсынады.
Қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға арнайы экономикалық аймаққа қатысуға құқықты қайта ресімдеу туралы өтінішті өтініш беруші бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру аяқталған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
Арнайы экономикалық аймақты басқару органы осы Заңның 18-бабының 3-тармағында, осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, сондай-ақ өтініш беруші арнайы экономикалық аймақта қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, арнайы экономикалық аймаққа қатысуға құқықты осы тармақта көзделген негіз бойынша бастамашылық жасалған қайта ресімдеуден бас тартады.
6. Қатысушы заңды тұлғаны бөлу нысанында қайта ұйымдастырған кезде онда бар арнайы экономикалық аймаққа қатысу құқығы қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған осы заңды тұлғаның арнайы экономикалық аймақта қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қойылатын талаптарға сәйкестігі расталған жағдайда, бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаның біреуіне қайта ресімделуге жатады.
Бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың біреуі осы тармақта көзделген негіз бойынша арнайы экономикалық аймаққа қатысуға құқықты қайта ресімдеуге өтініш беруші болып табылады.
Бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың біріне арнайы экономикалық аймаққа қатысуға құқықты қайта ресімдеу үшін өтініш беруші осы Заңның 18-бабының 3-тармағында көзделген құжаттардан басқа, арнайы экономикалық аймақта қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қойылатын талаптарға езінің сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
Бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың біріне арнайы экономикалық аймаққа қатысуға құқықты қайта ресімдеу туралы өтінішті өтініш беруші бөлу нысанында қайта ұйымдастыру аяқталған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
Арнайы экономикалық аймақты басқару органы мынадай:
1) осы Заңның 18-бабының 3-тармағында және осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген;
2) өтініш беруші арнайы экономикалық аймақта қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
3) егер арнайы экономикалық аймаққа қатысуға құқық заңды тұлғаларды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген жағдайда, арнайы экономикалық аймаққа қатысуға құқықты осы тармақта көзделген негіз бойынша бастамашылық жасалған қайта ресімдеуден бас тартады.
7. Арнайы экономикалық аймақты басқару органы өтініш берушінің осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген негіздер бойынша арнайы экономикалық аймаққа қатысу құқығын қайта ресімдеуге құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда арнайы экономикалық аймақты басқару органы көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады. Өтінішті қараудан бас тарту арнайы экономикалық аймаққа қатысуға құқықты қайта ресімдеуге өтініш берушінің қайтадан жүгінуі үшін кедергі болып табылмайды.
4-тарау. Индустриялық аймақтардың құрылуы және жұмыс істеуі
26-бап. Индустриялық аймақтардың түрлері
Индустриялық аймақтар мынадай түрлерге бөлінеді: республикалық маңызы бар индустриялық аймақ, өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ жекеше индустриялық аймақ және шағын индустриялық аймақ.
27-бап. Индустриялық аймақ құру туралы жалпы ережелер
1. Қаржыландырылуы республикалық бюджеттен толық не ішінара жүзеге асырылатын индустриялық аймақтар республикалық маңызы бар индустриялық аймақтар болып табылады және уәкілетті органның келісуімен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша құрылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, қаржыландырылуы жергілікті бюджеттен толық не ішінара жүзеге асырылатын индустриялық аймақтар өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтар болып табылады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша құрылады.
3. Жергілікті атқарушы органдар осы баптың 1 немесе 2-тармақтарында көзделген индустриялық аймақ құрылған кезден бастап 20 жұмыс күні ішінде бұл туралы бірыңғай үйлестіру орталығына хабарлайды.
4. Жекеше индустриялық аймақты мемлекеттік емес заңды тұлғалар не жеке тұлғалар өз қаражаты, жеке инвестициялар, қарыздар есебінен құрады.
Бұл ретте заңды немесе жеке тұлғалар - жекеше индустриялық аймақтардың меншік иелері бұл туралы индустриялық аймақ құрылған кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде бірыңғай үйлестіру орталығына хабарлайды.
5. Шағын индустриялық аймақ уәкілетті орган айқындаған тәртіппен құрылады және жұмыс істейді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін дайын, оның ішінде модульдік, өндірістік және өзге де ғимараттары (үй-жайлары) орналасқан жекелеген аумақты көздейді.
6. Республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтар құру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке инвестициялар тартылуы мүмкін.
7. Индустриялық аймақтың аумағындағы оның мәртебесіне байланысты барлық мәмілелер индустриялық аймақты уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бірыңғай-үйлестіру орталығы жүргізетін бірыңғай индустриялық аймақтар тізіліміне енгізгеннен кейін жарамды болып табылады.
8. Қатысушыларға индустриялық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға рұқсат ету индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы мен индустриялық аймақтың қатысушылары арасында жасалатын шарттар негізінде жүргізіледі.
Мұндай шарттар нысанын уәкілетті орган бекітетін үлгілік шарт негізінде жасалады. Индустриялық аймақтардың барлық қатысушыларына, олардың түрлеріне қарамастан, жасалған шарттардың тұрақтылығына олардың талаптарына сәйкес кепілдік беріледі.
Шарттың үлгілік нысаны индустриялық аймақтардың барлық түрлері үшін міндетті және өзгермейтін жағдайлар мен тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін жағдайларды көздейді.
28-бап. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру тәртібі
1. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы ұсынысты уәкілетті органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы индустриялық аймақты құру тұжырымдамасын ұсына отырып енгізеді.
2. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы ұсынысқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері, орталық мемлекеттік органдар мен олардың бөлімшелері, жергілікті өкілді органдар, жергілікті' өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар бастама жасауы мүмкін. Мұндай ұсыныстар республикалық маңызы бар индустриялық аймақты болжалды құру орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарауына енгізіледі және "Әкімшілік рәсімдер туралы" және "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.
Көрсетілген ұсыныстар қаралғаннан кейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті жер болған жағдайда осы баптың 1-тармағына сәйкес уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
3. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру тұжырымдамасы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес ресімделеді және мыналарды:
1) индустриялық аймақты құру мақсаттарын;
2) индустриялық аймақ қатысушыларының жобаларын іріктеу өлшемшарттарының тізбесін;
3) болжалды қаржылық-экономикалық және әлеуметтік салдарды;
4) тұжырымдамада көзделген іс-шаралардың мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі туралы деректерді;
5) индустриялық аймақтың болжалды орналасу схемасын;
6) коммуникациялар объектілерінің қолжетімділігі туралы деректерді;
7) іс-шараларды іске асыруға қаржыландыру көлемі мен тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігінің есептемелерін;
8) индустриялық аймақты дамыту жоспарының жобасын қамтуға тиіс.
4. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы ұсыныс келісу үшін енгізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құрудың тұжырымдамасын осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті орган қорытындыны қалыптастырады және оны жергілікті атқарушы орган ұсынған барлық басқа құжаттарды қоса тіркеп, сарапшылық кеңеске жібереді.
5. Сарапшылық кеңес осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар оның қарауына енгізілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде индустриялық аймақты құрудың мақсатқа лайықтығы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты мен заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптаманы жүзеге асырады және оның барлық мүшелерінің пікірлерін және уәкілетті органның қорытындысын ескере отырып, сараптама қорытындысының нәтижесі бойынша өз қорытындысын дайындайды.
6. Сарапшылық кеңес оң қорытынды шығарғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құруға жазбаша келісімін береді.
Мұндай келісім облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы шешім шығаруы үшін негіз болып табылады.
7. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы шешім шығарылғаннан кейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы республикалық маңызы бар индустриялық аймақты болжалды құру жері бойынша индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы құрылады немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы айқындалады және Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген тәртіппен жер учаскесі ресімделеді.
8. Тиісті жергілікті атқарушы орган индустриялық аймақты орналастыруға жер учаскесі берілген кезден бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай үйлестіру орталығына бұл туралы хабарлайды.
29-бап. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру тәртібі
1. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы шешімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.
Шешім қабылдаумен қатар тиісті жергілікті атқарушы орган өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру тұжырымдамасын жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында орналастыра отырып әзірлейді.
2. Индустриялық аймақты құру тұжырымдамасы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес ресімделеді және мыналарды:
1) индустриялық аймақты құру мақсаттарын;
2) индустриялық аймақтың жобаларын іріктеу өлшемшарттарының тізбесін;
3) қоршаған ортаға әсер етуді бағалауды;
4) болжалды қаржылық-экономикалық және әлеуметтік салдарды;
5) индустриялық аймақтың орналасу схемасын;
6) тұжырымдамада көзделген іс-шаралардың мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі туралы деректерді;
7) іс-шараларды әрбір компонент бөлігінде іске асыруға қаржыландыру көлемі мен тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігінің есептеулерін;
8) индустриялық аймақты және оның инфрақұрылымын дамыту жоспарының жобасын қамтуға тиіс.
3. Жергілікті бюджеттен өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құруды қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің жобасы міндетті түрде тиісті жергілікті атқарушы органның қоғамдық кеңесіне қарауға жіберіледі.
5. Өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы шешім шығарылғаннан кейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты болжалды құру жері бойынша индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын құрады және Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген тәртіппен жер учаскесі ресімделеді.
6. Тиісті жергілікті атқарушы орган индустриялық аймақты орналастыруға жер учаскесі берілген кезден бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай үйлестіру орталығына бұл туралы хабарлайды.
30-бап. Жекеше индустриялық аймақты құру тәртібі
1. Жекеше индустриялық аймақтарды жекеше индустриялық аймақ мәртебесін беру жоспарланатын жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын, сондай-ақ олардың аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті осы жер учаскелеріндегі инфрақұрылымның меншік иелері болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалар не жеке тұлғалар құрады.
2. Жекеше индустриялық аймақтардың меншік иелері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен мыналарды:
1) индустриялық аймақты құру мақсатын;
2) қоршаған ортаға әсердің бағасын;
3) индустриялық аймақтың болжалды орналасу схемасын қамтитын жекеше индустриялық аймақты құрудың тұжырымдамасын міндетті түрде келіседі.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жекеше индустриялық аймақты құрудың тұжырымдамасы келіп түскен кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тұжырымдаманы тиісті елді мекен құрылысының бас жоспарына және экологиялық заңнама талаптарына сәйкестігі нысанасына қарайды.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органымен жекеше индустриялық аймақты құрудың тұжырымдамасы келісілгеннен кейін жекеше индустриялық аймақтың меншік иесі оның индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын жүзеге асыруы үшін заңды тұлғаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе акционерлік қоғам нысанында тіркеуге немесе айқындауға тиіс.
5. Жекеше индустриялық аймақтардың меншік иелері жекеше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын тіркеген кезден бастап
жиырма жұмыс күні ішінде бірыңғай үйлестіру орталығына бұл туралы хабарлайды.
6. Жекеше индустриялық аймақтардың басқарушы компаниялары индустриялық аймақтардың қатысушыларымен қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды тек осы Заңның 27-бабының 8-тармағына сәйкес қана жасасуға тиіс.
31-бап. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы ұсынысты қабылдамау үшін негіздер
1. Уәкілетті орган мынадай:
1) индустриялық аймақты құру орынсыз болған;
2) индустриялық аймақты құру туралы ұсыныс мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген;
3) ұсынылған материалдар толық және (немесе) дұрыс болмаған;
4) ұсыныс қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау қажет болған, тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылу және бүліну қаупі туындаған және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз еткен;
6) бірыңғай үйлестіру орталығының, Республикалық бюджет комиссиясының, сарапшылық кеңестің теріс қорытындылары болған жағдайларда республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы ұсынысты қабылдамайды.
2. Республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы ұсынысты қабылдамау республикалық маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы ұсыныспен кейіннен қайта жүгіну үшін кедергі болып табылмайды.
32-бап. Индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту тәртібі
1. Индустриялық аймақтар аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты:
1) республикалық маңызы бар индустриялық аймақтар бойынша - уәкілетті органға облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы;
2) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтар бойынша - облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгертуге мүдделі заңды немесе жеке тұлғалар енгізеді. Жерге құқық белгілейтін құжаттар ресімделгеннен кейін облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы бірыңғай үйлестіру орталығын жүргізілген өзгерістер туралы хабардар етеді.
2. Индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту оның меншік иесінің шешімі бойынша жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Жерге құқық белгілейтін құжаттар ресімделгеннен кейін жекеше индустриялық аймақтың меншік иесі бірыңғай үйлестіру орталығын жүргізілген өзгерістер туралы хабардар етеді.
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысқа мыналар:
1) негіздеулер мен қаржылық-экономикалық есептеулерді қамтитын, ұсынылатын өзгерістердің тұжырымдамасы;
2) қоршаған ортаға әсердің бағасы қоса беріледі.
4. Осы баптың 1-тармағында көзделген индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгертудің орындылығы туралы мәселе мұндай ұсыныс енгізілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралады. Осы мерзім аяқталған соң мұндай ұсыныстың бастамашысына осы баптың 1-тармағында көзделген индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты қарау қорытындысы жөніндегі қорытынды жіберіледі.
5. Осы баптың 1-тармағында көзделген индустриялық аймақтар шекараларын өзгерту мақұлданған жағдайда индустриялық аймақтың орналасқан жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскесін ресімдеуді жүзеге асырылады.
6. Индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы шешімді олардың меншік иелері қабылдайды.
33-бап. Индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныстарды қабылдамау үшін негіздер
1. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс мынадай:
1) индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген;
2) индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау қажет болған, тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылу және бүліну қатері туындаған, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз еткен;
4) индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс негізсіз болған жағдайларда қабылданбайды.
2. Жергілікті атқарушы органдар жекеше индустриялық аймақ аумағының шекаралары және (немесе) алаңы өзгертілген кезде мынадай:
1) индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныс қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау қажет болған, тарихи-мәдени мұра объектілерінің жойылу және бүліну қатері туындаған, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз еткен;
3) жекеше индустриялық аймақ мәртебесін пайдалану жоспарланатын жер учаскелеріне өтініш бастамашысының меншік құқықтарын растайтын құқық белгілейтін құжаттар болмаған;
4) аумағында жекеше индустриялық аймақ орналасқан жер учаскесі иесінің келісімі болмаған жағдайларда құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеуден бас тартуы мүмкін.
3. Индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсынысты қабылдамау индустриялық аймақ аумағының шекараларын және (немесе) алаңын өзгерту туралы ұсыныспен кейіннен қайта жүгіну үшін кедергі болып табылмайды.
34-бап. Индустриялық аймақтардың жұмыс істеу жағдайлары
1. Республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтар мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде құрылады.
Жекеше индустриялық аймақтар азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі жер учаскелерінде де құрылады және жекеше индустриялық аймақтар деп аталады.
2. Индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалануға беріледі.
Басқарушы компания республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушыларына жер учаскелерін осы Заңға сәйкес қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың негізінде өтеусіз негізде береді.
Бұл ретте индустриялық аймақтың қатысушыларына беру үшін жер учаскелерін бөлуді индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы жүзеге асырады. Басқарушы компанияларға индустриялық аймақ қатысушыларына ұсыну үшін жер учаскелерін бөлу кезінде таңдау тәсілін пайдалануға тыйым салынады.
Жекеше индустриялық аймақтың басқарушы компанияларына жекеше индустриялық аймақта орналастыру үшін пайдаланылатын жер бойынша уақытша жер пайдалану құқығы осындай жердің меншік иесі айқындайтын мерзімге беріледі.
Жекеше индустриялық аймақтың қатысушыларына жер учаскелері олардың және индустриялық аймақтың басқарушы компанияларының арасында жасалған шартта айқындалған үлгілік шартқа сәйкес белгіленген мерзімге беріледі.
Қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға сәйкес басқарушы компания жер учаскесінің индустриялық аймақтың қатысушысы жобасын іске асыру үшін көзделген бөлігін онда айқындалған кезеңдерге сәйкес резервке қоюға міндетті. Бүл ретте, осылайша резервке қойылған жер учаскелерін индустриялық аймақтың қатысушысы жобаны кезең-кезеңмен іске асыру міндеттемелерін орындамаған жағдайларды қоспағанда, мұндай қатысушының келісуінсіз өзге тұлғаларға беруі немесе өзге түрде иеліктен шығаруы мүмкін емес.
3. Уақытша жер пайдалануға берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілері индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер және мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес жарғылық капиталды толықтыру есебіне берілуі мүмкін.
Индустриялық аймақтың қатысушыларына индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы өтеулі негізде уақытша пайдалануға берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара бюджет қаражаты.есебінен құрылған инфрақұрылым объектілерін сенімгерлік басқару немесе жалдау шартында көзделген талаптармен бере алады.
4. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ құрылатын жер учаскелері индустриялық бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілуге тиіс.
Бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылым объектілерін салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Индустриялық аймақтың қатысушылары өздеріне берілген жер учаскесінің аумағында өздеріне қажетті инфрақұрылым объектілерінің құрылысын әз қаражаты есебінен жүзеге асыруға құқылы. Мұндай объектілердің құрылысы индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен келісу бойынша жүзеге асырылады.
5. Жекеше индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін олардың меншік иелері басқарушы компанияға уақытша өтеулі немесе өтеусіз пайдалануға (жалдауға), сондай-ақ басқарушы компания уақытша өтеулі немесе өтеусіз кейінгі пайдалануға (қосалқы жалдауға) индустриялық аймақтың қатысушыларына уәкілетті орган бекіткен үлгілік шарттардың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беруі мүмкін.
Жер учаскесінің меншік иесі осы Заңның талаптарына сәйкес жекеше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы ретінде жекеше индустриялық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға құқылы. Бүл ретте жер учаскесінің меншік иесімен жекеше индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) шарты жасалмайды.
6. Осы баптың 5-тармағының ережелері осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған жекеше индустриялық аймақтар қатысушыларының жеке меншігіндегі жер учаскелеріне қолданылмайды.
7. Индустриялық аймақтардың аумағында мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсетілген кезде:
1) мемлекеттік және өзге де қызметтерді уақтылы және сапалы көрсетуді;
2) көрсетілетін мемлекеттік және езге де қызметтер бойынша ақпараттық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін "бір терезе" қағидаты қолданылады.
8. "Бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың аумағында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
"Бір терезе" қағидаты бойынша езге де қызметтер ұсынуды тиісті индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы жүзеге асыра алады.
35-бап. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру
1. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ қатысушысының қызметі қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады, оны жасау үшін өтініш беруші республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқару органына уәкілетті орган бекіткен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға арналған жобаларды іріктеудің тәртібіне және өлшемшарттарына сәйкес өтініш береді.
2. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы тиісті өңірлік үйлестіру кеңесі индустриялық аймаққа нақты қатысушыны жіберуді мақұлдаған жағдайда ғана қатысушылармен қызметті жүзеге асыруға шарттарды жасайды.
3. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы:
1) қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі аяқталған немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген езге жағдайларда тоқтатылады.
4. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқару органы индустриялық аймақтың қатысушысы қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған елеулі талаптарды бұзған жағдайда қызметті жүзеге асыру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзады. Индустриялық аймақтың қатысушысының міндеттемелерін орындамауы анықталған кезде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тиісті актілер жасалады.
Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқару органы индустриялық аймақтың қатысушысын қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелердің орындалмағаны және бұзушылықты күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде жою қажеттігі туралы хабардар етеді.
Индустриялық аймақ қатысушысының көрсетілген ескертулерді жоюы жөніндегі шаралар қолданбаған жағдайда индустриялық аймақтың басқару органы кемінде он жұмыс күні бұрын индустриялық аймақтың қатысушысын қызметті жүзеге асыру туралы шартты және (немесе) жер учаскесін уақытша пайдалану шартын бұзу туралы хабардар етеді.
5. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы жобасында көзделген барлық объектілер пайдалануға енгізілгеннен кейін оның республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасау кезіне белгіленген жер учаскесінің кадастрлық кұны бойынша жер учаскесін меншігіне сатып алу құқығы пайда болады.
4-БӨЛЗМ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ БАСҚАРУ
5-тарау. Бірыңғай үйлестіру орталығы
36-бап. Бірыңғай үйлестіру орталығының құқықтық жағдайы
1. Бірыңғай үйлестіру орталығының қызметі осы Заңда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнамасында реттеледі.
2. Бірыңғай үйлестіру орталығының мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
3. Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды тиімді және тұрақты дамыту мақсатында бірыңғай үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қаржыландыру көздерін тартуға және пайдалануға құқылы.
37-бап. Бірыңғай үйлестіру орталығының өкілеттіктері
Бірыңғай үйлестіру орталығының өкілеттіктеріне:
1) мемлекеттік органдармен, басқарушы компаниялардың қатысушыларымен (акционерлерімен), арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдарымен, арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың қатысушылары мен арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың қатысушыларын тіркеу, арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын қаржыландыру және дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
2) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар және индустриялық аймақтар туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
3) арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін (акцияларын) сенімгерлік басқару;
4) Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды және индустриялық аймақтарды дамыту және ілгерілету жөнінде қызметтер көрсету, оның ішінде:
арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымы объектілерінің жай-күйін мониторингтеу;
арнайы экономикалық аймақтарды және индустриялық аймақтарды дамыту стратегиясын және арнайы экономикалық аймақтарға арналған жобаларды іріктеу өлшемшарттарын әзірлеу, арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың басқару органдарын қаржыландыруды жоспарлау, арнайы экономикалық аймақтарды және индустриялық аймақтарды қаржыландыру (бюджетті жасау және шоғырландыру) жоспарларын әзірлеу, басқару модельдерін, ішкі бизнес-процестер мен корпоративтік құжаттарды әзірлеу және арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың басқару органдарына енгізу, арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың басқару органдарының қызметін жетілдіру, арнайы экономикалық аймақтарды және индустриялық аймақтарды ілгерілету жөніндегі жоспарды әзірлеу, арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың басқару органдарының қызметкерлерін оқыту жөнінде ұсынымдар (ұсыныстар) әзірлеу;
нарыққа талдау жүргізу және арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың маркетингтік стратегиясын әзірлеу жөнінде арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың басқару органдарына консультация беру;
нысаналы маркетинг жүргізу;
отандық арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктерін халықаралық нарықтағы әлеуетті қатысушылардың нысаналы тобына ілгерілетуді қамтамасыз ету;
арнайы экономикалық аймақтарға және индустриялық аймақтарға әлеуетті салалық және инфрақұрылымдық инвесторларды тартуға жәрдем көрсету;
арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының қызметін ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының мемлекеттік органдардың, арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың басқару органдарының, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру, арнайы экономикалық аймақтар және индустриялық аймақтар тақырыбы бойынша бизнес-форумдар, көрмелер, конференциялар және семинарлар өткізу; жобаларға талдау жүргізу;
арнайы экономикалық аймақтардың және индустриялық аймақтардың аумақтарында қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуын мониторингтеу;
уәкілетті органның стратегиялық құжаттарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге жәрдем көрсету;
арнайы экономикалық аймақтың басқару органдары ұсынатын мәліметтердің негізінде арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу;
индустриялық аймақты құру тұжырымдамасын қоса алғанда, индустриялық аймақты құру жобаларына сараптама жүргізу, сондай-ақ құрылатын индустриялық аймақ үшін инфрақұрылымның құрылысы кезінде жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізу;
индустриялық аймақтардың бірыңғай тізілімін жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қызметтің өзге де түрлері жатады.
6-тарау. Арнайы экономикалық аймақтарды басқару
38-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органын құру
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы экономикалық аймақ құру туралы актісі қолданысқа енгеннен кейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында арнайы экономикалық аймақ басқарушы компаниясын құру және (немесе) құруға қатысуын қамтамасыз ету туралы шешім қабылдауы қажет.
2. Астананың арнайы экономикалық аймағының басқару органын мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Арнайы экономикалық аймақ құрылған жағдайда мына тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары;
3) мемлекеттік емес заңды тұлғалар, оның ішінде басқа елдерде немесе Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтарды басқару тәжірибесі бар шетелдік заңды тұлғалар басқарушы компанияның құрылтайшысы бола алады.
4. Арнайы экономикалық аймақ орталық атқарушы органдардың немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы. органдарының бастамасы бойынша құрылған жағдайда, егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы экономикалық аймақты құру туралы актісінде өзгеше белгіленбесе, басқарушы компания шығарған қатысу үлесінің (дауыс беретін акцияларының) жиырма алты пайызынан астамы мемлекетке тиесілі болуға тиіс.
Арнайы экономикалық аймақ мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бастамасы бойынша құрылған жағдайда, басқарушы компания шығарған қатысу үлесінің (дауыс беретін акцияларының) кемінде жиырма алты пайызы мемлекетке тиесілі болуға тиіс.
Басқарушы компаниялардың мемлекетке тиесілі қатысу (акциялар) үлестері бірыңғай үйлестіру орталығына сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
5. Басқарушы компанияның бірінші құрылтай жиналысы (құрылтай шартына қол қою, жалғыз құрылтайшының шешімін шығару) Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқарушы компанияны құруға мемлекеттің қатысуы туралы шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізілуге (жүзеге асырылуға) тиіс.
6. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың орналасқан жері бойынша тіркеледі.
7. Акционерлер (қатысушылар) басқарушы компанияның директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған адамдар қатарынан, лауазымы бойынша басқарушы компанияның директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитетін басқаратын (байқау кеңесінің төрағасы болып табылатын) тәуелсіз директорды (байқау кеңесінің мүшесін), сондай-ақ бірыңғай үйлестіру орталығы ұсынған адамдар қатарынан тәуелсіз директорды (байқау кеңесінің мүшесін) сайлайды.
8. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы құрылғаннан кейін басқарушы компания уәкілетті оранмен шарт жасасады, оның шеңберінде басқарушы компания арнайы экономикалық аймақтың басқару органының функцияларын тиісінше орындау және негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдайды.
39-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының функциялары
Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының функцияларына:
1) арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;
2) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына және қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерін өтеусіз негізде уақытша пайдалануға және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;
3) қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;
4) уәкілетті органға және бірыңғай үйлестіру орталығына арнайы экономикалық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы есептілікті арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының жыл сайынғы есептері негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсыну;
5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тарту;
6) инфрақұрылым объектілерін салу үшін және арнайы экономикалық аймақтың өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту;
7) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру;
8) "бір терезе" қағидаты бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жұмыс істеуі үшін қабылдау орнын ұйымдастыру;
9) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу;
10) арнайы экономикалық аймақты дамыту жоспарын әзірлеу;
11) арнайы экономикалық аймақтың маркетингтік стратегиясын әзірлеу;
12) арнайы экономикалық аймақта жаңа өндірістерді құру бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу;
13) арнайы экономикалық аймақтың басқару органына басқарушылық және консалтингтік қызметтерді ұсыну үшін сарапшылар мен ұйымдарды тарту;
14) арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және ілгерілету жөніндегі іс-шараларды еткізу;
15) арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын, өтініш берушілерді, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының, өтініш берушілердің, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларының мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру;
16) арнайы экономикалық аймақта индустриялық-инновациялық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестицияларды тарту;
17) "бір терезе" қағидаты бойынша арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетті қатысушыларымен, өтініш берушілермен, арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау және жұмыс істеу және осы қағидатты іске асыру шеңберінде, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған кезде мемлекеттік органдармен және өзге көрсетілетін қызметтерді алған кезде өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасаған кезде арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының мүдделерін білдіру;
18) коммуналдық, логистикалық және сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
19) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысу;
20) бизнес-жоспарларды, техникалық-экономикалық негіздемені, жобалық-сметалық құжаттаманы және өзге де жобалық құжаттаманы әзірлеу бойынша қызметтер көрсету;
21) арнайы экономикалық аймақтың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру және арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына мұндай қызметтер көрсету;
22) арнайы экономикалық аймақтың аумағын абаттандыру және күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
23) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына консалтингтік және маркетингтік қызметтерді көрсету;
24) техникалық қадағалауды жүзеге асыру және арнайы экономикалық аймақтың аумағында тұрғызылатын инфрақұрылым және кәсіпкерлік қызмет объектілері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді көрсету;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін езге де функциялар жатады.
Дербес кластерлік қордың функциялары осы Заңда және "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
40-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларды іріктеу
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заңның 16-бабы 5-тармағына сәйкес арнайы экономикалық аймақты құру және құрылатын арнайы экономикалық аймақтың мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері туралы шешімді қабылдағаннан кейін басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді уәкілетті орган жүргізеді.
2. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді уәкілетті орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы экономикалық аймақты құру және құрылатын арнайы экономикалық аймақтың мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері туралы шешімді қабылдаған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде, бірақ арнайы экономикалық аймақты құру күнінен кешіктірмей жүргізеді.
3. Атқарушы органның басшысымен не басқарушы компанияның атқарушы органы функцияларын жеке-дара атқаратын адаммен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда, басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді уәкілетті орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және бірыңғай үйлестіру орталығымен бірлесіп еңбек қатынастары тоқтатылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
4. Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын уәкілетті орган айқындайды.
41-бап. Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін көзделген құқықтық қорғау кепілдіктерін, салықтық және езге де жеңілдіктерді пайдалануға;
2) осы Заңда көзделген тәртіппен қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін жер учаскелерін алуға және инфрақұрылым объектілерін салуға;
3) қызметті жүзеге асыру туралы шартта бірыңғай технологиялық процеске кіретін және арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарымен қызметтің басым түрлеріне сәйкес келетін қызметтің басым түрлерін айқындауға;
4) қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру процесінде қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлғаларды тартуға;
5) қызметтің қосалқы түрлерін айқындауға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары:
1) арнайы экономикалық аймақтың басқару органына өз қызметі туралы жыл сайынғы есепті ұсынуға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында және қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген міндеттерді адал және тиісінше орындауға міндетті.
42-бап. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу
Қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингті:
тұрақты түрде арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдары қызметті жүзеге асыру туралы шартты орындау шеңберіндегі бастапқы құжаттаманың негізінде, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының жыл сайынғы есептері негізінде;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары және бірыңғай үйлестіру орталығы арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдары есептілік нысанында ұсынатын ақпараттың, сондай-ақ осы Заңға сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары туралы ақпараттың негізінде жүргізеді.
43-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметін қаржыландыру
1. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Басқарушы компанияның қызметін қаржыландыру:
1) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына басқарушы компания көрсететін қызмет үшін сыйақы;
2) нысаналы қарыздық қаржыландыру;
3) инфрақұрылым объектілерін, жер учаскелерін, сондай-ақ өзге де мүлікті жалға және (немесе) қосалқы жалға беруден түсетін кірістер;
4) жарғылық капитал ретінде енгізілген қаражат;
5) республикалық және жергілікті бюджет қаражаты;
6) басқарушы компанияның қызметінен түсетін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де кірістер есебінен жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 5) тармақшасы мемлекет бастамасы бойынша құрылған арнайы экономикалық аймақтарға ғана қатысты қолданылады.
3. Дербес кластерлік қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын арнайы экономикалық аймақтың басқару органының қызметін қаржыландыру "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
44-бап. Арнайы экономикалық аймақтың басқару органын тарату
1. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған арнайы экономикалық аймақтың басқару органы арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес таратылады (қайта ұйымдастырылады).
2. Арнайы экономикалық аймақтың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін жер учаскесі республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың мәртебесін алады, ал басқару органы индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына қайта өзгертілуге немесе таратылуға тиіс.
7-тарау. Индустриялық аймақтарды басқару
45-бап. Индустриялық аймақтың басқару органын құру
1. Жергілікті атқарушы органның арнайы индустриялық аймақты құру туралы актісі қолданысқа енгізілгеннен кейін жергілікті атқарушы орган арнайы индустриялық аймақтың басқару органын құру туралы және (немесе) құруға қатысу туралы шешім қабылдайды. Жекеше индустриялық аймақтың басқару органын қоспағанда, индустриялық аймақтың басқару органы акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
2. Мыналар:
1) республикалық маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының құрылтайшысы - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары;
3) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының құрылтайшылары бола алады.
3. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ орталық атқарушы органдардың немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бастамасы бойынша құрылған жағдайда, егер жергілікті атқарушы органның индустриялық аймақты құру туралы актісінде өзгеше белгіленбесе, акциялардың (қатысу үлестерінің) жиырма алты пайызынан астамы мемлекетке тиесілі болуға тиіс.
Индустриялық аймақтың басқарушы компанияларының мемлекетке тиесілі акциялары (қатысу үлестері) бірыңғай үйлестіру орталығына сенімгерлікпен басқаруға берілуі мүмкін.
4. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының бірінші құрылтай жиналысы (құрылтай шартына қол қою, жалғыз құрылтайшының шешімін шығару) уәкілетті орган индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын құру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
5. Индустриялық аймақтың басқару органы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы индустриялық аймақтың орналасқан жері бойынша тіркеледі.
6. Жекеше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының басқару органдары ұйымдық-құқықтық нысанға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қалыптастырылады.
7. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы құрылтайшысының шешімі бойынша бірнеше индустриялық аймаққа бір басқарушы компанияның жұмыс істеуіне жол беріледі.
8. Республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдар іріктеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мыналарға:
республикалық маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына қатысты - уәкілетті органмен келісе отырып;
өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына қатысты жүзеге асырады.
Республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеу жүргізудің тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын уәкілетті орган айқындайды.
46-бап. Индустриялық аймақтың басқару органының функциялары
Индустриялық аймақтың басқару органының функцияларына:
1) индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;
2) индустриялық аймақтың қатысушыларына жер учаскелерін өтеусіз негізде беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;
3) индустриялық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу;
4) уәкілетті органға және бірыңғай үйлестіру орталығына индустриялық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы есептілікті индустриялық аймақтар қатысушыларының тоқсан сайынғы есептері негізінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсыну;
5) индустриялық аймақ қатысушыларын тарту;
6) инфрақұрылым объектілерін салу үшін және индустриялық аймақтардың өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту;
7) индустриялық аймақтың қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыру;
8) "бір терезе" қағидаты бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының және индустриялық аймақтардың қатысушылары үшін қызметтер көрсететін өзге де ұйымдардың жұмыс істеуі үшін қабылдау орнын ұйымдастыру;
9) индустриялық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу;
10) индустриялық аймақты дамыту жоспарын әзірлеу;
11) индустриялық аймақтың маркетингтік стратегиясын әзірлеу;
12) индустриялық аймақта жаңа өндірістерді құру бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізу;
13) индустриялық аймақтарды дамыту және ілгерілету жөніндегі іс-шараларды еткізу;
14) индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларын, өтініш берушілерді, индустриялық аймақтардың қатысушыларын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету, оның ішінде индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларының, өтініш берушілердің, индустриялық аймақтардың қатысушыларының мемлекеттік органдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру;
15) индустриялық аймақта индустриялық-инновациялық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестицияларды тарту;
16) "бір терезе" қағидаты бойынша индустриялық аймақтардың әлеуетті қатысушыларымен, өтініш берушілермен, индустриялық аймақтардың қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасау және жұмыс істеу;
17) коммуналдық, логистикалық және сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
18) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысу;
19) бизнес-жоспарларды, техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы және өзге де жобалық құжаттаманы әзірлеу бойынша қызметтер көрсету;
20) индустриялық аймақтың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру және индустриялық аймақтың қатысушыларына мұндай қызметтерді көрсету;
21) индустриялық аймақтың аумағын абаттандыру және күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
22) индустриялық аймақтың қатысушыларына консалтингтік және маркетингтік қызметтерді көрсету;
23) техникалық қадағалауды жүзеге асыру және индустриялық аймақтың аумағында көтерілетін инфрақұрылым және кәсіпкерлік қызмет объектілері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді ұсыну;
24) басқару органына басқарушылық және консалтингтік қызметтерді ұсыну үшін сарапшылар мен ұйымдарды тарту;
25) "бір терезе" қағидатын іске асыру шеңберінде, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған кезде мемлекеттік органдармен және өзге көрсетілетін қызметтерді алған кезде өзге ұйымдармен өзара іс-қимыл жасаған кезде индустриялық аймақ қатысушыларының мүдделерін білдіру;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де функциялар жатады.
47-бап. Индустриялық аймақ қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
1. Индустриялық аймақтың қатысушылары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде индустриялық аймақтың қатысушылары үшін көзделген құқықтық қорғау кепілдіктерін пайдалануға;
2) осы Заңда көзделген тәртіппен индустриялық аймақтың аумағында өз қызметін жүзеге асыру үшін жер учаскелерін алуға және инфрақұрылым объектілерін салуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Индустриялық аймақтың қатысушылары:
1) индустриялық аймақтың басқару органына өз қызметі туралы жыл сайынғы есепті ұсынуға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында және индустриялық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген міндеттерді адал және тиісінше орындауға міндетті.
48-бап. Индустриялық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу
Қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингті:
тұрақты түрде арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдары қызметті жүзеге асыру туралы шартты орындау шеңберіндегі бастапқы құжаттаманың негізінде, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының жыл сайынғы есептері негізінде;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары және бірыңғай үйлестіру орталығы индустриялық аймақтардың басқару органдары есептілік нысанында ұсынатын ақпараттың, сондай-ақ осы Заңға сәйкес осындай индустриялық аймақтардың қатысушылары туралы ақпараттың негізінде жүргізеді.
49-бап. Индустриялық аймақтың басқару органының қызметін қаржыландыру
Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының қызметін қаржыландыру:
1) индустриялық аймақтың қатысушыларына басқарушы компания көрсететін қызмет үшін сыйақы;
2) нысаналы қарыздық қаржыландыру;
3) инфрақұрылым объектілерін, жер учаскелерін, сондай-ақ езге де мүлікті жалға және (немесе) қосалқы жалға беруден түсетін кірістер;
4) жарғылық капитал ретінде енгізілген қаражат;
5) республикалық және жергілікті бюджет қаражаты;
6) индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының қызметінен түсетін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де кірістер есебінен жүзеге асырылады.
50-бап. Индустриялық аймақтың басқару органын тарату
1. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған индустриялық аймақтың басқару органы тиісті шешім қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес таратылады (қайта ұйымдастырылады).
2. Индустриялық аймақтың басқарушы компаниясын ерікті тарату туралы шешімді қатысушылардың (акционерлердің) жалпы жиналысы қабылдайды, ол Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кредиторлардың келісімі бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсімін айқындайды.
5-БӨЛІМ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ШАРТТАРЫ
8-тарау. Арнайы экономикалық аймақтардың арнайы құқықтық режимі және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеу шарттары
51-бап. Арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі
Арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін осы Заңда, Қазақстан Республикасының салық, кеден, жер заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгіленген арнайы құқықтық режим қолданылады.
Арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі мыналарды:
1) арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін;
2) қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілерді салуды және пайдалануға енгізуді;
3) арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымы объектілерін салуды және пайдалануға енгізуді жүзеге асырылатын тұлғаларға қолданылады.
52-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына және басқарушы компанияларына, индустриялық аймақтың басқарушы компанияларына салық салу
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары және басқарушы компаниялары, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компаниялары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық жеңілдіктерді қолданады.
53-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы кедендік реттеу
1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылады.
Шегінде еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың шекаралары Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы экономикалық аймақты құру туралы актісіне сәйкес айқындалады.
2. Еркін кедендік аймақтың кеден рәсімі Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.
4. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады.
Еркін кедендік аймақтың кеден рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақ аумағында кедендік бақылауды Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
54-бап. Еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар
Еркін кедендік аймақтың кеден рәсімі қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және шарттарда еркін кедендік аймақтың кеден рәсімімен орналастырылады және кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерде орналасқан тауарлар ретінде қарастырылады.
55-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақта шетелдік жұмыс күшін тарту
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында жұмыс істеу үшін шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
56-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтың қатысушыларын құқықтық қорғау кепілдіктері
1. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етілетін құқықтар мен мүдделерді қорғауға кепілдік беріледі.
2. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар қатысушыларының мүлкін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет иелігіне алуға, реквизициялауға) тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айрықша жағдайларда және тәртіппен жол беріледі.
3. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушылары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлегеннен кейін табыстарды өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.
57-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
58-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
59-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған арнайы экономикалық аймақтар, оларды тарату туралы шешім қабылданғанға дейін немесе осы арнайы экономикалық аймақ құрылған мерзім аяқталғанға дейін өз мәртебесін сақтайды.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша құрылған индустриялық аймақтар осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өз мәртебесін сақтайды. Бұл ретте мұндай индустриялық аймақты құру туралы шешімді шығарған жергілікті атқарушы орган осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы Заңның 27-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген өлшемшарттардың негізінде индустриялық аймақтың түрін айқындау туралы шешім шығаруға міндетті.
Индустриялық аймақтың түрін айқындау туралы шешім шығарылғаннан кейін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен индустриялық аймақтың басқару органының функцияларын іс жүзінде орындайтын заңды тұлғалар республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының мәртебесіне ие болады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлғалармен шарттардың негізінде мұндай индустриялық аймақтардың аймағында кәсіпкерлік қызмет объектілерінің орналастырылуын және пайдаланылуын жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушылары мәртебесіне ие болады.
3. Басқарушы компаниялар мен индустриялық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру шарттарын және тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын көздейтін осы баптың 2-тармағында көрсетілген индустриялық аймақтардың қатысушылары арасында жасалған шарттар қызметті жүзеге асыру туралы шарттар мәртебесіне ие болады және өз қолданысын онда көзделген мерзім аяқталғанға дейін сақтайды. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды кейіннен жасасу осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
60-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 14, 104-қүжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат, 2011 ж., № 15 (2592), 119-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті |