Мемлекеттік мүлікті берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 802 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік – "Көкшетау авиакомпаниясы" әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау объектілері және аяқталмаған құрылысы "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының;

      2) республикалық мүлік – Шымкент қаласы әуежайының жасанды ұшу-қону жолағының аяқталмаған құрылысы "Шымкент халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2017 жылғы 30 қарашадағы
№ 802 қаулысына
қосымша

"Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі

Р/с

Республикалық мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1.

Әуежай мүлкі

жиынтық

1

2.

Жарық-сигналдық жабдық

жиынтық

1

3.

Мүлкімен қоса авариялық-құтқару станциясы

жиынтық

1

4.

Әуежайдың темірбетон қоршауы

жиынтық

1

5.

Суағар-дренаждық желі

жиынтық

1

6.

Мүлкімен қоса уақытша әуежай

жиынтық

1

7.

Сыртқы электр жабдықтау желілері

жиынтық

1

8.

КЛ-35 мүлкі, жабдықтың тасымалы, ПС35/10кВ қосалқы станциясының, ПС110/35 Ақкөл

жиынтық

1

9.

ТП ССО1 мүлкі

жиынтық

1

10.

ТП-10 мүлкі

жиынтық

1

11.

ТП-11 мүлкі

жиынтық

1

12.

ТП-2 мүлкі

жиынтық

1

13.

ТП-3 мүлкі

жиынтық

1

14.

ТП-4 мүлкі

жиынтық

1

15.

Жарықты реттеуіш мүлкімен қоса ғимарат

жиынтық

1

16.

Жылу желілері

жиынтық

1

17.

Суқұбырлық сорғыш станцияның мүлкі

жиынтық

1

18.

Сутартқыш құрылыстардың мүлкі

жиынтық

1

19.

Беткі ағындағы тазарту құрылыстары

жиынтық

1

20.

Мүлкімен қоса дренаждық-нөсер станциясы

жиынтық

1

21.

Мүлкімен қоса кәріздік сорғыш станциясы

жиынтық

1

22.

Мүлкімен қоса ағынды суларды биологиялық тазалау станциясы

жиынтық

1

23.

Мүлкімен қоса 750м3 жанар-жағармай материалдарының қоймасы

жиынтық

1

24.

Мүлкімен қоса қазандық

жиынтық

1

25.

Мүлкімен қоса 2000м3 рельс жанындағы қойма

жиынтық

1

26.

ТП ССО-1-ге кірме автожолы


1

27.

РМА/РАӨ-ге кірме автожолы


1

28.

Патрульдык автожол


1

29.

Сутартқыш құрылыстарға кірме автожолы


1

30.

"Перрон-МС" арнайы автокөліктің жүрісіне арналған автожол


1

31.

Автожол (ЖПРМ-201-ге түсуі бар)


1

32.

Биологиялық тазарту станциясына баратын автожол


1

33.

Жобаланған асфальтбетон жабыны бар АҚСҚ-ЖҰҚЖ автожолы


1

34.

Әуежай, перрон, рульдеу жолы және ұшу-қону жолағы бойынша аяқталмаған құрылыс


1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады