Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылғы 7 маусымда Бішкекте жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздерді өткізу мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімге қосылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті 2016 жылғы 7 маусымда Бішкекте жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздерді өткізу мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін 2016 жылғы 7 маусымда Бішкекте жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің радиоактивті көздерді өткізу мәселелері бойынша ақпараттық өзара іс-қимылы туралы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосылатыны туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |