"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 814 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:

      6-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында рұқсат етілген болу мерзімі виза мерзімі немесе көші-қон карточкасында немесе көшіп келушіні уақытша тіркеу туралы анықтамада немесе паспортқа көшіп келушіні тіркеу туралы жапсырма қағазда көрсетілген тіркеу мерзімі өткен соң аяқталады.

      Тіркеу мерзімін ұзарту ішкі істер органдары көші-қон карточкасына қоятын тиісті белгімен немесе көшіп келушіні уақытша тіркеу туралы анықтамамен немесе паспортқа көшіп келушіні тіркеу туралы жапсырма қағазбен ресімделеді.";

      10-тармақтың он үшінші бөлігінің төртінші абзацы "16 жасқа толмаған;" деп жазылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "әуе, теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері болып табылатын көшіп келушілер босатылады.";

      26-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-1. Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының (бұдан әрі – ҚХР) азаматтары үшін 2018 жылғы 31 желтоқсандағы сағат 23.59 дейін Қазақстан Республикасына кірудің, онда болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимі қолданылады.";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларында:

      4-тармақта:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тіркеуді ресімдеу Қазақстан Республикасының визасымен немесе көшіп келушіні уақытша тіркеу туралы анықтамамен немесе паспортқа көшіп келушіні тіркеу туралы жапсырма қағазбен немесе көші-қон карточкасына белгі қоюмен расталады, оны:";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының визасымен кіретін шетелдіктер Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде шақырушы тараптың шақыруды ресімдеу кезінде көрсеткен мекенжайы бойынша тіркеледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 1) тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады