1. "Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының өкілін және оның орынбасарын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 мамырдағы № 272 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жариялансын:
"1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары
Марлен Сансызбайұлы Айнабеков Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасының өкілі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық ресурстарының өсімін молайту және акваөсіру басқармасының басшысы Нариман Талғатұлы Жүнісов Су биологиялық ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссиядағы Қазақстан Республикасы өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |