"Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 848 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

"Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 53-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл сайын екінші тоқсан ішінде "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының концерт-залының алаңында "Хабар 24" телеарнасында тікелей қосылым және өңірлермен бейнеконференцбайланысын ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу мен тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер туралы хабардар етсін.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:

      1) есеп беру кездесулері өтетін күннен бір ай бұрын орталық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурстарда, "электрондық үкіметтің" веб-порталында, оның ішінде ашық деректердің интернет-порталында есеп беру кездесулерін өткізу кестесін және алдағы есеп беруге халықтың сұрақтары мен ұсыныстарын жіберу тәсілдері туралы ақпаратты жарияласын;

      2) есеп беру кездесулері өтетін күннен бір ай бұрын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы алда болатын есеп беру кездесулері туралы жарнамалық роликтерді трансляциялауды қамтамасыз етсін;

      3) есеп беру кездесулері өтетін күнге дейін бір ай бұрын ашық деректердің интернет-порталында және орталық, жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының блог платформасына түскен сұрақтарды жинауды, талдауды және іріктеуді қамтамасыз етсін.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Орталық атқарушы органдардың басшылары есепті кездесу аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей өткізілген есепті кездесулердің қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде сөз сөйлесін.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады