Антигуа және Барбудада болған жойқын дауылдарға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Антигуа және Барбудаға ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айырбастау күнгі ресми бағамы бойынша 50000 (елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:
Recipient: Permanent Mission of Antigua and Barbuda
to the United Nations
Recipient address: 305E. 47th Street, 6th floor, New York, N.Y. 10017
Bank name: BANK OF AMERICA, NA
Address: 222 Broadway, New York, NY, 10038, USA
SWIFT BIC: BOFAUS3N
Routing No.: 026009593
Receiving Bank Account Number: 2260 0525 1515
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |