Кариб бассейні елдерінде болған жойқын дауылдарға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Кариб қоғамдастығына (КАРИКОМ) ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айырбастау күнгі ресми бағамы бойынша 100000 (бір жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:
Recipient: CARICOM Secretariat
Recipient address: Guyana, Georgetown, PO BOX 10327
Intermediary bank: BANK OF AMERICA, NA
100 West 33rd street
New York, NY, 10001, USA
ABA number: 026009593
Beneficiary bank: Republic bank (Guyana) Ltd.
38-40 Water street Georgetown, Guyana
SWIFT: RBGLGYGG
Account Number: 000-479-6
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |