2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 162-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 96 530 279 000 (тоқсан алты миллиард бес жүз отыз миллион екі жүз жетпіс тоғыз мың) теңге көлемінде "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің "Алматы-Қорғас" автомобиль жолы учаскесіндегі "Нұр Жолы" автомобиль өткізу пунктін салу және пайдалану" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы (бұдан әрі – жоба) бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелері қабылдансын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.12.2018 № 823 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Қаржы министрліктеріне жобаға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасуға өкілеттік берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулының 1 тармағында аталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттің қаржы міндеттемелерінің қабылдануы мен орындалуын есепке алуды жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 876 қаулысына қосымша |
Жылдар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелерін қабылдау көлемі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 12.12.2018 № 823 қаулысымен.
Инвестициялық шығындар өтемақысы
№ | Жыл | ИШӨ сомасы, мың теңге | ИШӨ өтеу мерзімдері |
1 | 2 | 3 | |
1 | 2018 жыл | 40 000 000,00 | 2018 жылғы қыркүйек |
15 459 807,00 | 2018 жылғы желтоқсан | ||
2 | 2019 жыл | 14 000 000,00 | 2019 жылғы ақпан |
3 | 2020 жыл | 298 480,00 | 2020 жылғы ақпан |
Жиыны | 69 758 287,00 |
Операциялық шығындарды өтемақысы
№ | Жыл | ОШӨ сомасы, мың теңге | ОШӨ өтеу мерзімдері |
1 | 2 | 3 | |
1 | 2018 жыл | 1 045 781,00 | 2018 жылғы желтоқсан |
2 | 2019 жыл | 1 673 249,50 | 2019 жылғы шілде |
1 673 249,50 | 2019 жылғы желтоқсан | ||
3 | 2020 жыл | 1 673 249,50 | 2020 жылғы шілде |
1 673 249,50 | 2020 жылғы желтоқсан | ||
4 | 2021 жыл | 1 673 249,50 | 2021 жылғы шілде |
1 673 249,50 | 2021 жылғы желтоқсан | ||
5 | 2022 жыл | 1 673 249,50 | 2022 жылғы шілде |
1 673 249,50 | 2022 жылғы желтоқсан | ||
6 | 2023 жыл | 1 673 249,50 | 2023 жылғы шілде |
1 673 249,50 | 2023 жылғы желтоқсан | ||
7 | 2024 жыл | 1 673 249,50 | 2024 жылғы шілде |
1 673 249,50 | 2024 жылғы желтоқсан | ||
8 | 2025 жыл | 1 673 249,50 | 2025 жылғы шілде |
1 673 249,50 | 2025 жылғы желтоқсан | ||
9 | 2026 жыл | 2 300 718,00 | 2026 жылғы шілде |
Жиыны | 26 771 992,00 |