2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Қарағанды облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Теміртау орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қоры жерінен жалпы ауданы 85 гектар жер учаскесi өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жер санатына ауыстырылсын.
2. "АлбаСтройДор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын республикалық бюджеттің кірісіне өтеуді қамтамасыз етсін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 888 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығы мақсатына арналаған өзге де жер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы ауданы, | оның ішінде: | |||
орманмен |
орманмен | саз | өзге жерлер | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қарағанды облысының әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Теміртау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 85 | - | 79,6 | 5,4 | - |
Жиыны: | 85 | - | 79,6 | 5,4 | - |