"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 889 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72,
75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат):

      182-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге және отын сатып алуға;".

      2. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1 , 9-құжат; № 6 , 28-құжат; № 14 , 84-құжат; № 19-I , 19-II , 94, 96-құжаттар; № 21 , 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-2) көп балалы отбасы – құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар отбасы;";

      2) мынадай мазмұндағы 71-1-баппен толықтырылсын:

      "71-1-бап. Көп балалы отбасылардың мәртебесі

      Көп балалы отбасыларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер беріледі.".

      3. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат):

      1) 23-баптың 2-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға және міндетті әлеуметтік сақтандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге;";

      2) 53-баптың 8-тармағының орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылды, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      3) 99-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күннен бастап демалысты оның аталған түріне құқықты растайтын еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсыну жолымен ресімдейді.

      Жүктілікке және босануға байланысты демалыс:

      ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – жетпіс) күнге;

      бір жүз жетпіс күнтізбелік күн (қиын босанған немесе екі және одан көп бала туған жағдайда – бір жүз сексен төрт күн) – ядролық сынақтар әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге;

      жетпіс күнтізбелік күн – дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болған жиырма екі және жиырма тоғыз апталық тірі бала туған және ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда;

      елу алты күнтізбелік күн – дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болған жиырма екі аптадан және жиырма тоғыз аптаға дейінгі мерзімде өлі бала туған немесе ол жеті тәулікке дейін тірі болып, өлген жағдайда;

      тоқсан бір күнтізбелік күн – ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшін дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болған жиырма екіден жиырма тоғыз аптаға дейінгі мерзімде тірі бала туған немесе ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда;

      жетпіс жеті күнтізбелік күн – ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшін өлі бала туған кезде немесе туған баласы жеті тәулікке дейін тірі болып, өлген жағдайда.";

      4) 133-баптың 2-тармағының орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылды, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.

      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 925-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат):

      1) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек жарақаты салдарынан және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);";

      2) 11-баптың 31 және 32-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Стационарлық үлгідегі, жартылай стационарлық үлгідегі, уақытша болу медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда) және үйде қызмет көрсетуде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін бірінші кезекте алу.

      32. Ұлы Отан соғысы қатысушысын немесе мүгедегін жерлеуді жүзеге асырған отбасыға немесе адамға жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мөлшерде төленеді.";

      3) 14-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жаңа кәсiптi меңгеру кезiнде (жаңа жұмысшыларды даярлау) бүкiл оқу кезеңiне жұмысшының тарифтік мөлшерлемесінің 100 пайызы мөлшерiнде еңбекақы төленедi.".

      5. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж. № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8; 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат, № 19-І, № 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат, № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат):

      1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және жәрдемақы алуға құқық пайда болған кезден бастап жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда – жәрдемақы қайтыс болған айына, ал Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда – кеткен айына қоса төленедi.";

      2) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер";

      3) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Жәрдемақы алу құқығының сақталуы

      Жәрдемақы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жәрдемақы алу құқығын сақтайды.".

      6. "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат; 2002 ж., № 10, 105-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 22-II, 145-құжат):

      4-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Жұмыс өтілін есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      7. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар, № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат, № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      34-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жергілікті өкілді органдар белгілеген тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге және отын сатып алуға;".

      8. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж.,
№ 6, 27-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж. № 7-1, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат):

      1) 1-бапта:

      4) тармақша алып тасталсын;

      6), 11), 15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – осы Заңда белгiленген тәртiппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс беруші, жеке кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор, сондай-ақ арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары;";

      "11) әлеуметтiк төлемдi алушы (бұдан әрi – алушы) – әлеуметтік қатер басталғанға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына ол үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры оған қатысты әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің сол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;";

      "15) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – Қор) – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік аударымдар жүргізілген және асыраушысынан айырылған жағдайда, асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, соларға қатысты әлеуметтік тәуекел жағдайы төнген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына, әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;

      16) Қор активтерi – әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмi өтiп кеткенi үшiн алынған өсiмпұл, инвестициялық табыс және Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтiк төлемдерге бағытталған қаражатты және артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсiмпұлдарды қайтаруды шегерiп тастағанда, Қорға түсетiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түсiмдер;";

      мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-1) инвестициялық табыс – Қордың активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алынуға тиіс) ақша;

      16-2) инвестициялық декларация – Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде инвестициялауға арналған объектілер мақсатын, стратегиясын, тізбесін, Қор активтеріне қатысты инвестициялық қызмет шарттары мен шектеулерін, Қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат;";

      21) тармақша алып тасталсын;

      2) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Әлеуметтiк төлемдердi алу құқығы

      Мемлекет азаматтарға әлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде осы Заңда белгiленген шарттарда мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына кепiлдiк бередi.

      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар әлеуметтік төлемдерді алу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.";

      3) 7-бапта:

      7-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Қор активтерінің сақталуын қамтамасыз ету";

      1-тармақ және 2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекет Қор активтерінің сақталуына және нысаналы жұмсалуына кепілдік береді.

      2. Қор активтерінің сақталуы:";

      4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға жататын адамдар

      "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған адамдарды қоспағанда, қызметкерлер, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ арнаулы салық режимi қолданылатын, шаруа немесе фермер қожалықтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар жатады.";

      5) 10-бапта:

      1-тармақтың 1) және 4) тармақшалары алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде өзге де құқықтары бар.";

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құжаттарды қабылдауды және толықтығын тексеруді жүзеге асыруға, әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, қайта есептеуге, тоқтата тұруға, қайта бастауға, тоқтатуға арналған істер макетін қалыптастыруға және оларды Қорға беруге;";

      1-1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомасын Мемлекеттік корпорация арқылы қайтару қажет болған жағдайда бұл туралы алушыға хабарлауға;";

      5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Қордың шешімі негізінде әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға, тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға және Қорға қажетті есептілікті ұсынуға;

      11) міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша қажетті түсіндірмелер беруге;";

      6) 10-1-бапта:

      1-тармақта:

      1) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қорға әлеуметтік аударымдары жүргізілген, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды;";

      "3) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді толтыруды және жаңартып отыруды;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әлеуметтік төлемдерге ай сайынғы қажеттілікті, әлеуметтік төлемдерді төлеу графиктерін және қаражат қажеттілігі туралы өтінімдерді қалыптастыру;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) төлеушілерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды Қорға аударуды, артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомаларын және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі келесі бір операциялық күннен кешіктірмей қайтаруды жүзеге асыруды;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) төлеушілерге артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтаруды Қордың қаражаты Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей қамтамасыз етуге;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік корпорация:

      1) әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды;

      2) артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын және олар бойынша өсімпұлдарды қайтаруды;

      3) әлеуметтік төлемдерді және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын;

      4) артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомаларын және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруды есепке алу және аудару мәселелері бойынша Қормен өзара әрекет етеді және ақпарат алмасуды жүзеге асырады.";

      7) 12-бапта:

      1-тармақтың 1-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмысынан айырылған адамдарды қоспағанда, жұмысынан айырылған жағдайда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;";

      2-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті дұрыс құжаттарды ұсынуға;";

      "3) әлеуметтік төлемдердің артық есептелген (төленген) сомаларын қайтаруды жүргізуге;";

      8) 14-бапта:

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін солардың пайдасына төленетін әлеуметтік аударымдардың мөлшері:";

      9) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі

      1. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін табыстарды қоспағанда, жұмыскерге ақшалай және өзге де түрде еңбекақы ретінде табыстар түрінде төленетін жұмыс берушінің шығындары жұмыскерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

      Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ақшалай қамту кіреді.

      2. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі:

      өзі үшін – өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындай алатын табысының сомасы, бірақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан артық емес;

      жалдамалы жұмыскерлер үшін – Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін табыстарды қоспағанда, жұмыскерге ақшалай және өзге де түрде еңбекақы ретінде табыстар түрінде төленетін шығыстар болып табылады.

      3. Бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы объекті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.

      Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.";

      10) 16-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әлеуметтiк аударымдарды, егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен ай сайын Мемлекеттік корпорацияның банк шоты арқылы төлемдерді жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, Қорға төлейдi.";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ арнаулы салық режимі қолданылатын  дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары әлеуметтік аударымдар сомаларын өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде төлейді.";

      11) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-бап. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару

      Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомалары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін, төлеушіге Қор қаражаты түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, төлеушінің өтініші Қорға келіп түскен күннен бастап банктік жеті күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның банк шотына аударылуға жатады.";

      12) 20-бапта:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дұрыстығына тексеру жүргiзуге құқығы бap. Осы мақсаттарда ол мемлекеттік органдарға және тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушіге сұрау салу жіберуі мүмкін. Бұл peттe әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы және шешiм қабылдау мерзiмдерiн ұзарту туралы шешiм қабылдауда орын алған кідірту туралы өтiнiш берушi бiр айдан аспайтын мерзiмде жазбаша түрде хабардар етілуге тиiс.

      5. Кейiннен өтiнiштер берiлген кезде әлеуметтік төлемдер осы баптың 2 - 4-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тағайындалады.

      Қордың шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.";

      6-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмысынан айырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерді тағайындау, сондай-ақ ауыр босанған, екі және одан да көп бала туған жағдайда, жүктілікке және босануға байланысты табысын жоғалтқан жағдайда, әлеуметтік төлемдерді қайта есептеуге жүгіну мерзімдері Қордан төленетiн әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап он екі айдан аспайды.

      Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындауға жүгіну мерзімі, он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалған адамдарды қоспағанда, қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған балаларының, оның iшiнде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің, қарындастары мен немерелерінің әлеуметтік төлемді тағайындауға жүгінген күні жиырма үш жасқа толған күнінен аспауға тиіс.";

      13) 22-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындауға және алуға, әлеуметтік аударымдар жүргізілген, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушысының – қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған мына отбасы мүшелері:";

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) он сегiз жасқа толмаған және егер олар он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, оның iшiнде асырап алған балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері, қарындастары мен немерелері құқылы.

      Бұл ретте аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің, қарындастары мен немерелерінің еңбек етуге қабілетті ата-анасы болмаған немесе олар ата-анасынан алименттер алмаған жағдайда, олардың да осындай құқығы бар. Осы тармақшада аталған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе білім алған он сегіз жастан асқан адамдардың жиырма үш жастан аспайтын шекте оқуын бітіргенше әлеуметтік төлемдер тағайындауға және алуға құқығы бар;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiнің саны өзгерген жағдайда, Қор әлеуметтiк төлемдердi қайта есептеу туралы шешiм қабылдайды. Бұл peттe әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар отбасы мүшелерiнiң санына қарай тиiсiнше ұлғайтылады немесе азайтылады.";

      14) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қор өз қызметiн Қордың активтерiнен алатын комиссиялық сыйақы есебiнен жүзеге асырады.

      Қордың өз қаражаты Қордың жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан қалыптастырылады және солардан тұрады.

      Қор мынадай қызмет түрлерін:

      1) әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың есебін жүргізуді;

      2) әлеуметтік төлемдерді алушылардың есебін жүргізуді;

      3) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесін және электрондық ақпарат ресурстарын құруды және дамытуды жүзеге асырады.

      Осы Заңда реттелмеген бөліктерде Қордың қызметінде Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы қолданылады.";

      15) 29-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Мемлекеттік корпорациядан ақпарат алуға;";

      6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) мемлекеттік органдар және тиісті ұйымдар, әлеуметтік аударымдарды төлеушілер арқылы ақпаратқа сұрау салу жолымен әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дұрыстығын тексеруге;";

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомаларын, сондай-ақ артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомаларын және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорация арқылы Қорға қайтаруды жүзеге асыруға;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әлеуметтік төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта жалғастыру, тоқтату туралы шешім қабылдау;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерге қажеттілікті есептеу бойынша болжамды деректерді қалыптастыруға;

      5-2) әлеуметтік төлемдерді график бойынша жүзеге асыру үшін Мемлекеттік корпорацияны күнделікті қаржыландыруды жүргізуге;";

      мынадай мазмұндағы 7), 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) Қордың активтерін есепке алуды жүзеге асыру және ақпараттың сенімділігін, сақталуын қамтамасыз ету және рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғалуы үшін бағдарламалық қамтылым түрінде Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің болуын;

      8) ақпаратты сақтауға арналған резервтік орталықтың болуын;

      9) сол үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысына келіп түскен әлеуметтік аударымдар сомалары және алушыларға арналған әлеуметтік төлемдер сомалары туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      10) Қордың қызметінде қолданылатын ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен технологияларды қоса алғанда, бағдарламалық-техникалық қамсыздандырылуға кемінде үш жылда бір рет аудит жүргізуге;";

      16) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қор инвестициялық қызметтi Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арасында жасалатын шарттың және Экономикалық саясат жөніндегі кеңес мақұлданған инвестициялық декларацияның негiзiнде Қордың активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына орналастыру жолымен жүзеге асырады.";

      17) 31-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмi өтiп кеткенi үшiн алынған өсiмпұлдар, инвестициялық табыс, Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыларды, әлеуметтік төлемдерге бағытталған қаражаттарды және артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін алынған өсiмпұлдарды қайтаруды шегергенде, артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомалары және Қорға түсетiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түсiмдер;";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшiн өсiмпұлдарды, сондай-ақ өзге де қате есептелген қаражатты қайтаруға;".

      9. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 18-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат):

      7-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;";

      3) тармақша алып тасталсын.

      10. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат);

      18-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік көмек жергілікті өкiлдi органдар (мәслихаттар) бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен беріледi.".

      11. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат, № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18; № 16, 56-құжат):

      53-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша:

      1) қала жағдайында педагогтік қызметпен айналысатын педагог қызметкерлердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді;

      2) жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) белгілеген тәртіпте және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетіледі;".

      12. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., №10, 50-құжат; № 20- IV, 113-құжат, № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 12, 36-құжат):

      1) 8-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мыналарды:

      халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын;

      білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау тәртібін;

      әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;

      білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау тәртібін;

      халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қаржыландыру және мониторингтеу тәртібін;

      арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесі ұйымдарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету мамандарының бірыңғай тіркелімін қалыптастыру тәртібін;

      арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын;

      арнаулы әлеуметтік қызметтерді беру саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;".

      13. "Сыртқы барлау туралы" 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):

      13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері кадрлар есебінде, қолданыстағы резервте және запаста тұрады. Сыртқы барлау субъектілерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару мен арнайы құралдарды алып жүруге, сақтауға құқығы бар.

      Сыртқы барлау органының басшысы қызметкерлердің жекелеген санаттарының сыртқы барлау органындағы қызметке алынғанға дейінгі еңбек өтілін олардың еңбек сіңірген жылдарына есептейді.

      Сыртқы барлау органы қызметкерлерінің шет мемлекеттердің арнайы қызметтерінде және өзге де шетелдік ұйымдарда, қылмыстық топтарда тапсырмаларды орындау уақыты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен зейнетақы төлемдерін тағайындау, арнайы атақты беру және лауазымдық жалақыны есептеу үшін еңбек сіңірген жылдарына жеңілдікпен есептеп шығарылуға жатады.".

      14. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат, № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат):

      1) 78-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қызметкерлер қатарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не оны жерлеуді жүзеге асырған адамға алушы қайтыс болған кездегі үш айлық зейнетақы төлемінің мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

      Қызметкерлер қатарынан еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерін алатын қайтыс болғандардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы тағайындалуына қарамастан әйеліне (күйеуіне) – асыраушысының үш айлық зейнетақысы мөлшерінде және еңбекке жарамсыз әрбір отбасы мүшесіне – асыраушысының қайтыс болған күніне төленетін бір айлық зейнетақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

      Аталған тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақы алу құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына: жасына және еңбекке жарамдылығына қарамастан әйелі (күйеуі); 18 жасқа толмаған немесе, егер олар 18 жасқа дейін мүгедек болған болса, ол жастан үлкен немесе асыраушысы қайтыс болған күнге оқу орнының күндізгі бөлімінде білім алатын және 23 жасқа толмаған болса, балалары; қайтыс болған қызметкердің асырауында болған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен не мүгедек болып табылатын ата-анасы енгізіледі.";

      2) 81-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аталған ережелер арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметiнiң жалпы ұзақтығына қарамастан 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына, басқа мемлекеттер аумағында әскери іс-қимылдарға және бітімгершілік операцияларға қатысқандарға қолданылады.".

      15. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж. № 8-1, 65-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат):

      1) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 15,7 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.";

      2) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Еңбек өтілін растау

      1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi кезең үшін есепке алынады.

      2. Еңбек өтілі еңбек кiтапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиiстi жазбалар болмаған кезде жұмыс туралы мәлiметтердi растайтын құжаттар не сот шешiмi негізінде белгіленеді.";

      3) 14-1-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауды мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын орган жүргізеді.

      4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Өтініш пен қажетті құжаттардың Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.";

      4) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Талап етілетін еңбек өтілінен артық 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ескерілетін кірістің 75 пайызынан аспайды.

      Егер толық көлемде есептелген жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін зейнетақының ең төменгі мөлшерінен төмен болса, жасына байланысты зейнетақы төлемдері ең төмен мөлшерде тағайындалады.";

      5) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері өтініш жасалған күннен бастап тағайындалады. Өтініш пен қажетті құжаттардың Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күн болып есептеледі.";

      6) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Өткен уақыт үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу

      1. Тағайындалған, бірақ алушы талап етпеген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомалары өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға өтініш жасау алдындағы үш жылдан асырылмай төленеді.

      2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органның немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органның, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның кінәсінен уақытында алынбаған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің сомалары мерзімдері шектелмей өткен уақыт үшін төленеді.";

      7) 25-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, дара кәсiпкерлер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары әрбiр ай үшiн есептелетiн, алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.";

      8) 39-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;

      9) 65-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшiлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатарындағы адамдардың ақшалай қамтылымының мөлшері Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерінің, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұқсас не теңестірілген лауазымы бойынша қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күніне айқындалады.";

      10) 65-баптың 5-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

      11) 66-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте есептелген еңбек сіңірген жылдары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, қайта қарауға жатпайды.";

      12) 68-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қамтылым төленген күннен ерте емес және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасаған күнге дейін үш жылдан аспайтындай тағайындалады және жүзеге асырылады.";

      "3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері өтініш жасаған күннен бастап, бірақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекетте зейнетақы төленген күннен кейін тағайындалады.";

      13) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "70-бап. Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар

      1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.".

      16. "Қайырымдылық туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 139-құжат; 2017 ж., № 14, 47-құжат):

      1) 1-бапта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қайырымдылық – қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, ерікті, өтеусіз не жеңілдетілген шарттармен филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет, сондай-ақ туған жерді қолдау түрінде жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) қайырымдылық жасаушы – қайырымдылықты жүзеге асыратын адам, филантроп және (немесе) демеуші және (немесе) меценат, және (немесе) туған жеріне қолдау көрсететін адам;";

      мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) және 15-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15-1) туған жерді қолдау – патриотизмге негізделген, туған жерді қолдауға бағытталған ерікті қызмет;

      15-2) туған жерге қолдау көрсететін адам – туған жерге қолдау көрсететін жеке тұлға;

      15-3) туған жер – жеке тұлға туған және (немесе) өз өмірінің бір бөлігін өткізген Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;";

      2) 4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қайырымдылықтың түрлері филантропиялық, демеушілік, меценаттық қызмет және туған жерді қолдау бойынша қызмет болып табылады.";

      3) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

      "6-1-тарау. Туған жерді қолдау бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі

      30-1-бап. Туған жерді қолдау бойынша қызмет объектілері

      Осы Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес туған жерді қолдау бойынша қызмет объектілері:

      1) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;

      2) туған жерге қолдау көрсететін адамның туған жерінде орналасқан ғылым, білім беру, мәдениет, өнер, спорт объектілері, аумақтар;

      3) туған жерге қолдау көрсететін адамның туған жерінде орналасқан өзге де объектілер болып табылады.

      30-2-бап. Жеке тұлғаның туған жерді қолдау бойынша қызметі

      Жеке тұлға өзінің жеке меншігіндегі мүлікті және (немесе) өзінің зияткерлік меншігінің нәтижелерін пайдалана отырып туған жерін қолдау бойынша қызметпен айналысады.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады