Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 7 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 12 қаңтардағы
№ 7 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері және қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде::

      "Қызылорда облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 218-8-жолмен толықтырылсын:

      "218-8. "Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 266-21-1-жолмен толықтырылсын:

      "266-21-1. "Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС.

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ережеде:

      Министрлiктің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      "3. Төтенше жағдайлар комитеті" деген бөлімде:

      "Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген кіші бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-1-жолмен толықтырылсын:

      "12-1. "Қазалы теміржол ауруханасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

      4. "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесі" деген 5-қосымшада:

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1.15-1-жолмен толықтырылсын:

      "

4-1.

15-1

"Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС

      ".

      5. "Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 258 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 17, 124-құжат.):

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғам мүлкінің есебінен серіктестіктің жарғылық капиталын қалыптастыруды;

      2) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      3) Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының 1-3-тармақтарында көрсетілген іс-шараларды аяқтағаннан кейін серіктестік осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар 16 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке (бұдан әрі – серіктестіктер) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.";

      көрсетілген қаулыға 1-қосымша:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-1-жолмен толықтырылсын:

      "

12-1

"Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС"

Қазалы қаласы

      ";

      көрсетілген қаулыға 2-қосымша:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1-жолмен толықтырылсын:

      "

11-1

"Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС"

100 %

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады