2018 жылғы 18 қаңтарда "Самара-Шымкент" автомобиль жолының 1068 шақырымында автобустың жануы салдарынан болған төтенше оқиғаның себептерін тергеп-тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 22 қаулысы

      2018 жылғы 18 қаңтарда "Самара-Шымкент" автомобиль жолының 1068 шақырымында автобустың жануы салдарынан болған төтенше оқиғаның себептерін тергеп-тексеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылғы 18 қаңтарда "Самара-Шымкент" автомобиль жолының 1068 шақырымында автобустың жануы салдарынан болған төтенше оқиғаның себептерін тергеп-тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

      2. Комиссия дереу жұмысқа кіріссін, қажетті мамандарды тарта отырып, Өзбекстан Республикасының құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасап, төтенше оқиғаның себептерін жан-жақты тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін, сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсету шараларын қабылдасын.

      3. Комиссия басшысы Р.В. Скляр төтенше оқиғаның себептерін тергеп-тексеру нәтижелері және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2018 жылғы 18 қаңтардағы
№ 22 қаулысына
қосымша

2018 жылғы 18 қаңтарда "Самара-Шымкент" автомобиль жолының 1068 шақырымында автобустың жануы салдарынан болған төтенше оқиғаның себептерін тергеп-тексеру жөнінде үкіметтік комиссиясының құрамы

Скляр
Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, басшы

Тұрғынбаев
Ерлан Заманбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, басшының орынбасары

Цой
Алексей Владимирович

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

Мәдиев
Ардақ Еділұлы

-

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады