2018 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 579 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2018 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№ 33 қаулысына
қосымша

2018 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету

      мың теңге

Функционалдық топ

Атауы

Өзгерістер
(+/-)


Әкімші



Бағдарлама




ІІ. Шығындар

0

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер



104


Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің Кеңсесі

−108 043



001

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

−20 563



002

Мемлекеттік органдарда және мекемелерде
ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету және
ұйымдастыру жөніндегі қызметтер

−87 480

03



Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот,
қылмыстық-атқару қызметі



410


Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

108 043



001

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

108 043


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады