"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 ақпандағы № 42 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "

11)

Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне


ЛА-дан 30 %

Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға заңнамада белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен артық емес нақты жүктемені ескере отырып белгіленеді.

                                                                         ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:

      "

7.

Білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұлттық біліктілік тестінен өткен бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін мұғалімдерге:
- педагог-шебер
 
- педагог-зерттеуші
 
- педагог-сарапшы
 
- педагог-модератор

Педагогикалық-шеберлік санаты үшін қосымша ақы

 
 
 
 
 
 
ЛА-дан 50 %
ЛА-дан
40 %
ЛА-дан
35%
ЛА-дан-
30%

Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға заңнамада белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен артық емес нақты жүктемені ескере отырып белгіленеді.
Осы тармақ 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

                                                                        ".

      2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады