"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының лауазымды тұлғаларын ротациялау туралы" Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылғы 14 қазандағы шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қазақстан Республикасына бекітіліп берілген квотаға сәйкес Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының Қауіп-қатерлерге қарсы әрекет басқармасының бастығы лауазымына Мұрат Жанқуатұлы Қонақбаевтың кандидатурасын бекітуге ұсыну туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |