"Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 44 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелiгi туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің (бұдан әрі – АИИБ):

      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменов,

      Басқарушының  орынбасары  –  Қазақстан  Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Кенжетайұлы Қабыкенов;";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімінің Баптарын іске асыруға байланысты барлық мәселелер бойынша АИИБ-мен байланыста болу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ресми орган болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады