Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің мүдделерінде геокеңістіктік ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 186 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Сәкен Әділханұлы Жасұзақовқа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің мүдделерінде геокеңістіктік ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |