Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 75 қаулысы.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 22 ақпандағы
№ 75 қаулысымен
бекітілген

Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 31-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      Қағидалар Каспий теңізінің қазақстандық секторында (бұдан әрі – КТҚС) мемлекеттік органдар мен ұйымдар теңіз қызметін жүзеге асырған кезде теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. КТҚС-да теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету:

      1) навигациялық жабдық құралдарын орнату және пайдалану;

      2) теңізде жүзушілерді навигациялық ахуалдағы өзгерістер туралы хабардар ету;

      3) КТҚС-да гидрографиялық түсірілімдер жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) гидрографиялық зерттеулер – теңіздің және құрлықтың су объектілерін, олардың нысандарын, көлемдерін, жағалаудың, теңіз түбінің, тереңдігінің, рельефінің және топырағының сипатын зерттеу;

      2) гидрофизикалық зерттеулер – теңіз бен атмосфераның өзара әрекеттесуі процесін, толқынның беткі, көтерілу және ішкі қарқынын, су циркуляциясын, турбуленттілігін, теңіздің физикалық өрісінің мезо- және микроқұрылымын (температурасын, тұздылығын, тығыздығын, ағыс жылдамдығын және бағытын, оптикалық және акустикалық қасиеттерін, магниттік өрісін, теңіз химиясын) зерттеу;

      3) геофизикалық зерттеулер – су түбі рельефін, құрамын, физикалық-механикалық қасиеттері мен коррозиялық белсенділігін; жерасты суларының орнын, динамикалық сипаттамалары мен қасиеттерін; уақыт өткен сайын адам қызметінің нәтижесінде болатын өзгерістерді зерттеу;

      4) гидрографиялық қызмет – теңіз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету міндеттерін орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) жүзбелі шектеу жүйесі – навигациялық қауіптерден, су жолдарынан (фарватерлерден, арналардан және әртүрлі сулы аудандар мен орындардан) шектеудің немесе белгілеудің көзге көрінуін және ондағы біркелкілікті қамтамасыз ету мақсатында оларға белгілі бір бояу түсін, жарық сипатын, үлгілік фигуралардың нысандары мен бояу түсін бере отырып, теңіздік жүзбелі сақтандыру белгілерін орналастыру жүйесі;

      6) жүзуге тыйым салынған аудан – жүзуге тыйым салынған немесе теңізде жүзу, зәкірге қою, теңіз сүтқоректілерін ұстау, су биологиялық ресурстарды алудың (аулаудың) суасты құралдарымен балық аулауды, суасты жарылыстарын жүзеге асыру, уланған зәкір-шынжырмен жүзу, ұшу аппараттарының ұшып өтуі, қалықтап тұруы және қонуы (су бетіне қонуы) және басқа да әрекеттер үшін шектеу қойылатын теңіз ауданы;

      7) жүзуге уақытша қауіпті аудан – белгілі бір мерзімге жүзуге тыйым салынатын немесе теңізде жүзу, зәкірге қою, теңіз сүтқоректілерін ұстау, су биологиялық ресурстарды алудың (аулаудың) суасты құралдарымен балық аулауды, суасты жарылыстарын жүзеге асыру, уланған зәкір-шынжырмен жүзу, ұшу аппараттарының ұшып өтуі, қалықтап тұруы және қонуы (су бетіне қонуы) және басқа да әрекеттер үшін шектеу қойылатын теңіз ауданы;

      8) латералды белгілер – теңіз арналары мен фарватерлері тұрған жақты шектейтін, сондай-ақ арналарды (фарватерлерді) бөлу орындарын белгілеуге, негізгі (қалаулы) арнаның (фарватердің) бағытын және олардың бұрылыс орындарын көрсетуге арналған жүзбелі сақтандыру белгілері;

      9) лоция – теңізде жүзушіге жергілікті жердегі географиялық пунктті тануына мүмкіндік беретін аудандағы жүзу шарттарын сипаттайтын және жүзу жолын таңдауды ұсынатын ақпараттық анықтамалық;

      10) навигациялық ақпарат – теңізде жүзушілерге хабарламаны басып шығару және оны лоцияға және оқу құралдарына енгізу үшін КТҚС-да жүзетін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері (бұдан әрі – ҚК ӘТК) және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – ҰҚК ШҚ) корабльдерінің командирлері, сондай-ақ кемелер капитандары гидрографиялық қызметке беретін навигациялық жағдайдың өзгеруі туралы ақпарат;

      11) навигациялық жағдай – физикалық-географиялық шарттармен (тереңдігі, су түбінің сипаттамасы, жағалаудағы көзге көрінетін бағдарлар, навигациялық қауіптер), теңіздегі навигациялық жабдықтау құралдарының бар болуымен және жай-күйімен және кемелердің жүзуін регламенттейтін ұсынымдармен айқындалатын теңіздегі жағдай;

      12) навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету – навигациялық теңіз карталарын, жүзуге арналған нұсқаулар мен оқу құралдарын қазіргі заманғы деңгейде ұстау, КТҚС-да теңіз жолдарын навигациялық жабдықтау құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ теңізде жүзушілерді навигациялық жағдайдың өзгеруі туралы хабардар ету мақсатында теңізді гидрографиялық, гидрофизикалық және геофизикалық зерттеуді орындау;

      13) теңізде жүзушілерге хабарлама – теңізде жүзу оқу құралдарына (карталарға, лоцияларға) енгізу үшін гидрографиялық қызмет кезең-кезеңімен басып шығаратын навигациялық жағдайдағы өзгерістер туралы ақпараттық бюллетень;

      14) теңіздің гидрографиялық түсірілімі – теңізде жүзу мұқтажы, теңіз геологиясы және теңіз құрылысы үшін су объектілері туралы ақпаратты жинау процесі;

      15) теңіз қызметі – бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттің қауіпсіздігі, тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуы мүдделерінде Каспий теңізін зерделеу, игеру және пайдалану саласындағы қызметі, оның ішінде: кеме қатынасы қызметі, порттық (айлақтық) көрсетілетін қызметтерді ұсыну, кеме жасау және жөндеу, кемелік операцияларды қамтамасыз ету, теңіз мұнай-газ өндіру объектілерін пайдалану, су биологиялық ресурстарды өндіру, теңіздік ғылыми зерттеулерді жүргізу;

      16) теңіздік жергілікті дифференциалды станция – Жаһандық навигациялық спутниктік жүйені (бұдан әрі – ЖНСЖ) тұтынушы дифференциалды түзетулердің қолданылу радиусында болған кезде оның кеңістіктік координаталарын айқындау нақтылығын арттыру үшін олардың көмегімен навигациялық сигналдарды қабылдау мен өңдеу, дифференциалды түзетулерді есептеп шығару және оларды түзететін ақпарат құрамында ЖНСЖ-ны тұтынушыға байланыс арналары арқылы беру жүзеге асырылатын белгілі кеңістіктік координаталары бар пунктте орналасқан радиоэлектрондық және техникалық құралдар кешені;

      17) кардиналды белгілер – теңіздегі (банкалар, қайраңдар, тастар үйінділері, жасанды суасты кедергілері) немесе жағалық шектен жайылатын (рифтер, саяз жерлер, енсіз түбектер, құбырлар) навигациялық қауіптерден шектеу үшін арналған жүзбелі сақтандыру белгілері;

      18) ұйымдар – КТҚС-да теңіз қызметімен айналысатын заңды тұлғалар.

2-тарау. Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз қызметін навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету тәртібі

1-параграф. Навигациялық жабдықтау құралдарын орнату және пайдалану тәртібі

      4. Ұйымдардың навигациялық жабдықтау құралдары (бұдан әрі – НЖҚ) КТҚС-ны навигациялық жабдықтаудың жалпы жүйесіне кіреді және теңіз порттарына және теңіз қызметі объектілеріне кіреберістерде кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз етуге арналады.

      5. НЖҚ жағалық және жүзбелі болып бөлінеді:

      1) жағалық НЖҚ-ға маяктар, теңіз навигациялық белгілері мен теңіздік жергілікті дифференциалды станциялар жатады.

      Жағалық НЖҚ теңіздің белгілі бір учаскесін немесе жағалық жиегін тану және кеменің мәлімделген белгінің көріну қашықтығы шегіндегі орнын айқындау үшін арналған;

      2) жүзбелі НЖҚ-ға жүзбелі сақтандыру белгілері (бұдан әрі – ЖСБ) – буйлар мен қадалар жатады.

      Жүзбелі НЖҚ навигациялық қауіптерден, арналардың жиектерін және фарватерлер тұрған жақтарын, ұсынылған жолдарды, теңіз порттарының акваторияларын, суасты карьерлерін, топырақ үйінділерін, теңізге шығатын құбыржолдар мен кабельдерді, полигондарды шектеу үшін арналған.

      6. Тануды жақсарту үшін НЖҚ бәсең радиолокациялық шағылыстырғыштармен (бұдан әрі – БРЛШ), радиолокациялық маяк-жауап бергіштермен және дыбыстық-сигнал беру құрылғысымен жабдықталады.

      7. НЖҚ бар және оны пайдаланатын ұйымдар гидрографиялық қызметке теңізде жүзушілерге хабарламаны басып шығару және оқу құралдарына (карталарға, лоцияларға) енгізу үшін осы Қағидаларға 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтерді ұсынады.

      8. Навигацияны ашуға (жабуға) байланысты ЖСБ-ны орнату (алу), навигациялық белгілер жарықтарын қосу (сөндіру) гидрографиялық қызметпен және теңіз портының капитанымен келісілген мерзімдерде жүргізіледі.

      9. КТҚС-ның солтүстік бөлігінде теңіз ЖСБ-ны орнату шектелетін аудан мұздан толық тазартылғаннан кейін, ал мұзды буйлар мен қадалардан басқа, оларды алу мұз қата бастағанда жүргізіледі.

      Мұз қататын порттарда ЖСБ навигация басында, порт акваториясы мұздан толық тазартылғанда қойылады, ал гидрометеожағдайларды ескере отырып, мұздың пайда болуының бірінші белгілерімен навигация соңында алынады.

      10. Навигациялық кезең ішінде жағалық навигациялық белгілердің жарықтары сөндіріледі, ал ЖСБ теңізде жүзушілерге хабарламаны басып шығару үшін гидрографиялық қызметті бір уақытта хабардар ете отырып, шұғыл жөндеу үшін алынады.

      11. НЖҚ белгілерін орналастырудың келісілген схемаларындағы өзгерістерге гидрографиялық қызметпен келіскеннен кейін ғана жол беріледі.

      12. Ұйымдар басшылары мен кемелер капитандары ЖСБ-ны дұрыс орнату мен оның қолданылуын, сондай-ақ олардың навигациялық карталардағы мәлімделген сипаттамаларға сәйкес келуін де тексереді.

      13. Ауытқыған ЖСБ-ны анықтаған жағдайда кемелер капитандары теңіз портының капитанына және гидрографиялық қызметке жеткізілімді жолдайды, егер ауа райы жағдайы және кеменің техникалық мүмкіндіктері мүмкіндік берсе, ЖСБ-ны бортқа көтереді немесе сүйретуге алады және портқа жеткізеді.

      14. ЖСБ-ға қандай да бір зақым келтірген кеме капитаны ол туралы ЖСБ координаталарын, атауын және зақымдау сипатын көрсетіп, теңіз портының капитанына және гидрографиялық қызметке дереу хабарлайды.

      15. Жағалық НЖҚ күндізгі және түнгі бағдарлар болып табылады және жағалау мен теңізде гидротехникалық негіздерде орнатылады және жүзу шарттары бойынша талап етілетін жарықты тәуліктің түнгі уақытында және құрылысты күндізгі уақытта көру қашықтығын қамтамасыз етеді.

      16. Жағалық НЖҚ-ның шағылыстыру қабілетін арттыру, сондай-ақ ойпатты жағалауда орналасқан, тән радиолокациялық бағдарлары жоқ жекелеген нүктелерді белгілеу үшін бәсең радиолокациялық шағылдырғыштар қолданылады.

      17. Жағалық НЖҚ-ны орнату кезінде:

      1) навигациялық белгілерді (белгілер ортасын) орнату орындарының координаталары геодезиялық тәсілмен айқындалады;

      2) белгі негізінің биіктік белгісі нивелирдің көмегімен айқындалады;

      3) теңіз навигациялық белгісін жаңасымен ауыстырған кезде белгі ортасының сақталуы теодолиттің көмегімен тексеріледі;

      4) жарма белгісінің бойлық осі жарманың осьтік сызығына сәйкес келеді;

      5) қалқанның беткі жағының және үлгілік фигураның жазықтығы жарма сызығына перпендикуляр орналасады;

      6) белгі жарманың жүзу бөлігінің кез келген нүктесінен айқын көрінуге тиіс. Белгінің бояуын таңдаған кезде белгі жергілікті жер реңімен анағұрлым үйлесімді етіп жасалады.

      18. Навигациялық белгілер жүзіп өтетін кемеден олар көрінетін жақтан қалқандармен жабдықталған тану және жарма белгілері немесе айырым бояуы бар порттық навигациялық белгілер болып бөлінеді.

      19. Тану навигациялық белгілерінде жарық-оптикалық аппараттар және бәсең радиолокациялық шағылдырғыштар орнатылады.

      20. Жергілікті жердің реңіне байланысты жағалық НЖҚ осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес түстерге боялады.

      21. Портта, елді мекенде немесе бөгде жарықтардың саны көп болатын басқа да жерлерде орнатылған жарма белгілері барлық басқа жарма жарықтарынан қатты ерекшелігін қамтамасыз ететін электр жарық жолымен жабдықталады.

      22. Саны көп крандар, ғимараттар мен басқа да биік құрылыстар және конструкциялар реңінде белгілердің күндізгі уақытта көрінуі қиындағанда порттарда немесе басқа да аудандарда жарма белгілерін орнату кезінде тәуліктің жарық уақытында белгілерді қолдану үшін оларға қосымша жарық-оптикалық аппараттар орнатылады.

      23. Жағалық НЖҚ-ны штаттық орындарға орнатқаннан кейін оларды пайдалануға берер алдында олар гидрографиялық қызмет мамандарын тарта отырып, теңізден қадағалаумен тексеріледі.

      24. Жағалық НЖҚ-ның қолданылуын теңізден жүргізілген қадағалау нәтижелері бойынша гидрографиялық қызмет оны пайдалануға қабылдау немесе жағалық НЖҚ-ны қолдану сапасын жақсарту бойынша қосымша жұмыстар жүргізу туралы қорытынды береді, олар орындалғаннан кейін теңізден қадағалаумен тексеру қайталанады.

      25. Теңіздік жергілікті дифференциалды станция (бұдан әрі – ТЖДС) навигациялық сигналдарды қабылдауды, қызметтік ақпаратты беруді, өңдеуді және сақтауды (резервтегіні қоса алғанда), сондай-ақ нақты уақыт ауқымында ТЖДС-ны пайдаланушыларға деректерді ұсынуды жүзеге асырады.

      26. ТЖДС мынадай міндеттерді шешу кезінде объектілердің координаталарын "метрлік" және "дециметрлік" дәлдікпен айқындауды:

      1) ЖНСЖ сигналдарын қабылдауды;

      2) дифференциалды түзетулерді есептеуді және ЖНСЖ навигациялық сигналдары үшін түзетуші ақпаратты қалыптастыруды;

      3) нақты уақыт ауқымында түзетуші ақпаратты беруді;

      4) навигациялық өрістердің сапасы және түзетуші ақпарат сапасы туралы ақпаратты қалыптастыруды және беруді;

      5) ТЖДС құрамдас бөліктерінің жұмыс режимінде жұмыс істеу сапасын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді.

      27. КТҚС-да кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ЖНСЖ-ны тұтынушылар болып табылатын кемелер капитандары орналасқан жердің координаталарын дәл айқындау үшін түзетуші ақпаратты пайдаланады.

      28. КТҚС-да Халықаралық маяк қызметтерінің қауымдастығы (бұдан әрі – ХМҚҚ) қабылдаған навигациялық қауіптерді жүзбелі сақтандыру белгілерімен шектеудің бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – А өңірі ХМҚҚ жүзбелі шектеу жүйесі) пайдаланылады.

      29. А өңіріндегі ХМҚҚ жүзбелі шектеу жүйесі бойынша белгілер мен жарықтардың қызыл түсі – фарватерлер мен арналардың сол жағын (қызыл – сол жақ), ал жасыл – оң жағын шектеу үшін қабылданған. Бұл ретте фарватерлер мен арналардың бағыты және олардың жақтарының атауы теңізден саналады, ал жекелеген жағдайларда арнайы ескертіледі.

      30. А өңірі ХМҚҚ жүзбелі шектеу жүйесі ЖСБ-ның бес типін:

      1) латералды белгілер;

      2) кардиналды белгілер;

      3) шағын көлемдегі жеке қауіптер белгілері;

      4) осьтік белгілер (қауіпсіз өту белгілері);

      5) арнайы мақсаттағы белгілерді көздейді.

      31. Қою ауданының ерекшеліктеріне және шектелетін қауіп түріне байланысты белгілердің аталған типтерінің әрқайсысы дербес те, бір уақытта барлық немесе бірнеше типтерді қамтитын әртүрлі тәсілдер де қолданылады.

      32. Жарық беретін және жарық бермейтін жүзбелі белгілерде бәсең радиолокациялық шағылдырғыштар, радиолокациялық маяк-жауап бергіштер, радиомаяктар, дыбыстық белгілер қолданылады. Әрбір нақты жағдайда белгілер жабдығының құрамы навигациялық оқу құралдарында жарияланады.

      33. А өңірі ХМҚҚ жүзбелі шектеу жүйесі бойынша қойылатын ЖСБ типтерін таңдау және олардың қажетті саны ауданның навигациялық-гидрографиялық ерекшеліктері, жүзу шарттары мен режимдері бойынша, сондай-ақ шектелетін қауіптердің орны, көлемі мен түрлері бойынша айқындалады.

      34. Латералды белгілер жиектеріне қатысты кеменің орналасу орнын көзбен өлшеп бағалауды жеңілдететін арнаны (фарватерді) шектеудің анағұрлым таралған нұсқасы ретінде арнаның (фарватердің) екі жағынан орнатылады.

      35. Латералды белгілермен шектелетін арнаның (фарватердің) бағыты және оның "сол" және "оң" жақтарының атауы теңізден портқа қарай жүзіп бара жатқан кемеге қатысты қабылданған, ерекше жағдайларда арнаның (фарватердің) бағыты бөлек ескертіледі.

      36. Сол жақтағы белгілерге – жұп нөмірлер, оң жақтағы белгілерге – тақ нөмірлер беріледі. Жекелеген жағдайларда реттік нөмірлеу жергілікті жағдайлар бойынша ыңғайлы болатындай жүзеге асырылады. Қабылданған нөмірлеу тәртібі навигациялық оқу құралдарында жарияланады.

      37. Біркелкі емес арналарды (фарватерлерді) бөлу орындарын белгілеудің латералды белгілері негізгі арнаның (фарватердің) сол жағындағы немесе оң жағындағы бөлу орнына (нүктесіне) қойылады және атауына сәйкес қойылған белгіге қатысты (теңізден санай отырып) негізгі арнаның (фарватердің) орналасуы көрсетіледі.

      "Оң жақтағы негізгі арна (фарватер)" белгілері негізгі арнаның (фарватердің) сол жағындағы оны бөлу орнына (нүктесіне) қойылады.

      "Сол жақтағы негізгі арна (фарватер)" белгілері негізгі арнаның (фарватердің) оң жағындағы оны бөлу орнына (нүктесіне) қойылады.

      Әрбір нақты жағдайда белгілердің типтері мен оларды орнату орындары бөлу (қосу) орындарында арналардың (фарватерлердің) өзара орналасуымен айқындалады.

      38. Арна (фарватер) аймағында болатын жеке қауіптер шағын көлемдегі жекелеген қауіптер белгілерімен немесе тиісті кардиналды белгілермен шектеледі.

      39. Кардиналды белгілер қауіп айналасына оны жер шарының жақтарына қатысты шектеу қағидаты бойынша (компас бойынша басты төрт бағыт бойынша) қойылады. Шектелетін қауіптің айналасындағы көкжиек шартты түрде:

      1) солтүстік, NW (солтүстік-батыс) және NE (солтүстік-шығыс) румбалары арасында;

      2) шығыс, NE (солтүстік-шығыс) және SE (оңтүстік-шығыс) румбалары арасында;

      3) оңтүстік, SE (оңтүстік-шығыс) және SW (оңтүстік-батыс) румбалары арасында;

      4) батыс, SW (оңтүстік-батыс) және NW (солтүстік-батыс) румбалары арасында төрт сектор болып бөлінеді.

      40. Кардиналды белгінің атауы шектелетін қауіптің қай жағынан айналып жүзіп өту қажет екенін көрсетеді.

      41. Кардиналды белгілер кемелердің жүзуі белгілі бір бағыттармен регламенттелмеген аудандарда қолданылады.

      42. Кардиналды белгілер латералды белгілермен бірге тығыз жүзу аудандарында және арналарда (фарватерлерде) олардың иілу (бұрылу), бөліну және қосылу орындарында, сондай-ақ арнаның (фарватердің) жиектеріне қауіп төнген кезде қолданылады.

      43. Суға батқан кемелерді шектеу кезінде кардиналды белгілерді қою орындары, олардың атауы мен қажетті саны кеме көлемімен, оның орналасуымен және оны қай жағынан айналып жүзіп өту қажет екенімен айқындалады.

      44. Шектелетін қауіпке қатысты әрбір қойылған кардиналды белгінің орналасуы және қауіптен белгіге дейінгі арақашықтық навигациялық оқу құралдарында көрсетіледі.

      45. Шағын көлемдегі жекелеген қауіптер белгілері жан-жағынан навигациялық тұрғыдан қауіпсіз жүзуді қамтамасыз ететін тереңдікпен шектелген бөлек жатқан шағын көлемдегі қауіптерді шектеу үшін арналған.

      46. Егер қауіп радиусы 100 метрге дейін шеңберде болса, ол шағын көлемдегі болып саналады.

      47. Шағын көлемдегі жеке қауіптер белгілері тікелей шектелетін қауіп үстіне қойылады. Егер белгіні қауіп үстіне қою мүмкін болмаса, онда ол мүмкіндігінше одан ең аз қашықтыққа қойылады. Бұл жағдайда қауіп және оны шектейтін белгі радиусы 100 метрге дейін шеңберге (шеңбер ортасы белгіні қою нүктесінде жатқан ретінде қабылданады) кіруге тиіс.

      48. Егер жағдайлар және тереңдік белгіні тікелей қауіп үстіне қоюға мүмкіндік бермесе немесе қауіп оны шектейтін белгімен бірге радиусы 100 метрге дейін шеңберге кірмесе, онда шағын көлемдегі жеке қауіп белгісінің орнына тиісті кардиналды белгілер қолданылады.

      49. Шағын көлемдегі жеке қауіптер белгілері суға батқан кемелерді шектеу үшін қолданылады. Бұл жағдайда суға батқан кеменің көлеміне және алдыңғы пункттерде көрсетілген белгіні орнату орнына қатысты талаптарды орындау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

      50. Осьтік белгілер фарватерлердің және ұсынылған жолдардың осьтерін белгілеу үшін арналған.

      51. Осьтік белгілер фарватерлерді және ұсынылған курстарды белгілеу кезінде белгіден белгіге дейін жүзуді қамтамасыз ететіндей етіп қойылады. Фарватерлер мен ұсынылған курстар осьтерінің бұрылу орындары да осьтік белгілермен белгіленеді.

      52. Осьтік белгілер арнаға (фарватерге) кіреберістердегі (бастапқы) нүктелерде қойылатын қабылдайтын ретінде, сондай-ақ:

      1) ұсынылған бірнеше жолдарды бөлу және қосу орындарын;

      2) өлшеу мильдерінде жүзіп өту сызығының қалпын;

      3) қауіпсіз жүзіп өту ортасын немесе оның анағұрлым терең су қабатындағы бөлігін;

      4) айналмалы қозғалыс ауданының ортасын белгілеу үшін қолданылады.

      53. Арнайы мақсаттағы белгілер навигациялық оқу құралдарында оларға сілтемелер бар және карталарда орналасуы көрсетілген арнайы аудандарды немесе объектілерді шектеу немесе белгілеу үшін арналған.

      54. Арнайы мақсаттағы белгілер:

      1) ғылыми аппаратураны алып жүзетін жүзбелі және стационарлық объектілерді;

      2) арнайы аудандар мен полигондарды;

      3) топырақ үйінділері аудандарын;

      4) кабельдер мен құбыржолдарды;

      5) зәкір орындарын;

      6) қозғалысты бөлу шектері мен аймақтарын;

      7) қойылған балық аулау жабдығы орындарын шектеу немесе белгілеу үшін қойылады.

      55. Полигондарды, топырақ үйінділері аудандарын шектеу немесе белгілеу кезінде арнайы мақсаттағы белгілер олардың шекаралары бойынша қойылады. Белгілер саны шектелетін ауданның (полигонның) маңыздылығымен, оның конфигурациясымен және ауданымен айқындалады. Егер шектелетін ауданның (полигонның) шетінен арнайы мақсаттағы белгіні орнату ортасына дейінгі арақашықтық белгіленетін жарықтың көріну қашықтығынан екі есе аз болса, онда осы ауданда (полигонда) бір арнайы мақсаттағы белгі орнатылады.

      56. Осы ауданда теңіз қызметімен айналысатын ұйымдар осындай орындарды шектеуді гидрографиялық қызметпен келісу бойынша жүзеге асырады.

      57. Кабельдер мен құбыржолдар кабельді немесе құбыржолды төсеу желісі бойымен арнайы мақсаттағы белгілермен шектеледі.

      58. Балық аулау жабдығы қойылған орындарды арнайы мақсаттағы белгілермен шектеуді гидрографиялық қызметпен келісу бойынша тиісті балық аулайтын ұйымдар жүзеге асырады. Келісу кезінде белгілерді орналастыру схемасы мен қажетті саны айқындалады.

      59. Балық аулау жабдығы қойылған орындарды шектеу үшін арнайы мақсаттағы белгілердің орнына А өңіріндегі ХМҚҚ жүзбелі шектеу жүйесінде қабылданғаннан нысаны мен бояуы бойынша ерекшеленетін арнайы белгілер де қолданылады.

      60. Балық аулау жабдықтары қойылған орындарды шектейтін белгілерді орналастыру схемасы, түрі теңізде жүзушілерге хабарламада жарияланады.

      61. Қажетті ЖСБ-ны орнатуды және оған қызмет көрсетуді:

      1) гидрографиялық қызмет – КТҚС теңіз жолдарының;

      2) мұнай-газ өндіру теңіз объектілерін пайдаланатын ұйымдар – жасанды аралдар мен мұнай-газ өндіру объектілерінің;

      3) порттар әкімшілігі – порттардың және оларға кіреберістердің;

      4) теңіз және жағалық объектілердің меншік иелері теңіз және жағалық объектілердің акваторияларында жүзеге асырады.

      62. ЖСБ-ны 61-тармақтың 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген акваторияларда орнату гидрографиялық қызметпен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      63. ЖСБ-ны штаттық орындарға орнату және оларды пайдалануға беру алдында олар гидрографиялық қызмет мамандарын тарта отырып тексеріледі.

      64. Пайдалану кезеңінде қолданыстағы теңіз ЖСБ:

      1) қолданудың барлық кезеңі ішінде штаттық орнын сақтайды;

      2) мәлімделген көру қашықтығын қамтамасыз етеді;

      3) үлгілік фигураның нысанын (бар болған кезде), сыртқы бояудың штаттық түсін, жарықтың сипаттамасы мен үздіксіз әрекет етуін сақтайды.

      65. Порттар акваториясының кірме арналары мен фарватерлерін шектейтін жүзбелі НЖҚ порт бастығы бекітетін навигациялық шектеу схемасына сәйкес орнатылады және гидрографиялық қызметпен келісіледі.

      66. ЖСБ теңізде жүзуші кеменің алдыңғы жағынан:

      1) арналарда – буйлардың немесе қадалардың кемінде екі жұбын;

      2) фарватерлерде – буйлардың немесе қадалардың кемінде бір жұбын;

      3) фарватерлердің немесе ұсынылған курстардың осьтерін белгілеу кезінде екі немесе бір белгіні көретіндей орнатылады.

      67. Көршілес белгілердің жұптары арасындағы аралықтар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша есептеледі.

      68. Осы формулалар бойынша есептелген және 0,5 километрге дейін дөңгелектелген белгілер арасындағы аралықтар бір мильге атмосфераның айқындылығы Т = 0,8 коэффициенті кезінде олардың көріну қашықтығына байланысты осы Қағидаларға 7-қосымшада айқындалған.

      69. Әрбір жекелеген жағдайда навигациялық қауіпті шектеу мынадай факторларды:

      1) жүзу ауданының навигациялық-гидрографиялық және гидрометеорологиялық жағдайларын;

      2) кемелер қозғалысының белгіленген жолдарын;

      3) осы ауданда жүзетін кемелердің типтерін;

      4) навигациялық қауіптің сипаты мен ерекшеліктерін алдын ала зерделегеннен және ескергеннен кейін жүргізіледі.

      70. Шектеуге:

      1) кемелер қозғалысы қарқынды жағалық жүзу аймақтарында;

      2) арналардың, фарватерлер мен ұсынылған курстардың жақын нүктелері маңында;

      3) теңізде, фарватерлер немесе кемелер қозғалысының ұсынылған курстары маңында;

      4) арнайы жұмыстар, балық аулау немесе басқа да кәсіптік жұмыс аудандарында орналасқан барлық қауіптер жатады.

      71. ЖСБ-ны және олардың навигациялық қауіпке қатысты орналасуын таңдау үшін бастапқы деректер:

      1) осы аудандағы кемелер қозғалысының схемасы (фарватерлердің, ұсынылған курстардың, қозғалысты бөлу аймақтарының бар болуы) және жүзу жағдайлары (күндіз, түнде, жазда немесе жыл бойы);

      2) навигациялық қауіптің орналасуы, шекаралары (көлемі) және басқа да ерекшеліктері;

      3) осы ауданға тән метеорологиялық көру қашықтығы;

      4) осы ауданда жүзетін кемелердің барынша шөгуі, жылдамдығы, ұзындығы, циркуляция радиусы;

      5) аудандағы және қауіптегі теңіз түбінің тереңдігі, рельефі және теңіз түбіндегі топырақтың сипаты;

      6) толқынның ең жоғарғы биіктігі, теңіз деңгейінің ауытқуы, ағыстың бағыты мен жылдамдығы;

      7) осы аудандағы орынды айқындау нақтылығы болып табылады.

      72. ЖСБ қауіпке қатысты мыналарды:

      1) теңізде жүзушіге күндіз және түнгі уақытта қолданудың мәлімделген қашықтығында белгіні уақтылы анықтау, оны тану және қауіптен қорғану мүмкіндігін;

      2) қауіп айналасында белгілерді көру қашықтығының тұтас аймағын жасауды және кемінде 30 %-ға өзара жабылуды қамтамасыз ете отырып орнатылады.

      73. ЖСБ-ны орнату кезінде навигациялық қауіптерді шектеудің мынадай нұсқалары көзделеді:

      1) жағалау шегінен теңізге 2 километрге дейінгі қашықтыққа шығатын енсіз түбектер мен саяз жерлер түріндегі қауіптер бір кардиналды белгімен шектеледі (жағалау мен қауіп арасындағы өтпе жол бар болған кезде ол төрт жақтан кардиналды белгілермен шектеледі);

      2) жағалаудан теңізге дейін кемінде 2 километр болатын қауіптер үш жақтан, ал жағалау мен қауіп арасындағы өтпе жол бар болған кезде – төрт жақтан кардиналды белгілермен шектеледі;

      3) егер қауіп көру қашықтығы барлық бағыттардан қолданудың қажетті қашықтығынан асатын белгімен шектелсе, онда шағын кемелердің жүзуін қамтамасыз ету үшін қауіп шекаралары қосымша қадалармен шектеледі;

      4) ұзындығы жүзбелі белгіні көру қашықтығы шамасының жартысынан аспайтын бөлек банкаларда БРЛШ бар бір жарық беретін буйды және қауіптің орналасуын нақтылайтын қадаларды қоюға рұқсат етіледі.

      74. Буй фарватер, ұсынылған курс немесе кемелер қозғалысы жолы жағынан орнатылады.

      75. Арналарды немесе фарватерлерді шектеу үшін белгілердің қажетті саны осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес формулалар бойынша есептеледі.

      76. ЖСБ-ға нөмір беру гидрографиялық қызметпен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      77. Құбыржолдар мен кабельдерді қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету және зақымдау мүмкіндігін болдырмау үшін мынадай қашықтықта тұратын параллельді жазықтықтар арасында жасалған су бетінен түбіне дейін барлық тереңдікте су кеңістігі учаскелері түріндегі күзет аймақтары:

      1) теңіз байланыс кабелінің трассасы үшін – әр жағынан 500 метр;

      2) электр желісі кабелі үшін – әр жағынан 100 метр;

      3) құбыржолдардың суасты өтетін жолдары үшін – әр жағынан құбыржолдардың шеткі жиектерінің осьтерінен 100 метрден белгіленеді.

      78. Теңіз кабель желілері мен құбыржолдар трассалары теңізде жүзушілерге хабарламада көрсетіледі және теңіз карталарына түсіріледі.

      79. Әртүрлі мақсаттағы кабельдер мен құбыржолдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында теңізде жүргізілген кабельдер мен құбыржолдардың иелері гидрографиялық қызметпен келісілген орындарда ЖСБ-ны қояды.

      80. Теңізге тазартқыш құрылыстарды немесе басқа да мақсаттағы құбыржолдарды, сондай-ақ кабель желілерін шығаратын орындардың алдында жағалауда зәкір қоюға, шынжырлар, сүйреткілер, лоттар түсіруге тыйым салынған суасты өту аймақтарын білдіретін "Зәкір тастауға болмайды" деген тыйым салатын белгісі орнатылады. Шығаратын орынның теңіз жағында ЖСБ қойылады.

      81. Кабель, құбыржол трассасының осі әрекет ету қашықтығы шығаратын орынның ұзындығынан аспайтын көрсетілген белгілер жармасымен және ұдайы сары жарықпен белгіленеді.

2-параграф. Навигациялық жағдайдағы өзгерістер туралы теңізде жүзушілерді хабардар ету тәртібі

      82. Навигациялық ақпарат өзінің шұғылдығы және маңыздылығы бойынша кезектен тыс – навигациялық жағдайдағы анағұрлым шұғыл және маңызды өзгерістер туралы хабардар ету және кезекті, теңізде жүзу үшін тікелей қауіп туралы мәліметтерді қамтымайтын шұғылдығы және маңыздылығы төмен ақпарат болып бөлінеді.

      83. Кезектен тыс ақпарат мынадай қауіптер туралы:

      1) негізгі кеме қатынасы жолдарындағы жарықтардың, тұмандық сигналдар мен буйлардың ақаулығы;

      2) негізгі кеме қатынасы жолдарындағы немесе олардың маңындағы суға батқан кемелер және егер ол бар болса, олардың шектеуі;

      3) оларды орнату немесе өзгерту теңізде жүзушілерді жаңылыстыратын кезде жаңа НЖҚ немесе ескі НЖҚ-ның елеулі өзгерістері;

      4) қарқынды кеме қатынасы аудандарында үлкен басқарылмайтын сүйреткіштердің бар болуы;

      5) жылжымалы миналар;

      6) іздестіру-құтқару жұмыстары немесе теңіздің ластануына қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін аудандар (осы аудандарды аралап шығу үшін);

      7) жүзу үшін қауіп төндіретін жаңадан табылған жартастар, банкалар, рифтер және суға батқан кемелер, сондай-ақ егер ол бар болса, олардың шектеуі;

      8) кенеттен өзгерістер немесе белгіленген жолдар (маршруттар) бойынша жүзуге уақытша тыйым салу;

      9) кабельдерді немесе құбыржолдарды жүргізу бойынша жұмыс, сондай-ақ жүзу үшін қауіп төндіретін және кеме қатынасы жолдарында немесе олардың маңында жүргізілетін басқа да суасты жұмыстары;

      10) теңізде, кеме қатынасы жолдарында немесе олардың маңында құрылыстар орнату;

      11) навигациялық жабдық радиотехникалық құралдарының қолданылу режимінің елеулі бұзушылықтары;

      12) ауқымды аудандарда жүзу қауіпсіздігіне ықпал ететін арнайы іс-қимылдар (әскери-теңіз оқу-жаттығулары, зымырандық немесе артиллериялық оқ атулар) туралы мәліметтерді қамтиды.

      84. 83-тармақта аталған теңізде жүзу үшін қауіптерді кездестірген немесе оларды анықтаған ҚК ӘТК және ҰҚК ШҚ корабльдерінің командирлері, сондай-ақ кеме капитандары ол туралы хабарламаны:

      1) теңіздегі барлық кемелерге;

      2) гидрографиялық қызмет бойынша кезекшіге;

      3) теңіз портының капитанына дереу береді.

      85. Теңізде жүзу үшін тікелей қауіп туралы мәліметтерді қамтымайтын, бірақ жүзу үшін карталар мен нұсқаулардың сапасын елеулі түрде жақсартатын навигациялық ақпаратқа мынадай мәліметтер:

      1) тереңдігі сиретіліп ("ақ дақтар") көрсетілген немесе күмән келтіру, нақты емес белгілер бар аудандарда маршруттық өлшеу туралы;

      2) теңізден көзге көрінетін объектілер туралы;

      3) штаттық НЖҚ жұмысындағы өзгерістер туралы;

      4) жүзу және зәкірге қою үшін ұсынылған курстар, нұсқаулар туралы;

      5) порттардағы өзгерістер туралы;

      6) порттық қағидалар және лоцмандық қызмет туралы;

      7) теңізде жүзу мәселелеріне қатысты хабарландырулар мен ескертулер туралы;

      8) жергілікті жерде жүзу үшін карталар мен нұсқауларда анықталған айырмашылықтар туралы мәліметтер жатады.

      86. ҚК ӘТК мен ҰҚК ШҚ корабльдерінің командирлері, сондай-ақ кеме капитандары жинаған 85-тармақта аталған навигациялық ақпарат қысқа мерзімде гидрографиялық қызметке жолданады.

      87. Жүзу үшін тыйым салынған аудандардың шекаралары Каспий теңізінде жүзуге арналған навигациялық карталарда және оқу құралдарында көрсетіледі.

      88. Жүзу үшін тыйым салынған және жүзу үшін уақытша қауіпті аудандарға қатысты өзгерістерді гидрографиялық қызмет теңізде жүзушілерге хабарламада алдын ала жариялайды.

      89. Навигациялық жағдайлар және КТҚС-да кемелердің жүзу режимі өзгерген жағдайларда гидрографиялық қызмет теңізде жүзушілерге хабарламаны басып шығаруды, ал ұйымдар көрсетілген мәліметтерді теңізде жүзушілерге жеткізуді жүзеге асырады.

3-параграф. КТҚС-да гидрографиялық түсірілімдер жүргізу тәртібі

      90. Теңізді гидрографиялық түсіру гидрографиялық, геофизикалық, гидрофизикалық зерттеулерді және өлшеу жұмыстарын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      91. Гидрографиялық қызмет теңізді гидрографиялық, гидрофизикалық және геофизикалық зерттеулерді орындайды, басқа ұйымдар орындайтын зерттеулерді үйлестіруді және өз құзыреті шеңберінде Каспий маңы мемлекеттерінің гидрографиялық қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      92. Өлшеу жұмыстарын ұйымдар навигациялық және пайдалану мақсатында орындайды.

      93. Навигациялық мақсатта өлшеу жұмыстары – бұл акваториялардың картографиялық суретін жасау мақсатында рельефтің сипаты мен тереңдіктің жай-күйі туралы мәліметтерді алуға қол жеткізілетін жұмыстар жиынтығы.

      94. Пайдалану мақсатында өлшеу жұмыстары кеме қатынасы теңіз жолдары габариттерінің жай-күйін анықтау, су түбін тереңдету жұмыстарының көлемін айқындау, кеме қатынасы жолдары жүктемесінің көлемі мен қарқындылығын анықтау, гидротехникалық құрылыстарды салу немесе реконструкциялау бойынша жобалау жұмыстарын қамтамасыз ету үшін орындалады.

      95. Теңіз гидротехникалық құрылыстарын пайдаланатын ұйымдардың басшылары порттардың, порт айлақтарының, терминалдардың және кемеде жүзетін арналардың ведомстволық бағынысты акваторияларында навигациялық мақсатта өлшеу жұмыстарын уақтылы жүргізеді және осы акваторияларда кепілді тереңдікте ұстауды қамтамасыз етеді.

      96. Пайдалану мақсатында өлшеу жұмыстары теңіз объектілерінің көлеміне, қарқындылығына және жүктемесіне байланысты орындалады. Өлшеуді жүргізу кезеңділігін теңіз гидротехникалық құрылыстарын пайдаланатын ұйымдар белгілейді.

      97. Мамандандырылмаған кәсіпорындар өлшеу жұмыстарын жүргізу барысында зерделеу материалдарын сараптамалық бағалау үшін гидрографиялық қызметке береді және осындай бағалаудан кейін ғана карталарды, нұсқаулар мен оқу құралдарын түзету үшін одан әрі пайдаланады.

      98. КТҚС-да теңізде жүзу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін факторларды зерделеу үшін теңізде немесе жағалауда теңіздік ғылыми зерттеулерді, жұмыстарды жүргізуді жоспарлайтын ұйымдар осындай жұмыстар мен зерттеулердің жобаларын гидрографиялық қызметпен және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органмен уақтылы келіседі.

      99. Теңізде жүзушілерге хабарламаны уақтылы басып шығару үшін ұйымдар жұмыстарды немесе зерттеулерді жүргізу басталғанға дейін кемінде 10 тәулік бұрын гидрографиялық қызметке:

      1) жобаның сипаты және мақсаттары;

      2) кемелердің атауын, тоннажын, типі мен сыныбын және ғылыми жабдықтың сипаттамасын қоса алғанда, пайдаланылатын әдістер мен құралдар;

      3) жоба жүргізілетін нақты географиялық аудандар;

      4) жұмыстардың басталуы мен аяқталуының болжамды күндері;

      5) қамқорлығымен жоба жүргізілетін ұйымның атауы, басшысы және жобаға жауапты адам туралы мәліметтерді береді.

      100. Теңіздік ғылыми зерттеулер жүргізген ұйымдар жұмыстар аяқталғаннан кейін бір ай мерзімде гидрографиялық қызметке:

      1) су ортасының және мұз басу жағдайының гидродинамикасын зерделеу;

      2) Каспий теңізі деңгейінің ауытқуын және оның теңіз, мұнай-газ кәсіптік, гидротехникалық құрылыстарына және жағалық мұнай-газ инфрақұрылымына ықпал етуін зерделеу және болжау;

      3) гидрографиялық, гидрофизикалық, геофизикалық, гидробиологиялық, ихтиологиялық және геотехникалық зерттеулер;

      4) теңіздің физикалық өрісіне (температурасына, тұздылығына, тығыздығына, ағыстың жылдамдығы мен бағытына, оптикалық және акустикалық қасиеттеріне, магниттік және гравиметриялық өрістерге, су түбінің рельефін зерделеуге) байланысты өзге де ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша есеп берулерді жолдайды.

      101. Мәліметтерді жинақтауды, олардың өзгерістерін оқу құралдарына енгізуді жүргізетін гидрографиялық қызмет зерттеулер нәтижелерін өңдейді және навигациялық теңіз карталарын қазіргі заманғы деңгейде ұстау бойынша жұмыстарды жүргізеді.

  Каспий теңізінің қазақстандық
секторында теңіз қызметін
навигациялық-гидрографиялық
қамтамасыз ету қағидаларына
1-қосымша

__________________________
(ұйымның атауы)
__________________________
(мекенжайы)

Жарық беретін/жарық бермейтін буйдың
ФОРМУЛЯР-КАРТОЧКАСЫ

(Екі данада толтырылады:
1-ші дана – гидрографиялық қызмет үшін, 2-ші дана – ұйым үшін)
Буйдың атауы ________________________________________________________
Орналасқан орны: ендігі __________________ бойлығы ____________________
Су учаскесінің атауы __________________________________________________
Шектелетін қауіптің атауы ________________ Буйдың типі________________
Кім жасады ___________ Салынған жылы ______Буйдың бояуы _____________
Буйдың негізгі көлемдері: диаметрі__________________ шөгуі ______________
Су деңгейінен су үстіндегі биіктігі ______________________________________
Жабдықсыз буйдың салмағы_______Жарық-оптикалық аппараттың типі______
Жарықтың түсі _______________________________________________________
Жарықтың сипаттамасы: _________________ минуттағы ___________ жарықтар
Жарық көрудің оптикалық қашықтығы _____ Жарық көзі___________________
Жарық беретін аппараттың типі ________________ № ______________________
Қосымша аппаратура __________________________________________________
Қоректендіру көздері_________________Олардың саны ____________________
Жыл бойы жарықтың қосылу кезеңі______________________________________
Толық зарядтау кезіндегі буйдың қолданылу кезеңі________________________
Орнату тереңдігі, метрмен ______ Топырағы _________ Зәкірдің типі ________
Зәкірдің массасы ___ Зәкір шынжыры: калибрі ______ ұзындығы ____________
Дыбыс-сигнал беру құрылғысы_________________________________________
Буйдың қолданылуын кім қадағалайды___________________________________
Қосымша мәліметтер __________________________________________________
20 ___ жылғы ______________ жасалды
Толтырды________________________________________________________ (лауазымы, тегі, қолы)

Негізгі өлшемдері бар буйдың сызбасыМасштаб 1 : 100

Буйдың қалқып тұрған суреті (9×12)

Буйды орнату орнына қатысты бағдарлардың орналасу схемасы

Жүргізілген жөндеу жұмыстары (қашан, қандай, кім)

  Каспий теңізінің қазақстандық
секторында теңіз қызметін
навигациялық-гидрографиялық
қамтамасыз ету қағидаларына
2-қосымша

      __________________________
(ұйымның атауы)

      __________________________
(мекенжайы)

Қаданың (штаттық)
ФОРМУЛЯР-КАРТОЧКАСЫ

      (Екі данада толтырылады:
1-ші дана – гидрографиялық қызмет үшін, 2-ші дана – ұйым үшін)

      Қаданың атауы ______________________________________________________

      Орналасқан орны: ендігі ______________________ бойлығы________________

      Су учаскесінің атауы__________________________________________________

      Шектелетін қауіптің немесе жүзіп өтетін жолдың атауы ____________________

      Қаданың типі ________________________________________________________

      Орнату тереңдігі, метрмен ________________ Топырағы ___________________

      Зәкірдің типі ___________________________ Зәкірдің массасы ______________

      Зәкір шынжыры: калибрі _________________ ұзындығы ____________________

      Қаданың қолданылуын кім қадағалайды _________________________________

      Қосымша мәліметтер __________________________________________________

      20 ___ жылғы "____" ______________ жасалды

      Толтырды___________________________________________________________
(лауазымы, тегі, қолы)

  Каспий теңізінің қазақстандық
секторында теңіз қызметін
навигациялық-гидрографиялық
қамтамасыз ету қағидаларына
3-қосымша

      __________________________
(ұйымның атауы)

      _________________________
(мекенжайы)

Навигациялық белгінің
ФОРМУЛЯР-КАРТОЧКАСЫ

      _________________________________________________
(Екі данада толтырылады:
1-ші дана – гидрографиялық қызмет үшін, 2-ші дана – ұйым үшін)

      Ендігі ______________________ Бойлығы ________________________________

      20 ___ жылғы "____" _________ комиссия мынадай құрамда ________________

      ___________________________________________________________________
(Т.А.Ә., атқаратын лауазымы)

      төмендегілер туралы:_________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      жасады.

      I БӨЛІМ

      1. Пайдалануға берілді ________________________________________________

      ___________________________________________________________________
(атауы және орналасуы, ендігі, бойлығы, сипаттамасы,
негізден құрылыстың биіктігі)

      II БӨЛІМ

      2. Жарма белгісі пайдалануға берілді _____________________________
(атауы)

      алдыңғы __________________________________________________________
(ендігі, бойлығы, сипаттамасы, негізден құрылыстың биіктігі)

      ____________________________________________________________________

      артқы ____________________________________________________________
(ендігі, бойлығы, сипаттамасы, негізден құрылыстың биіктігі)

      ____________________________________________________________________

      III БӨЛІМ

      ____________________________________________________________________

      _______________________________________________________ орналасқан
(атауы) (арал, мүйіс, бухта)

      және мынадай сипаттамасы бар: _______________________________________

      _____________________________________________жарық пайдалануға берілді.

      жарықтың түсі ________ жарығы _______ секунд, қараңғылығы _______секунд,

      _______________ бастап ____________дейінгі кезең________________________

      Жарық-оптикалық аппарат __________________________________________
(типі)

      Жарық беретін аппарат ______________________ № ___________________
(типі)

      Жарық сүзгі ______________________________________________________
(түсі, диаметрі, биіктігі)

      3. Жарық-оптикалық аппараттың қоректендіру көзі ________________________

      4. Маяк жарығы 20 ____жылғы___________жағдай бойынша газбен немесе электр энергиясымен қамтамасыз етілді

      5. ________________ типіндегі бәсең радиолокациялық шағылыстырғыш ____________ дана

      6. НЖҚ-ны пайдалануға беру кезінде ағымдағы жөндеу бойынша мынадай жұмыстар: _________________________________________________ жүргізілді

      Қолдары:

  Каспий теңізінің қазақстандық
секторында теңіз қызметін
навигациялық-гидрографиялық
қамтамасыз ету қағидаларына
4-қосымша

      __________________________
(ұйымның атауы)

      __________________________
(мекенжайы)

Жарық беретін/жарық бермейтін навигациялық
ЖАРМАНЫҢ ФОРМУЛЯР-КАРТОЧКАСЫ

      (Екі данада толтырылады: 1-ші дана – гидрографиялық қызмет үшін, 2-ші дана – ұйым үшін)

      Жарманың атауы ____________________ № ______________________________

      Гидрографиялық аудан ____________________ Учаске _____________________

      Су учаскесінің атауы__________________________________________________

      Шектелетін жүзіп өтетін жолдың атауы _________________________________

      АЛДЫҢҒЫ БЕЛГІ

      Орналасқан орны: Гринвич бойынша ендігі ____________ бойлығы___________

      Белгінің сипаттамасы__________________________________________________

      Салынған жылы ______________________ жарық қосылған жылы____________

      Негізгі өлшемдері: су деңгейінен белгі негізінің биіктігі ____________________

      құрылыстың негізден биіктігі___________________________________________

      жарық орталығының су деңгейіндегі биіктігі ______________________________

      Құрылыстың ені: ең көбі_________________ ең азы ________________________

      Белгінің бояуы ___________________ Белгінің материалы __________________

      Жарық-оптикалық аппараттың типі_______Жарық беретін аппарат_____ №____

      Жарықтың түсі_______________________________________________________

      Сипаттамасы _______________________________ минуттағы _________ жарық

      Жарық көрудің оптикалық қашықтығы __________________________________

      Құрылыстың күндізгі көрінуі___________________________________________

      Қосымша аппаратура __________________________________________________

      Қоректендіру көздері _______________________________ Олардың саны _____

      Толық зарядтау кезіндегі жарықтың қосылу кезеңі_________________________

      Теңізден жарықтың көріну секторы______________________________________

      Жарықтың қолданылуын кім қадағалайды________________________________

      АРТҚЫ БЕЛГІ

      Орналасқан орны: Гринвич бойынша ендігі __________ бойлығы____________

      Белгінің сипаттамасы__________________________________________________

      Салынған жылы ______________________ Жарық беретін жылы_____________

      Негізгі өлшемдері: су деңгейінен белгі негізінің биіктігі ___________________

      құрылыстың негізден биіктігі___________________________________________

      жарық орталығының су деңгейіндегі биіктігі ______________________________

      Құрылыстың ені: ең көбі_________________ ең азы ________________________

      Белгінің бояуы ___________________ Белгінің материалы __________________

      Жарық-оптикалық аппараттың типі _______ Жарық беретін аппарат _____ №

      Жарықтың түсі_______________________________________________________

      Жарық көрудің оптикалық қашықтығы___________________________________

      Құрылыстың күндізгі көрінуі___________________________________________

      Қосымша аппаратура __________________________________________________

      Қоректендіру көздері _______________________________ Олардың саны _____

      Толық зарядтау кезіндегі жарықтың қосылу кезеңі_________________________

      Теңізден жарықтың көріну секторы______________________________________

      Жарма белгілері арасындағы қашықтық __________________________________

      Жүріс бөлігі шетіндегі жарманың күндізгі сезімталдығы____________________

      Жарманың жүріс бөлігі шетінің алдыңғы белгіден қашықтығы ______________

      Арнаның ені _________________________________________________________

      Жүріс бөлігі шетіндегі жарманың түнгі сезімталдығы ______________________

      Жарманың есебін қашан және кім жүргізді _______________________________

Жарықтың қосылуын кім қадағалайды
___________________________________
20 ____ жылғы _______________ жасалды

      __________________________________________________________ толтырды
                        (лауазымы, тегі, қолы)

Алдыңғы белгі

Негізгі өлшемдері бар құрылыстың схемалық сызбасы

Теңізден белгінің фотосуреті
(9×12)

Артқы белгі

Негізгі өлшемдері бар құрылыстың схемалық сызбасы

Теңізден белгінің фотосуреті
(9×12)

Жарма белгілеріне жүргізілген жөндеу

      ____________________________________________________________________
(жөндеу күні, жүргізілген жөндеудің сипаты, жөндеуді кім жүргізді)

      ____________________________________________________________________

      ______________________

  Каспий теңізінің қазақстандық
секторында теңіз қызметін
навигациялық-гидрографиялық
қамтамасыз ету қағидаларына
5-қосымша

Жағалық НЖҚ бояуы

Жергілікті жердің реңі

Бояу түсі

Жасыл өсімдік

Ақ, қызғылт сары

Аспан

Қызыл, қара

Теңіз

Ақ, қызғылт сары

Сары құм

Қара, ақ

Қара түсті жартастар

Ақ, сары

Қар

Қызыл, қызғылт сары, қара

  Каспий теңізінің қазақстандық
секторында теңіз қызметін
навигациялық-гидрографиялық
қамтамасыз ету қағидаларына
6-қосымша

Көршілес белгілер жұптары арасындағы аралықтарды есептеу формулалары

      Көршілес белгілер жұптары арасындағы аралықтар мынадай формулалар бойынша есептеледі:

      1) жармалармен жабдықталған арналар үшін:

      a = 0,65 D;

      2) жармалармен жабдықталмаған арналар үшін:

      a = 0,5 D;

      3) жармалармен жабдықталған және жабдықталмаған фарватерлер үшін:

      a = D;

      мұнда а – бір жақ бойынша белгілер арасындағы аралық, километр;

      D – осы ауданға тән айқындылық коэффициенті кезіндегі белгілердің күндізгі көріну қашықтығы, километр.

  Каспий теңізінің қазақстандық
секторында теңіз қызметін
навигациялық-гидрографиялық
қамтамасыз ету қағидаларына
7-қосымша

Белгілер арасындағы аралық

Арна жабдығы

Белгіні көрудің күндізгі қашықтығы кезінде белгілер арасындағы аралықтар, километр

2,0

2,5

3,0

3,5

4,0

4,5

5,0

5,5

6,0

Кіретін жармамен

1,5

1,5

2,0

2,0

2,5

3,0

3,0

3,5

4,0

Кіретін жармасыз

1,0

1,0

1,0

1,5

1,5

2,0

2,0

2,0

2,5

  Каспий теңізінің қазақстандық
секторында теңіз қызметін
навигациялық-гидрографиялық
қамтамасыз ету қағидаларына
8-қосымша

Арналарды немесе фарватерлерді шектеу үшін белгілердің қажетті санын есептеу формулалары

      Арналарды немесе фарватерлерді шектеу үшін белгілердің қажетті саны мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      1) екіжақты шектеуі бар тіксызықты арналар немесе фарватерлер үшін:

      n

;

      2) біржақты шектеуі бар тіксызықты арналар немесе фарватерлер үшін:

      n

;

      мұнда n – белгілердің қажетті саны, дана;

      L – арнаның немесе фарватердің тіксызықты учаскесінің ұзындығы, километр;

      а – бір жақтың белгілері арасындағы қашықтық, километр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады