1996 жылы 7 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венгрия Республикасы Үкіметінің арасындағы дипломатиялық және қызмет бабындағы төлқұжаттары бар азаматтардың өзара визасыз сапарларының тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 86 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 1996 жылғы 7 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венгрия Республикасы Үкіметінің арасындағы дипломатиялық және қызмет бабындағы төлқұжаттары бар азаматтардың өзара визасыз сапарларының тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахмановқа 1996 жылғы 7 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венгрия Республикасы Үкіметінің арасындағы дипломатиялық және қызмет бабындағы төлқұжаттары бар азаматтардың өзара визасыз сапарларының тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 86 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

1996 жылы 7 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венгрия Республикасы Үкіметінің арасындағы дипломатиялық және қызмет бабындағы төлқұжаттары бар азаматтардың өзара визасыз сапарларының тәртібі туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ХАТТАМА

      (2018 жылғы 30 наурызда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 3, 38-құжат)

      Бұдан әрі "Келісуші тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мажарстан Үкіметі,

      1996 жылы 7 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Венгрия Республикасы Үкіметінің арасындағы дипломатиялық және қызмет бабындағы төлқұжаттары бар азаматтардың өзара визасыз сапарларының тәртібі туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1. Келісімнің 1-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дипломатиялық және қызметтік паспорттары бар кез келген Келісуші тараптардың азаматтары кез келген бір жүз сексен (180) күнді құрайтын кезең ішінде тоқсан (90) күннен аспайтын мерзімде визасыз режим бойынша екінші тарап мемлекетінің аумағына кіре алады, шыға алады, сондай-ақ транзитпен жүре алады және ықтиярхатсыз бола алады, бұл бір жүз сексен (180) күнді құрайтын кезеңді қарастыру бұдан бұрын болған әр болу күнін білдіреді.

      2. Келiсiмнiң 1-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. 1-бапта көрсетілген паспорттар келесі критерийлерді қанағаттандыруы тиіс:

      а. Паспорттардың қолданылу мерзімі Келісуші тараптардың аумағынан болжалды шығу күнінен кейін кемінде 3 (үш) ай бойы жарамды болуы тиіс;

      б. Паспорттар соңғы 5 (бес) жыл ішінде әзірленген болуы тиіс.

      3. Келiсiмнiң 2-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.Келісуші тараптың аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктердің немесе консулдық мекемелердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын Келісуші тараптардың азаматтары және 1-бапта көрсетілген жарамды паспорттары бар олардың отбасы мүшелері тиісті кіру визаларын екінші Тараптың аумағына кіргенге дейін алуы тиіс. Келісуші тараптар бір-бірін жоғарыда аталған азаматтардың келетіні туралы дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді.

      4. Келісімнің 2-бабының 2 және 3-тармақтары жойылсын.


2-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруге және оларды қолдануға байланысты Келісуші тараптар арасында туындайтын келіспеушіліктер өзара келіссөздер мен консультациялар арқылы шешіледі.

3-бап

      Осы Хаттаманың және Келісімнің ережелері Келісуші тараптар мүше болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Келісімнің 7-бабында көзделген рәсімге сәйкес күшіне енеді.

      Осы Хаттама қолданысы Келісімнің қолданысының аяқталуымен бірге тоқтатылады.

      2018 жылы "__"___________ ___________қаласында әрқайсысы қазақ, мажар және орыс тілдерінде мәтіндердің күші бірдей екі данада жасалды. Мәтіндер арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Келісуші тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАЖАРСТАН
      ҮКІМЕТІ ҮШІН ҮКІМЕТІ ҮШІН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады