"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті – "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесін тарату туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 118 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті – "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 12 наурыздағы
№ 118 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      5-бөлімде:

      мына:

      "

5

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2385

                                                                        "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

2384

                                                                              ".

      2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 04.12.2018 № 802 қаулысымен

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 12 наурыздағы
№ 118 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 28 маусымдағы № 632 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 632 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 696 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 444 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады