"Бурабай" арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 632 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 118 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 12.03.2018 № 118 қаулысымен

      "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы N 512 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық департаменті - "Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Әкімшілік) құрылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.17. N 696, 2009.03.31. N 444 Қаулыларымен.

      2. Әкімшілік қызметінің негізгі мәні:

      1) мемлекеттік органдармен арнайы экономикалық аймақ қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;

      2) жер учаскелерін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге уақытша өтеусіз жер пайдалануға (жалға) беру;

      3) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы сомасының есеп-қисабын жасау;

      4) жеке және заңды тұлғаларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу туралы шешім қабылдау;

      5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен қызмет жүргізу туралы келісім жасасу;

      6) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызмет жүргізу туралы келісімді орындауы бойынша тексерулер жүргізу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қызметі туралы мемлекеттік органдарға ақпарат беру;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инфрақұрылымдық ресурстарды салуды және кейіннен оларға пайдалану қызметін көрсетуді ұйымдастыру болып анықталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Әкімшілік туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен оператор компанияны айқындасын;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.17. N 696 Қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады