XI Астана экономикалық форумын ұйымдастыру және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 137 қаулысы

      2018 жылы ХІ Астана экономикалық форумының тиімді ұйымдастырылуын және өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған ХІ Астана экономикалық форумын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 27 наурыздағы
№ 137 қаулысымен
бекітілген

ХІ Астана экономикалық форумын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі
іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушы

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

1.

ХІ Астана экономикалық форумын (бұдан әрі - форум) ұйымдастыру және өткізу бойынша келісілген консультантпен ("GVA Қазақстан" ЖШС) шарттар жасасу

шарттар

2018 жылғы сәуір

"ҚЭБҚ" КҚ (келісім бойынша), "GVA Қазақстан" ЖШС (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша)

3,1 млрд. теңгеден аспайтын сомаға республикалық бюджет және бюджеттен тыс қаражат, оның ішінде 540 млн. теңгеден аспайтын сомаға кешенді сүйемелдеу.
 

2.

Форумға қатысушыларға шақыру хаттарын жіберу

шақыру хаттары

2018 жылғы наурыз-сәуір

"GVA Қазақстан" ЖШС (келісім бойынша)

талап етілмейді

3.

Ұйымдастыру комитетінің форум тұжырымдамасы мен архитектурасын бекітуі

форум тұжырымдамасы
мен архитектурасы

2018 жылғы сәуір

ҰЭМ,
"ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша), "ҚЭБҚ" КҚ (келісім бойынша), "GVA Қазақстан" ЖШС (келісім бойынша)

талап етілмейді

4.

Ақылы негізде шақырылатын спикерлерді, модераторларды келісу

ҰЭМ мақұлдау хат

2018 жылғы наурыз-сәуір

"ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша), "ҚЭБҚ" КҚ (келісім бойынша), "GVA Қазақстан" ЖШС (келісім бойынша)

талап етілмейді

5.

Спикерлермен, модераторлармен шарттар жасау

шарттар

2018 жылғы сәуір

"GVA Қазақстан" ЖШС (келісу бойынша),
"ҚЭБҚ" КҚ (келісім бойынша)

республикалық бюджет және бюджеттен тыс қаражат

6.

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және дөңгелек үстел бағдарламасын келісу

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және дөңгелек үстел бағдарламасы

2018 жылғы сәуір

ҰЭМ,
"ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша), "ҚЭБҚ" КҚ (келісім бойынша), "GVA Қазақстан" ЖШС (келісім бойынша)

талап етілмейді

7.

Форум бағдарламасын келісу

Ұйымдастыру комитетімен келісілген форум бағдарламасы

2018 жылғы сәуір

ҰЭМ,
"ЭЗИ" АҚ (келісу бойынша), "ҚЭБҚ" КҚ (келісу бойынша), "GVA Қазақстан" ЖШС (келісу бойынша)

талап етілмейді

8.

Форумды өткізу

іс-шара

2018 жылғы 17,18,19 мамыр

ҰЭМ,
"ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша), "ҚЭБҚ" КҚ (келісім бойынша), "GVA Қазақстан" ЖШС (келісім бойынша)

республикалық бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар

9.

Қорытынды есептерді қабылдау

көрсетілген қызметтерді қабылдау актісі

2018 жылғы шілде-тамыз

ҰЭМ,
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша),
"ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша), "ҚЭБҚ" КҚ (келісім бойынша), "GVA Қазақстан" ЖШС (келісім бойынша)

талап етілмейді

10.

Форум қорытындылары бойынша ұсынымдар дайындау

форум қорытындылары бойынша ұсынымдар

2018 жылғы маусым

"GVA Қазақстан" ЖШС (келісім бойынша),
"ҚЭБҚ" КҚ (келісім бойынша)

республикалық бюджет және бюджеттен тыс қаражат

11.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне форум қорытындылары және онда берілген ұсынымдар туралы хабарлау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне хат

2018 жылғы шілде

ҰЭМ,
"ЭЗИ" АҚ (келісім бойынша), "ҚЭБҚ" КҚ (келісім бойынша), "GVA Қазақстан" ЖШС (келісім бойынша)

талап етілмейді


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҰЭМ

– Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

– "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

– "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

"ЭЗИ" АҚ

– "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы

"ҚЭБҚ" КҚ

– "Қазақстандық экономикалық бастамалар қоры" корпоративтік қоры

"GVA Қазақстан" ЖШС

– "GVA Қазақстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады