Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б.Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 160 қаулысымен мақұлданған Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкім мен Сербия Республикасының Үкіметі.
өзара егемендікті құрметтеу, өз мемлекеттерінің теңдігі мен тәуелсіздігі қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
екі мемлекет азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын сенім, қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше мән бере отырып,
қылмысқа қарсы күресте өзара ынтымақтастықты дамытуды қала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1. Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына, сондай-ақ бір уақытта Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қылмыстың мынадай түрлеріне қарсы күресте ынтымақтастық жасайды:
1) ұйымдасқан қылмыс;
2) экстремизм;
3) терроризм және терроризмді қаржыландыру;
4) жеке адамға, халықтың денсаулығы мен адамгершілікке қарсы қылмыстар;
5) қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, улы, ядролық, биологиялық және радиоактивті заттарды пайдалана отырып дайындалған немесе жасалған қылмыстар;
6) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымы;
7) заңсыз кеші-қонға және адам, адам органдары саудасына, сондай-ақ еңбек және сексуалдық пайдалануға байланысты қылмыстар;
8) жасанды валютаны, төлем құралдарын, чектер мен бағалы заттарды қолдан жасау және тарату;
9) тарихи маңызы бар мәдени құндылықтардың заңсыз саудасы;
10) жеке меншікке қарсы қылмыстар;
11) сыбайлас жемқорлық;
12) экономикалық қылмыстар
2. Тараптар өзара келісімі бойынша оларды болдырмау, ашу және тергеу өз мемлекеттерінің орталық қүзыретті органдарының ынтымақтастығын қажет ететін басқа да кез келген қылмыстарға карсы күресте де ынтымақтастық жасайды.
2-бап
Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес ынтымақтастықты мынадай нысандарда жүзеге асырады:
1) сұрау салуларды орындау;
2) жедел-іздестіру, жедел-аныктамалық, криминалистикалық және архивтік ақпарат алмасу;
3) келісілген, ал қажет болған жағдайда жедел-іздестіру іс-шараларын және тергеп-тексеруді бірлесіп жүргізу;
4) қылмыстың алдын алу және күрес саласында тәжірибе алмасу;
5) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің түрлі салаларында өзара қызығушылық тудыратын ақпаратты алу мақсатында және криминалистикалық жабдық бойынша мамандармен уақытша алмасу;
6) ұйымдасқан қылмыстың алдын алу және онымен күрес саласындағы нормативтік құқықтық актілермен алмасу;
7) криминалистика, криминология және сот медицинасы саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерімен алмасу;
8) мамандарды оқытуда, мамандандыруда және техникалық әрі кәсіби дағдыларын арттыруда өзара негізде жәрдем көрсету.
3-бап
Тараптар осы Келісім күшіне енген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы осы Келісімнің ережелерін іске асыруға жауапты орталық құзыретті органдар туралы хабарлайды.
4-бап
1. Ақпарат және осы Келісімде кезделген әрекеттерді жүзеге асыру туралы сұрау салу Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдарына жазбаша нысанда жіберіледі. Сұрау салуда:
1) негіздемені айқындайтын дәлелді тұжырым, сондай-ақ сұрау салушы және сұрау салынатын қызмет немесе орган;
2) оған байланысты көмек сұралатын істің сипаттамасы;
3) сұрау салудың мазмұны және оны орындау үшін қажетті мәліметтер қамтылуға тиіс.
Қылмыстардың жолын кесу, ескерту немесе ашу үшін қажетті сұрау салуларды жедел орындау қажет болған жағдайларда Тараптар мемлекетгерінің орталық құзыретті органдары осы Келісімді орындау үшін кейіннен келісілген арналар арқылы сұрау салуды дереу жазбаша растай отырып, алдын ала ауызша өтініш білдіре алады.
2. Сұрау салу, растайтын құжаттар мен кейінгі хабарламалар сұрау салушы Тараптың тіліне немесе ағылшын тіліне аудармасымен бірге жүруге тиіс.
3. Сұрау салушы Тарап, егер алдыңғы сұрау салу бойынша алынған ақпаратты жеткіліксіз деп есептесе, қосымша ақпаратқа тікелей сұрау сала алады. Тараптар мемлекеттерінің орталық құзыретті органдары мұндай сұрау салуларды дереу орындайды.
4. Осы Келісім шеңберінде Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияны құрайтын ақпарат алмасу жүзеге асырылмайды.
5. Егер мұндай сұрау салуды орындау өз мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне, сот билігін ұйымдастыру және қызметі нормаларына немесе басқа да маңызды мүддесіне қауіп төндіретін болса немесе мұндай сұрау салуды орындау өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына немесе оның халықаралық келісімдердің нәтижесі болып табылатын міндеттемелеріне қайшы келетін болса, сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындаудан толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.
6. Сұрау салынатын Тарап сұрау салуды орындаудан бас тарту себептеріне немесе оны ішінара орындауға қатысты сұрау салушы Тарапқа дереу хабарлайды.
5-бап
Тараптар өздерінің осы Келісімді орындауы барысында туындайтын шығыстарды, егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмеген болса, өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес көзделген қаражат шегінде дербес көтереді.
6-бап
Осы Келісім Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды және ынтымақтастықтың өзге де өзара тиімді нысандарын әзірлеуге және дамытуға кедергі келтірмейді.
7-бап
1. Тараптардың кез келгені өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес қолжетімдігі шектелген деп таныған, алынған ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету және таратпау үшін Тараптар барлық шараларды қабылдайды.
2. Тараптардың осы Келісімге сәйкес алынған мәліметтерді, құжаттаманы және техникалық жабдықты сұрау салынатын Тарап мемлекетінің орталық құзыретті органдарының алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
8-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды өзара консультациялар және (немесе) келіссөздер арқылы шешеді.
9-бап
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жеке хаттамалармен ресімделеді және оның ажырамас бөліктері болып табылады.
10-бап
Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы екінші Тараптың Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап алты ай өткенге дейін күшінде қалады.
20__ жылғы "__"____________________қаласында қазақ, серб, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнүсқа данада жасалды әрі мәтіндер теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Келісімнің мәтіндері арасында айырмашылықтар туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының | Сербия Республикасының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |