Алматы облысы Кеген және Райымбек аудандарының шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 195 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Алматы облысы Кеген және Райымбек аудандарының шекараларын белгілеу туралы "Алматы облысы әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 22-118 шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 400 қаулысына келісім берілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 16 сәуірдегі
№ 195 қаулысына қосымша

Алматы облысы аудандарының шекаралары



      1. Райымбек ауданының аумағы 711937 гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген:

      солтүстік шекарасы Алматы облысының Шәлкөде, Сүмбе және Ұзақ батыр ауылдық округтерінің әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді және Ұйғыр ауданымен шектеседі;

      шығыс шекарасы Сүмбе, Нарынқол және Жамбыл ауылдық округтерінің қолданыстағы шекаралары бойынша және Қытай Халық Республикасымен шектесетін Сүмбе, Текес өзен арналары бойынша өтетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтеді;

      оңтүстік шекарасы солтүстік Тянь-Шяньнің "Хан Тәңірі" шыңы арқылы Қытай Халық Республикасымен және Қырғыз Республикасымен шектес Жамбыл ауылдық округінің оңтүстік-шығыс бөлігі, сондай-ақ Тегістік және Қақпақ ауылдық округтерінің қолданыстағы шекаралары бойынша өтетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтеді;

      батыс шекарасы Алматы облысының Райымбек ауданының "Нарынқол орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағы арқылы Қақпақ және Сарыжаз ауылдық округтерінің қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді.

      2. Құрылатын Кеген ауданының аумағы 710298 гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген:

      солтүстікте Алматы облысының Алғабас, Саты, Ұзынбұлақ ауылдық округтерінің қолданыстағы шекаралары арқылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарымен шектеседі;

      шығыс шекарасы Алматы облысы Райымбек ауданының "Нарынқол орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағы арқылы Қақпақ және Сарыжаз ауылдық округтерінің қолданыстағы шекарасы бойынша өтеді;

      оңтүстік шекарасы Қазақстан Республикасының Қарқара, Бөлексаз, Шырғанақ, Жалаңаш, Қарабұлақ, Саты ауылдық округтерінің қолданыстағы шекаралары арқылы өтетін Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;

      батыс шекарасы Алматы облысы Қарасай ауданымен шектесетін Саты және Алғабас ауылдық округтерінің қолданыстағы шекарасы бойынша өтеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады