Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-кұжат; № 8-1, 62, 65-құжаттар; № 8-И, 72-кұжат; № 12, 87-кұжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар):
1) 93-баптың 1-тармағының алтыншы абзацы алып тасталсын;
2) 97-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын құру және дамыту арқылы қамтамасыз етіледі, ол өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді.құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласында ақпаратпен қамтамасыз етуді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуге жәрдем көрсетуді қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететін, құрылып жатқан немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдардың кешені ретінде түсініледі.
Жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, бизнес-инкубаторлар, индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтері және жеке кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да объектілері жатады.";
3) 242-баптың 1 және 2-тармақтарымынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жеке немесе заңды тұлғалардың (оның ішінде заңды тұлғалар және (немесе) жеке тұлғалар бірлестіктерінің) еңбек өнімділігін арттыру және экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыру не отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжыту мақсатында экологиялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін ескере отырып, индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға байланысты кызметі индустриялық-инновациялық қызмет болып табылады.
Экономиканың басым секторлары деп мемлекеттің экономикалық даму серпініне және сапасына эсер ете алатын ұлттық экономика секторлары түсініледі.
2. Белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын, технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістерді құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық кызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар кешені индустриялық-инновациялық жоба болып табылады.
Инновациялық қызмет депинновацияларды жасауға, оның ішінде технологияларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру арқылы инновацияларды жасауға бағытталған қызмет (ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, инфокоммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық кызметті қоса алғанда) түсініледі.
Инновациялық кызметтің (индустриялық-инновациялық қызметтің) тұтынуға енгізілген, қандай да бір жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған әнім (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет), технология немесе процесс, жаңа маркетинг әдісі немесе іскерлік практикадағы жаңа ұйымдастыру әдісі, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастыру түрінде іске асырылған түпкілікті нәтижесі инновация болып табылады.";
4) 243-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"243-бап. Индустриялық-инновациялық кызмет субъектілері.
Экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (оның ішінде заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалардың бірлестіктері) индустриялық-инновациялық кызмет субъектілері болып табылады.";
5) 244-баптың 2-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) инновациялық кызметті және инновацияларды тиімді ендіруді, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды қолдау;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне технологияларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық кызмет нәтижелерін коммерцияландыруда жәрдем көрсету;";
6) 246-баптың 4-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) индустриялық-инновациялық кызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына катысу, шетелдің қатысуымен заңды тұлғалар құру, инвестициялық қорлар, венчурлік қорлар құру немесе оларға катысу жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен индустриялық-инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларды, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыру нарығын дамытуға жәрдемдеседі.";
7) 247-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) венчурлік қорлар;";
8) мынадай мазмұндағы 251-1-баппен толықтырылсын:
"251-1-бап. Венчурлік қорлар және венчурлік қаржыландыру
1. "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес венчурлік қаржыландыру мақсаттарында ғана ақша мен өзге де мүлікті тартуды және жинақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе шарт негізінде құрылған және заңды тұлға болып табылмайтын заңды тұлғалар және (немесе) жеке тұлғалар бірлестігі венчурлік қор болып табылады.
Венчурлік қор ақшаны Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттерге орналастыруға да құқылы.
2. Венчурлік қаржыландыру деп айрықша кызмет түрі инновациялық кызмет болып табылатын индустриялық-инновациялық субъектілерін олардың жарғылық капиталына инвестициялар салу, олар шығарған қаржылық құралдарды сатып алу немесе оларға борыштық қаржыландыру ұсыну арқылы қаржыландыруға байланысты кызмет түсініледі.";
9) 255-бап "тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлардың," деген сөздерден кейін "венчурлік қорлардың," деген сөздермен толықтырылсын;
10) 258-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Венчурлік қорларды бірлесіп қаржыландыруды индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға катысатын ұлттық даму институттары мен индустриялық-инновациялық жүйенің өзгеде субъектілері жүзеге асырады, олардың тізбесін тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу арқылы индустриялық-инновациялық кызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";
11) мынадай мазмұндағы 272-1-баппен толықтырылсын:
"272-1-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларына мемлекеттік аудитпен қаржылық бақылау.
Ғылыми, ғылыми-техникалық және (немесе) инновациялық кызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға және іске асыруға мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау ғылыми, ғылыми-техникалық және (немесе) инновациялық кызметтің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға катысатын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілері қалыптастырған бүкіл инновациялық жобалар жиынтығы (портфелі) тиімділігінің аудиті негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте ғылыми, ғылыми-техникалық және (немесе) инновациялық қызметтің нарықтық және технологиялық перспективаларының жоғары тәуекелді сипаты мен беймәлімділігі ескеріледі, олар, оның ішінде өздеріне салынған қаржылық және өзгеде ресустардың жоғалтылуына алып келуі мүмкін.".
2. "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 1 14-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлік инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, кызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшеліктерін, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс істеу және жұмыс істеуін тоқтату шарттары мен тәртібін, венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен кызмет ету ерекшеліктерін айқындайды, бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой катысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі кызметіне байланысты қатынастарды реттейді, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттік реттеу тәртібін белгілейді.";
3) 1-бап мынадай мазмұндағы 21), 22) тармақшалармен толықтырылсын:
"21) венчурлік қор - венчурлік қаржыландыру мақсаттарында ғана ақшамен өзге де мүлікті тартуды және жинақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе шарт негізінде құрылған және заңды тұлға болып табылмайтын заңды тұлғалар және (немесе) жеке тұлғалар бірлестігі;
22) венчурлік басқарушы - венчурлік қордың катысушыларымен шарт негізінде венчурлік қор активтерін басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.";
4) 2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлары туралы заңнамасы";
1-тармақта "инвестициялық" деген сөзден кейін "және венчурлік" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы, шаруашылық серіктестіктер, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы венчурлік қорларға қолданылады.";
5) 3-бапта:
1-тармақ 3) тармақшадағы "құқықтық қатынастарды реттейді." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен қызмет ету ерекшеліктеріне байланысты құқықтық қатынастарды реттейді.";
2-тармақта "басқарушы компанияларды" деген сөздерден кейін "және венчурлік басқарушыларды" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ "Заң" деген сөзден кейін ", олардың венчурлік қорлар құру жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
6) 5-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Инвестициялық қордың, венчурлік қордың атауы";
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
"3-2. Венчурлік қордың атауында "венчурлік қор" деген сөздер қамтылуға тиіс.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Инвестициялық қордың және венчурлік қордың атауындағы "ұлттық", "орталық", "үкіметтік", "кепілдік берілген" немесе "сақтандырылған" деген сөздерді кез келген тілде көрсетілген немесе өзгертілген түрде пайдалануға тыйым салынады. Инвестициялық қордың және венчурлік қордың атауы инвестициялардан түсетін кірістің сақтандырылуын немесе оған кепілдік берілуін бекітпеуге немесе пайымдамауға тиіс.";
7) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:
"7-1-тарау. Венчурлік қор
46-1-бап. Венчурлік қордың құқықтық жағдайы
1. Венчурлік қор:
шаруашылық серіктестік немесе акционерлік қоғам;
өздерінің арасындағы қатынастар заңды тұлға құрмастан шарттық негізде құрылатын заңды тұлғалар және (немесе) жеке тұлғалар бірлестігі нысанында құрылуы мүмкін.
2. Заңды тұлға құрмастан құрылған венчурлік қордың қатысушылары бірлескен венчурлік қызметті жүзеге асыру туралы шарт (венчурлік қор шартын) жасасқан кезден бастап осы қор өз қызметін бастайды.
3. Венчурлік қорға катысушылардың саны екіден кем бола алмайды.
46-2-бап. Венчурлік қордың жарғысы
Заңды тұлға түрінде құрылатын венчурлік қордың жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мәліметтерден бөлекөз қызметінің айрықша түрі Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес венчурлік қаржыландыруды жүзеге асыру мақсатында ақша мен өзгеде мүлікті тарту және жинақтау болып табылатыны туралы ереже қамтылуы тиіс.
Венчурлік қор ақшаны Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттерге орналастыруғада құқылы.
46-3-бап. Венчурлік қор шарты
1. Венчурлік қор шарты бойынша екі немесе одан көп тұлға пайда табу үшін өздерінің салымдарын біріктіруге және заңды тұлға құрмастан венчурлік қаржыландыру жөніндегі бірлескен қызметті жүзеге асыруға міндеттенеді. Венчурлік қор шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жазылған шарт бостандығы қағидатының негізінде жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, сондай-ақ көзделмеген, бірақ оған қайшы келмейтін түрлі шарттардың элементтерін қамтуы мүмкін.
2. Венчурлік қор шартында тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және венчурлік қор шартында белгіленген шектерде және көлемде катысады, бұл ретте бір немесе бірнеше тарап (венчурлік басқарушылар) осындай шарттың барлық тараптары атынан венчурлік қордың жалпы істерін жүргізуді жүзеге асырады.
3. Жеке тұлғалар, коммерциялық ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда коммерциялық емес ұйымдар венчурлік қор шартының тараптары бола алады.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдік құқық бойынша заңды тұлғалар болып табылмайтын шетелдік ұйымдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең түрде венчурлік қор шартының тарапы ретінде катысады.
5. Венчурлік басқарушының, егер венчурлік шарттардың ең болмағанда біреуінде мұндай катысуға тыйым салынған болса, бір мезгілде екі немесе одан да көп венчурлік кор шарттарына қатысуға құқығы жоқ. Венчурлік басқарушы көрсетілген шектеуді бұза отырып жасаған венчурлік қор шарты, осы шарттың венчурлік басқарушыға барлық тараптарына осыған байланысты өзі келтірген шығындарды өтеу міндетін жүктей отырып, кез келген басқа тараптың талап етуі бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
6. Венчурлік қор шартында осы шартты ("венчурлік қор" сөзін қамтитын) дараландыру мақсатында оның атауы (жеке-дара белгілеуі) көрсетіледі.
7. Венчурлік қор шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді басқа тұлғаға беруге, оның ішінде құқықтық мирасқорлық нәтижесінде беруге байланысты венчурлік қор шартының тарапын ауыстыру, сондай-ақ венчурлік қор шартына жаңа тұлғаны қосу қолданыстағы венчурлік қор шартын токтатуға және барлық инвесторлар арасында жаңа венчурлік қор шартын жасасуға алып келмейді. Егер венчурлік қор шартында өзгеше көзделмесе, венчурлік қор шартына жаңа инвестордың қосылуы осы шартта белгіленген тәртіппен және жағдайларда венчурлік басқарушының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
8. Венчурлік қор шарты осы шартқа катысуға жалпы ниеті бар тұлғаны қосу арқылы жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда, венчурлік басқарушы мен осындай тұлға арасында венчурлік кордың жаңа катысушысының ортақ іске салым енгізу жағдайларын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын қосылу туралы келісім жасалады. Бүл ретте венчурлік қор шартына өзгерістер енгізу талап етілмейді.
46-4-бап. Венчурлік қордың венчурлік басқарушысының кызметі
1. Венчурлік басқарушы - венчурлік қор активтерін венчурлік қорға қатысушылардың мүдделерінде осы Заңда және венчурлік қорға катысушылар жасайтын шартта белгіленген талаптарға сәйкес әрекеттер жасау арқылы басқару жөніндегі кызметті жүзеге асыратын венчурлік қордың заңды тұлға болып табылатын қатысушысы.
2. Венчурлік басқарушы қор активтерін басқару жөніндегі кызметке байланысты венчурлік кордың өкілі ретінде әрекет етуге, сондай-ақ сотта (төрелікте) венчурлік қордың атынан әрекет етуге құқылы.
3. Венчурлік басқарушы осы Заңның 46-3-бабы 5-тармағының талаптарын ескере отырып, бірнеше венчурлік қор активтерін басқаруға құқылы.
46-5-бап. Венчурлік қорлар қызметін жарнамалау
1. Венчурлік қорға қатысушылар және басқа да тұлғалар бұқаралық ақпарат құралдарында және сыртқы (көрнекі) жарнама арқылы венчурлік қор қызметінің жарнамасын орналастыруға, сондай-ақ жария оферта арқылы жаңа катысушыларды тартуға құқылы емес.
2. Венчурлік қордың венчурлік басқарушысының интернет-ресурсында венчурлік қор туралы ақпарат орналастыру осы Заңды қолдану мақсаты үшін венчурлік қор жарнамасы болып табылмайды.
46-6-бап. Шаруашылық серіктестікке катысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт
1. Қызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынылатын венчурлік қор немесе тұлға болып табылатын шаруашылық серіктестікке катысушылар серіктестікке катысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт жасауға құқылы, осы шарт бойынша олар белгілі бір түрде өз құқықтарын жүзеге асыруға және (немесе) көрсетілген құқықтарды жүзеге асырудан тартынуға (бас тартуға), оның ішінде серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында белгілі бір түрде дауыс беруге, дауыс беру нұсқасын басқа катысушылармен келісуге, үлесті немесе үлестің бір бөлігін осы шартта айқындалған баға бойынша және (немесе) белгілі бір мән-жайлар басталған кезде сатуға не белгілі бір мән-жайлар басталғанға дейін үлесті немесе үлестің бір бөлігін иеліктен шығарудан тартынуға (бас тартуға), сондай-ақ серіктестіктің басқарылуына, серіктестіктің құрылуына, қызметіне, кайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты өзге де әрекеттерді келісе отырып жүзеге асыруға міндеттенеді. Мұндай шарт тараптар қол қойған бір құжат жасау жолымен жазбаша нысанда жасалады.
2. Серіктестікке қатысушылардың құқықтарын (оның бір бөлігін немесе бөліктерін) жүзеге асыру туралы шарт мынадай:
1) серіктестікке қатысушылардың құқықтарын (оның бір бөлігін немесе бөліктерін) жүзеге асыру туралы шарт жасалған мерзім өткен;
2) серіктестікке катысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы бұрын жасалған шарттың ережелері, оның бөлігі (бөліктері) қайшы келетін немесе серіктестікке катысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы бұрын жасалған шартты немесе оның бөлігін (бөліктерін) қамтитын, серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы жаңа шарт жасалған жағдайларда;
3) өзге де серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шартта көзделген өз қолданысын тоқтатады.
Серіктестікке катысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарт пен бір заңды тұлғаның жарғысы арасында қайшылықтар болған жағдайда:
1) егер қатысушылардың өзара қарым-қатынасына катысты болса, серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарттың;
2) қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қарым-қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.
3. Венчурлік қор болып табылатын шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге мүліктен бөлек, қатысушылардың серіктестікке қаржы қарыздары бойынша талап ету құқығы болуы мүмкін.
46-7-бап. Акционерлік келісім
1. Қызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынылатын венчурлік қор немесе тұлға болып табылатын қоғамның акционерлері акционерлік келісім жасасуға құқылы.
2. Осы Заңның мақсаттары үшін акциялармен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру туралы және (немесе) акцияларға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы шарт акционерлік келісім деп танылады. Акционерлік келісім бойынша оның тараптары акциялармен куәландырылған құқықтарды және (немесе) акцияға құқықтарды белгілі бір түрде жүзеге асыруға және (немесе) көрсетілген құқықтарды жүзеге асырудан тартынуға (бас тартуға) міндеттенеді.
Акционерлік келісімде оның тарапынын акционерлердің жалпы жиналысында белгілі бір түрде дауыс беру, дауыс беру нұсқасын басқа акционерлермен келісу, акцияларды күні бұрын белгіленген баға бойынша және (немесе) белгілі бір мән-жайлар басталған кезде сатып алу немесе иеліктен шығару, белгілі бір мән-жайлар басталғанға дейін акцияларды иеліктен шығарудан тартыну (бас тарту), сондай-ақ қоғамды басқаруға, қоғамның қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты өзге де әрекеттерді келісе отырып жүзеге асыру міндеті көзделуі мүмкін.
Акционерлік келісім тараптар қол қойған бір құжат жасау жолымен жазбаша нысанда жасалады.
3. Акционерлік келісім тарапының өз акцияларына катысты осы келісім жасалған қоғамды басқару органдарының нұсқауларына сәйкес дауыс беру міндеттемесі акционерлік келісімнің нысанасы бола алмайды.
4. Акционерлік келісім тек оның тараптарына ғана міндетті болып табылады. Егер шарт бойынша басқа тараптың акционерлік келісімде көзделген шектеулер туралы білетіні немесе бұрыннан білуге тиіс екені дәлелденген жағдайларда ғана сот акционерлік келісімнің тарапы акционерлік келісімді бұза отырып жасаған шартты акционерлік келісімнің мүдделі тарапының талап қоюы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
5. Акционерлік келісімде акционерлік келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдері және осындай міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік шаралары көзделуі мүмкін.
Акционерлік келісім тараптарының осы келісімге негізделген құқықтары, оның ішінде келісімді бұзу арқылы келтірілген залалдардың өтелуін, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдардың) өндіріп алынуын, өтемақыны (нақты ақшалай соманың немесе акционерлік келісімде көрсетілген тәртіппен анықталуға жататын соманың) төленуін немесе акционерлік келісімді бұзуға байланысты өзге де жауаптылық шараларының қолданылуын талап ету құқығы сот, төрелік арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген езге де қорғалуға жатады.
6. Акционерлік келісім (оның бір бөлігі немесе бөліктері):
1) акционерлік келісім (оның бір бөлігі немесе бөліктері) жасалған мерзім өткен;
2) бұрын жасалған акционерлік келісімнің ережелері, оның бір бөлігі немесе бөліктері өзіне қайшы келетін немесе бұрын жасалған акционерлік келісімді немесе оның бір бөлігін (бөліктерін) қамтитын жаңа акционерлік келісім жасалған жағдайларда;
3) өзге де, акционерлік келісімде көзделген өз қолданысын тоқтатады.
7. Акционерлік келісім мен бір акционерлік қоғамның жарғысы арасында қарама-қайшылық болған жағдайда:
1) акционерлердің өзара қарым-қатынасына жататын болса, акционерлік келісімнің;
2) қолданылуы акционерлік қоғамның үшінші тұлғалармен қарым-қатынасы үшін маңызы болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс.
46-8-бап. Опциондық шарт
1. Венчурлік қорларға қатысушылар, венчурлік қорлар, өздерінің кызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынылатын тұлғалар, сондай-ақ осындай тұлғалардың катысушылары (акционерлері) опциондық шарт жасауға құқылы, оның күшіне орай бір тарап осындай шартта көзделген талаптарда басқа тараптан шартта белгіленген мерзімде, опциондық шартта көзделген әрекеттерді жасауын (оның ішінде ақшалай қаражатты төлеуін, мүлікті беруін немесе қабылдауын)талап етуге құқылы және бүл ретте, егер тиісті тарап көрсетілген мерзімде талаптарды мәлімдемесе, опциондық шарт тоқтатылады. Опциондық шартта осындай шартта айқындалған мән-жайлар басталған кезде опциондық шарт бойынша талаптардың мәлімделді деп есептелетіні көзделуі мүмкін.
Опциондық шартты жасасу және орындау кезінде "Акционерлік коғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармагының талаптары сақталуға тиіс.
2. Опциондық шартта, оның ішінде коммерциялық ұйымдар арасында жасалған опциондық шартта оның өтемсіз екендігі көзделген не осындай шартты жасасу тараптардың қатынастарынан туындайтын өзге де мән-жайларға немесе заңмен қорғалатын өзге де мүддеге байланысты болған жағдайларды қоспағанда, тарап опциондық шарт бойынша таланты мәлімдеу құқығы үшін осындай шартта көзделген ақша сомасын төлейді.
3. Егер опциондық шартта өзгеше көзделмесе, опциондық шарт тоқтатылған кезде осы баптың 2-тармағында көзделген төлемақы қайтарылуға жатпайды.
46-9-бап. Шарт жасасуға арналған опцион
1. Венчурлік қорлардың катысушылары, венчурлік қорлар, өздерінің қызметі үшін венчурлік қаржыландыру ұсынылатын тұлғалар, сондай-ақ осындай тұлғалардың катысушылары (акционерлері) шарт жасасуға арналған опцион (құқық) (шарт жасасуға арналған опцион) беру туралы келісім жасасуға құқылы, оның күшіне орай бір тарап кері қайтарып алынбайтын оферта арқылы басқа тарапқа шарт жасасуға арналған опционында көзделген талаптарда бір немесе бірнеше шарт жасасу құқығын береді.
Егер келісімде, оның ішінде коммерциялық ұйымдар арасында жасалған келісімде өзгеше көзделмесе шарт жасасуға арналған опцион төлемақыға немесе басқа қарсы ұсынымға беріледі. Басқа тарап опционда көзделген тәртіппен, мерзімдерде және шарттарда осындай офертаның акцепті жолымен шарт жасасуға құқылы.
Шарт жасасуға арналған опционда акцепт осындай опционда айқындалған, оның ішінде талаптардың бірінің ерік-жігеріне тәуелді болатын жағдайлар басталған кезде ғана мүмкін болады деп көзделуі мүмкін.
Шарт жасасуға арналған опционды жасасу және орындау кезінде "Акционерлік коғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағының талаптары сақталуға тиіс.
2. Шарт жасасуға арналған опционда кері қайтарып алынбайтын офертаның акцепті үшін мерзім белгіленбеген жағдайда, бүл мерзім, егер шарттың немесе әдеттердің мәнінен өзгеше туындамаса, бір жылға тең деп саналады.
3. Егер шарт жасасуға арналған опционда өзгеше көзделмесе, ол бойынша төлем кері қайтарып алынбайтын оферта негізінде жасалған шарт бойынша төлемдер шотына жазылмайды және акцепт болмаған жағдайда қайтарылуға жатпайды.
4. Шарт жасасуға арналған опционда жасалуға жататын шарттың нысанасын және басқа да елеулі талаптарын айқындауға мүмкіндік беретін талаптар қамтылуға тиіс.
Жасалуға жататын шарттың нысанасы кері қайтарып алынбайтын офертаның акцепті сәтінде оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін кезкелген тәсілмен сипатталуы мүмкін.
5. Шарт жасасуға арналған опцион жасалуға жататын шарт үшін белгіленген нысанда жасалады.
6. Шарт жасасуға арналған опцион, егер осындай келісімнің мәнінен өзгеше туындамаса, басқа келісімге қосылуы мүмкін.
7. Шарт жасасуға арналған опцион бойынша құқық, егер осы келісімде өзгеше көзделмесе немесе оның мәнінен өзгеше туындамаса, басқа тұлғаға берілуі мүмкін.
46-10-бап. Венчурлік қаржыландыру мақсатында жасалатын шарттардың ерекшеліктері
1. Венчурлік қаржыландыру мақсатында шарт жасасқан тараптың, егер:
1) мән-жайлар туралы анық емес растамалар ұсынған тарап олардың анық еместігі туралы және контрагенттің келісілген талаптарда шарт жасасу кезінде осындай анық емес растамаларға сүйенетіні туралы білсе немесе білуге тиіс болса;
2) мән-жайлар туралы растамалар жазбаша нысанда жасалса және олар осындай растаманы берген тұлғаның осы арқылы өзі үшін міндеттемелер немесе езге де азаматтық-құқықтық салдарлар жасау жөніндегі айқын ниетін қамтитын болса, басқа тараптың шартты жасасу, оны орындау немесе тоқтату үшін маңызы бар мән-жайлар туралы анық емес растамаларына ақылға қонымды түрде негізделе отырып, өзіне келтірілген залалдарды өтеткізуге құқығы бар.
2. Шартты жарамсыз деп тану осы баптың 1-тармағында көзделген салдарлардың басталуына кедергі келтірмейді.
3. Міндеттеме тараптары өздерінің венчурлік қаржыландыруды жүзеге асыруы кезінде әрекет ете отырып, ездерінің келісімімен бір тараптың басқа тараптың осындай келісімде айқындалған мән-жайлар басталған кезде туындаған және оның тарапының міндеттемені бұзуына байланысты емес мүліктік жоғалтуларын (міндеттемені орындаудың мүмкін болмауынан, үшінші тұлғалардың немесе мемлекеттік билік органының келісімде көрсетілген тарапқа немесе үшінші тұлғаға талаптар қоюынан туындаған жоғалтулар және т,б.) өтеу міндетін көздей алады. Тараптардың келісімінде осындай жоғалтуларды өтеу мөлшері немесе оны анықтау тәртібі айқындалуға тиіс.
4. Тараптың жоғалту мөлшерін ұлғайтуға әдейі жәрдемдескені дәлелденген жағдайларды қоспағанда, сот шарт тараптары көздеген жоғалтуларды өтеу шегін төмендете алмайды.
5. Шарт тараптары көздеген жоғалтулар, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шарттың жасалмаған немесе жарамсыз деп танылуына қарамастан өтеледі.
6. Егер жоғалтулар үшінші тұлғаның құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне байланысты туындаса, осындай жоғалтуларды өтеген тарапқа кредитордың осы үшінші тұлғаға залалдарды өтеу туралы қоятын талабы өтеді.
7. Осы баптың қағидалары, егер жоғалтуларды өтеу туралы талаптар акционерлік келісімде (шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шартта) не акцияларды немесе шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлестерді иеліктен шығару туралы шартта көзделген, оның ішінде осындай акционерлік келісімнің (шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру туралы шарттың) тарапы кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын жеке тұлға немесе мемлекет болып табылған жағдайларда да қолданылады.".
3. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 11 8-құжат):
1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) стартап-компания - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген.шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын және төменде келтірілген талаптардың біріне сәйкес келетін:
қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық кызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың катысуымен құрылған;
жаңа өнімдерді әзірлейтін не қолда бар өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді, технологияны, бағдарламалық қамтылымды) жетілдіретін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.".
4. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-қүжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
11-баптың 2-тармағында:
3) тармақшада "индустриялық-инновациялық жобаларға" деген сөздерден кейін ", венчурлік қорларға" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) тәуекел етіп инвестициялаудың инвестициялық қорларын, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыру нарығын дамытуға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында технологиялар трансфертіне деген сұранысты дамытуға жәрдем көрсетеді;".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Президенті |