"2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 203 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 32-қосымшада:

      2018 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 57-1, 57-2 және 57-3-жолдармен толықтырылсын:

      "

57-1

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы инвестициялардың негіздемесін әзірлеу

Инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемшарттарын әзірлеу және оларды іске асырудың басымдығын айқындау, коммуналдық секторды жаңғырту мен дамыту жобаларын қаржыландыру көздері бойынша ұсыныстар әзірлеу, энергия және ресурс үнемдеу технологияларын енгізу, қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету. Жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыру, энергия тиімділікті арттыру және энергия үнемдеуді, сондай-ақ су- мен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ

229 "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыру"

514993

57-2

Жылумен жабдықтау жүйелеріне орталықтандырылған техникалық тексеру жүргізу

100 Гкал/сағатқа дейін жылумен жабдықтау объектілерін және жылу желілерін жаңғырту мен реконструкциялау жөніндегі өңірлік жобаларды әзірлеу кезінде пайдалану үшін жылумен жабдықтау жүйелеріне орталықтандырылған техникалық тексеру жүргізу

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ

229 "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыру"

270000

57-3

Әлеуметтік сала мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінің энергия үнемдеу жөніндегі іс-шаралары

Тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізу

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ

229 "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыру"

150000

                                                                              ".

      2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады