Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ұлттық даму институтын айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 221қаулысы.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 30-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.03.2024 № 176 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады