Қызылорда облысының білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 233 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда облысының мынадай білім беру ұйымдарына:

      1) "Қазалы аудандық білім бөлімінің № 249 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ержігіт Бозғұловтың есімі;

      2) "Қазалы аудандық білім бөлімінің № 24 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Үрмәш Түктібаевтың есімі;

      3) "Жаңақорған аудандық білім бөлімінің № 239 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Төлепберген Әбдірашевтің есімі;

      4) "Шиелі аудандық білім бөлімінің № 149 "Қызылту" орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлиакбар Монтаевтың есімі берілсін.

      2. Қызылорда облысының мынадай мәдениет және спорт ұйымдары:

      1) "Шіркейлі ауылдық округі әкімінің аппаратының Шіркейлі ауылдық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – "Шіркейлі ауылдық округі әкімі аппаратының Қалтай Мұхамеджанов атындағы ауылдық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      2) "Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Стадион" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ғани Мұратбаев атындағы стадион" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады