"Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 251 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 2, 34-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мониторинг мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жай-күйін және дамуының үрдістерін, сондай-ақ ел және өңірлер экономикасының ресурстық-энергетикалық негізін сақтауға және нығайтуға әсер ететін мемлекеттік мүліктің, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдаудағы (жалгерліктегі), концессиядағы мемлекеттік мүліктің жай-күйін анықтайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың, мемлекеттік мүліктің, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, мүліктік жалдаудағы (жалгерліктегі), концессиядағы мемлекеттік мүліктің жай-күйі мен дамуының үрдістері туралы мониторинг нәтижесінде алынған талдамалық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға:

      республикалық мүлік бойынша – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;

      коммуналдық мүлік бойынша – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі бойынша – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жібереді.

      Талдамалық ақпаратты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, облыстық, аудандық уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі жөніндегі уәкілетті орган – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік мүліктің түрлері бойынша республикалық және коммуналдық мүлікке – мониторинг, ал жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару деңгейлері бойынша облыстық, аудандық коммуналдық мүліктерге және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкіне мониторинг жүргізіледі.

      10. Объектілер мониторингін:

      1) республикалық мүлік бойынша – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;

      2) облыстық коммуналдық мүлік бойынша – облыстық уәкілетті орган;

      3) аудандық коммуналдық мүлік бойынша – аудандық уәкілетті орган;

      4) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі бойынша аудандық аңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ұйымдастырады.

      Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, облыстық,аудандық уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мониторинг объектілерін зерттеу, ақпарат жинау және талдау, ұсыныстарды пысықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуелсіз сарапшыларды тартады.

      Тәуелсіз сарапшылардың құқықтары мен міндеттері мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шартта реттеледі.";

      14-тармақта:

      бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, облыстық, аудандық уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мониторингті ұйымдастыру мақсатында:

      1) республикалық, облыстық коммуналдық және аудандық коммуналдық мүліктің және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мониторингі объектілерінің тізбесін, тексерулер жүргізудің кезеңділігі мен мерзімдерін белгілейді;";

      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган, облыстық, аудандық уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мониторингті жүзеге асыру мақсатында:";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына және/немесе оның тиісті расталған өкілеттігі бар сенімді тұлғасына басқарудың тиімділігін дәйекті және объективті талдау үшін барлық қажетті ақпаратты қағаз және электрондық жеткізгіште мемлекеттік кәсіпорындар ұсынады.";

      19-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстық, аудандық уәкілетті органдар не аудандық маңызы бар қала, ауыл,кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басшыларына, сондай-ақ шарт тарапына зерттеу жүргізуге арналған шарт жасасқан тәуелсіз сарапшылар және таныстыру үшін берілетін тиісті ақпараттың тізбесін көрсете отырып, зерттеу жүргізу туралы объектіге зерттеу жүргізу басталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды;";

      4 ) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) зерттеу жүргізген тәуелсіз сарапшылар мониторинг объектісін зерттеудің және оның қызметіне жүргізілген талдаудың негізінде берілетін есепті және бастапқы материалдарды:

      мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға немесе облыстық, аудандық уәкілетті органдарға не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына қағаз нұсқада;

      тізілімге тәуелсіз сарапшы қол қойған және мөрмен растаған есептің қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі қоса бекітілген электрондық есеп түрінде ресімдейді;".

      2. Осы қаулы халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады