Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасына қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 252 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасына қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

                                                                        Жоба

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 82-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында,

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға 1-қосымшаның 67-тармағын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 21-қосымша болып табылатын Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1. 1-бөлім мынадай мазмұндағы 1.5-тармақпен толықтырылсын:

      "1.5. Қырғыз Республикасының аумағында.

      1.5.1. Қырғыз Республикасының ұлттық электр желісі (бұдан әрі – Қырғызстан ҰЭЖ-і) бойынша МАБ-тың жылдық болжамды көлемін МАБ-ты жүзеге асыруға уәкілетті ұйым (бұдан әрі – Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым) өтінім негізінде айқындайды.

      1.5.2. Алдағы күнтізбелік жылға арналған өтінім алдыңғы жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей беріледі. Өтінімде МАБ-тың жылдық көлемі мен ең жоғары қуаты айлар бойынша бөле отырып және Қырғыз Республикасының шекарасында электр энергиясын қабылдау және беру нүктелері белгілене отырып көрсетіледі.

      1.5.3. Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым өтінімді қарау кезінде осы Әдіснамаға сәйкес айқындалатын Қырғызстан ҰЭЖ-нің қолда бар техникалық мүмкіндігінің шамасын басшылыққа алады. Тұтастай жыл бойынша немесе жылдың қандай да бір айында МАБ-тың мәлімделген шамасы Қырғызстан ҰЭЖ-нің қолда бар техникалық мүмкіндігінің шамасынан асып кеткен кезде Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым өтінім берген ұйымға дәлелді бас тартуды жібереді.

      1.5.4. Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйыммен келісілген МАБ-тың мәлімделген көлемі электр энергиясын беру шартына қосымша ретінде ресімделеді және электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің тарифтерін есептеу кезінде ескеріледі.

      1.5.5. МАБ-қа ұйғарылып отырған электр энергиясының көлемі жеткізу жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін мүше мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарымен келісу бойынша түзетілуі мүмкін.".

      2. 2-бөлімде:

      а) 2.2.2-тармақша "Қазақстан БЭЖ арасында" деген сөздерден кейін ", Қырғызстан энергия жүйесі (Қырғызстан ЭЖ-і) мен Қазақстан БЭЖ-і" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) 2.2.3-тармақшада:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.2.3. Есептік модель Ресей БЭЖ-нің, Қазақстан БЭЖ-нің, Қырғызстан ЭЖ-нің, Беларусь БЭЖ-нің, Армения ЭЭЖ-нің және Ресей БЭЖ-і мен Армения ЭЭЖ-нің арасында электр энергиясын (қуатын) беру жүзеге асырылатын үшінші мемлекеттердің энергия жүйелерінің технологиялық жағынан өзара байланысты бөліктерінің және (немесе) эквиваленттерінің жоспарлауға қажетті көлемдегі математикалық моделін білдіреді және:";

      в) 2.2.6-тармақша "Қазақстан БЭЖ" деген сөздерден кейін "және энергия жүйелері Орталық Азияның Біріккен энергетикалық жүйесі шеңберінде қатарлас жұмыс істейтін үшінші мемлекеттердің жүйелік операторларымен келісу бойынша Қазақстан БЭЖ-інің жүйелік операторы мен Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым" деген сөздермен толықтырылсын;

      г) 2.3.1-тармақшада:

      үшінші абзац "жоспарлау мақсатында" деген сөздерден кейін ", оның ішінде Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы электр энергиясын (қуатын) жеткізудің және МАБ-тың мәлімделген көлемін есепке алу үшін" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші абзац "жоспарлау мақсатында алынған" деген сөздерден кейін ", оның ішінде Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы электр энергиясын (қуатын) жеткізудің және МАБ-тың мәлімделген көлемі ескерілген" деген сөздермен толықтырылсын;

      соңғы абзац "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторының" деген сөздерден кейін ",Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйымның" деген сөздермен толықтырылсын;

      д) 2.3.2., 2.3.3. және 2.4.1-тармақшалар тиісті септіктегі "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін тиісті септіктегі ", Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым" деген сөздермен толықтырылсын;

      е) 2.4.2-тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Армения ЭЭЖ жүйелік операторы, Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым есептік модельге енгізілген Армения ЭЭЖ және Қырғызстан ЭЖ электр желілік жабдығын жөндеу графиктерін қалыптастырады және оларды жоспарлау үйлестірушісіне ұсынады. Есептік модельге енгізілген Армения ЭЭЖ және Қырғызстан ЭЖ электр желілік жабдығын жөндеу графиктері жоспарлау үйлестірушісімен келісілуге жатпайды.";

      ж) 2.4.3-тармақша "жылдық жоспарлау" деген сөздерден кейін ", оның ішінде Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы электр энергиясын (қуатын) жеткізу жәнеМАБ-тың мәлімделген көлемін есепке алу" деген сөздермен толықтырылсын;

      з) 2.4.4-тармақша "Қазақстан БЭЖ" деген сөздерден кейін ", Қырғызстан ЭЖ – Қазақстан БЭЖ" деген сөздермен толықтырылсын;

      и) 2.4.5, 2.5.1. және 2.6.1-тармақшалар тиісті септіктегі "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін тиісті септіктегі "Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым" деген сөздермен толықтырылсын;

      к) 2.6.2-тармақшада:

      бірінші абзац "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін ", оның ішінде Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы электр энергиясын (қуатын) жеткізу және МАБ-тың мәлімделген көлемдерін ескере отырып, Армения ЭЭЖ жүйелік операторы" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзац "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін ",Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым, Армения ЭЭЖ жүйелік операторы" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші абзацта:

      "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторымен" деген сөздерден кейін ", оның ішінде Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы электр энергиясын (қуатын) жеткізу және МАБ-тың мәлімделген көлемдеріне қатысты" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Беларусь БЭЖ-і, Қазақстан БЭЖ-і," деген сөздерден кейін "Қырғызстан ЭЖ-і" деген сөздермен толықтырылсын;

      л) 2.6.3-тармақша "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін ", оның ішінде Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы электр энергиясын (қуатын) жеткізу және МАБ-тың мәлімделген көлемдерін ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      м) 2.6.5. және 2.6.6-тармақшалар тиісті септіктегі "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін тиісті септіктегі ", Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым" деген сөздермен толықтырылсын;

      н) 2.6.7-тармақшаның бірінші абзацы "Қазақстан БЭЖ жүйелік операторы" деген сөздерден кейін ", оның ішінде Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы электр энергиясын (қуатын) жеткізу және МАБ-тың мәлімделген көлемдерін ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 3-бөлім мынадай мазмұндағы 3.5-тармақпен толықтырылсын:

      "3.5. Қырғыз Республикасының аумағында.

      Қырғыз Республикасының аумағында МАБ-ты ұйымдастыру және жүзеге асыру Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйымға мынадай функцияларды орындау арқылы жүктеледі:

      - 110 – 500 кВ ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету;

      - ұлттық электр желілерін жедел-диспетчерлік басқару;

      - Қырғыз Республикасында электр энергиясын және қуатын өндіру және тұтыну режимдерін нақты уақыт режимінде басқару;

      - аралас энергия жүйелерінің субъектілеріне жиілікті реттеу (қуат ағындары тәуліктік графиктерінің бірқалыпсыздығын жабу) жөніндегі қызметтерді көрсету;

      - шектес мемлекеттердің электр энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмыс режимдерін басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау.".

      4. 4-бөлім мынадай мазмұндағы 4.5-тармақпен толықтырылсын:

      "4.5. Қырғыз Республикасының аумағында.

      4.5.1. Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру, оның ішінде мүше мемлекеттер арасындағы МАБ жөнінде көрсетілетін қызметтердің тарифі мынадай формула бойынша есептеледі:

      Т=З+Р (сом/кВт/сағ)

      П

      мұнда:

      Т – ұлттық электр желілері арқылы ұлттық электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф (қосылған құн салығын есептемегенде) (сом/кВт/сағ);

      З – Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйымның электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын, заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалатын жалпы жылдық шығындары (млн. сом);

      Р – пайданың жылдық деңгейі (млн. сом);

      П – шарттар және келісімшарттар бойынша мәлімделген электр энергиясын берудің жылдық жиынтық көлемі (млн. кВт.сағ).

      4.5.2. Жалпы жылдық шығындарға жөндеу-пайдалану қызметін көрсетуге (материалдық еңбек және өзге де шығындарды ескергенде), қарызға (кредиттер) қызмет көрсетуге арналған шығындар және активтерге салынған қаражат бойынша амортизация, күрделі салымдар, электр энергиясының ысырабын өтеуге арналған шығындар, электр энергиясын сатып алу, мемлекеттік органдарға аударымдар және басқалар кіреді.

      Электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифке кіретін шығындар Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.".

      5. 5-бөлім мынадай мазмұндағы 5.5-тармақпен толықтырылсын:

      "5.5. Қырғыз Республикасының аумағында.

      Мүше мемлекеттер арасында МАБ жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті қалыптастыру кезінде шығыстар Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алынбайды.".

      6. 6-бөлімде:

      а) 6.3.1.1-тармақшаның бірінші абзацы "немесе Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін ",немесе Қырғыз Республикасының" деген сөздермен толықтырылып, "Табиғи монополиялардың" деген сөздер "Табиғи монополиялар субъектілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 6.3.1.2-тармақша "жүзеге асыратын" деген сөздерден кейін "шектес" деген сөзбен толықтырылсын;

      в) мынадай мазмұндағы 6.6-тармақпен толықтырылсын:

      "6.6. Қырғыз Республикасының аумағында.

      Қырғыз Республикасының аумағында мүше мемлекеттер арасындағы МАБ осы Әдіснамаға сәйкес Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйыммен жасалатын электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсетуге арналған шарттардың негізінде жүзеге асырылады.".

      7. 9-бөлімде:

      а) екінші абзац "Қазақстан БЭЖ-і жүйелік операторы" деген сөздерден кейін ", Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер МАБ-ты жүзеге асыру кезінде Армения Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында және (немесе) Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында электр энергиясын (қуатын) беру талап етілмеген жағдайда, ауытқуларды өтеу мақсатында сатып алынған және сатылған электр энергиясының (қуатының) есептеуде пайдаланылатын сандық және баға өлшемдері Ресей Федерациясының коммерциялық инфрақұрылым ұйымдарының есептік құжаттарымен расталады.";

      в) оныншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Егер МАБ-ты жүзеге асыру кезінде Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында электр энергиясын (қуатын) беру талап етілген жағдайда, Ресей Федерациясының шекарасындағы жеткізу нүктелеріндегі ауытқуларды өтеу мақсатында сатып алынған және сатылған электр энергиясының (қуатының) есептеуде пайдаланылатын сандық және баға өлшемдері Ресей Федерациясының коммерциялық инфрақұрылым ұйымдарының есептік құжаттарымен, ал Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шекарада – Қазақстан Республикасының жүйелік операторы мен Қырғызстан ҰЭЖ-ін басқару жөніндегі ұйым арасында жасалған есептік құжаттармен расталады.".

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы депозитарий алған күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 20 жылғы қол қойылған хаттама күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.

      2018 жылғы "___" __________ ___________ қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның расталған көшірмесін жолдайды.

Армения
Республикасынан
Беларусь
Республикасынан
Қазақстан
Республикасынан
Қырғыз
Республикасынан
Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады