"Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 255 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) құрылсын.

      2. Серіктестік қызметінің негізгі нысанасы Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      3. Серіктестіктің жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) серіктестік жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және оны пайдалану құқығын беруді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 255 қаулысына
қосымша

"Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталын төлеуге берілетін мүліктің тізбесі

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

БҚ бар жұмыс станциялары (ОЖ+MS Offise)

дана

2

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 255 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-186-жолмен толықтырылсын:

      "21-186. "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-21-жолмен толықтырылсын:

      "227-21. "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

      1. СҚ-Фармация

      2. Ұлттық ғылыми онкология орталығы".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады