"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 291 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 11 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 11, 202-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоғам қызметiнiң негiзгi нысанасы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі – халықаралық мамандандырылған көрме) ұйымдастыру және өткізу, халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану, сондай-ақ халықаралық, оның ішінде 1928 жылғы 22 қарашада Парижде жасалған Халықаралық көрмелер туралы конвенцияда көзделген көрмелерге қатысу болып белгіленсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады