"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 11 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi – қоғам) құрылсын.

      2. Қоғам қызметiнiң негiзгi нысанасы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі – халықаралық мамандандырылған көрме) ұйымдастыру және өткізу, халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану, сондай-ақ халықаралық, оның ішінде 1928 жылғы 22 қарашада Парижде жасалған Халықаралық көрмелер туралы конвенцияда көзделген көрмелерге қатысу болып белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.05.2018 № 291 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне құрылатын қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2013 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 86550000 (сексен алты миллион бес жүз елу мың) теңге бөлінсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiмен бірлесіп қоғамның жарғысын әзірлеуді және бекiтудi және оның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерін қоғамның директорлар кеңесінің құрамына сайлануын;

      3) қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне берудi;

      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар бекiтiлсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 қаңтардағы
№ 11 қаулысына
қосымша

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы"
акционерлiк қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері

      Серік Нығметұлы - Қазақстан Республикасының

      Ахметов Премьер-Министрі, кеңес төрағасы

      Қайрат Нематұлы - Қазақстан Республикасы

      Келімбетов Премьер-Министрінің орынбасары

      Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасы

      Исекешев Премьер-Министрінің орынбасары –

      Қазақстан Республикасының Индустрия және

      жаңа технологиялар министрі

      Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономикалық

      Досаев даму және сауда министрі

      Нұрлан Жамбылұлы - Қазақстан Республикасының

      Қаппаров Қоршаған ортаны қорғау министрі

      Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасы

      Жәмішев Қаржы министрі

      Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасының

      Жұмағұлов Білім және ғылым министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2013 жылғы 15 қаңтардағы
№ 11 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-157-жолмен толықтырылсын:

      "21-157. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ".

      2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:

      "Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 268-9-жолмен толықтырылсын:

      "268-9. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      5. "Ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 6 сәуiрдегi № 376 қаулысында:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың тiзбесiнде:

      "Ұлттық компаниялар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 40-жолмен толықтырылсын:

      "40. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады