"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 336 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылсын.

      2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшірілсін.

      3. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп қайта аталсын.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен бірлесіп:

      1) бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын (жол картасын) бекітсін;

      2) 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қабылдасын;

      3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Орталық мемлекеттік органдар және Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жергілікті мемлекеттік органдары тиісті жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

      6. Түркістан облысының жергілікті өкілді және атқарушы органдары, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелері Түркістан қаласына көшкенге дейін Шымкент қаласында орналасады деп белгіленсін.

      7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      8. Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады