Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 маусымдағы № 360 қаулысы

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы №616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Заңнамада белгіленген тәртіппен Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Хан Тәңірі шағын ауданы, 55/5 жер учаскесі мекенжайы бойынша орналасқан құрылысы аяқталмаған объекті республикалық меншіктен "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен (келісім бойынша) және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады