Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Қазақстан Республикасы Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 376 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 168-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Қазақстан Республикасы Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны белгіленген тәртіппен бірігу және қайта құру жолымен жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесі бар "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Серіктестік қызметінің негізгі нысанасы геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп:

      1) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне беруді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы 2018 жылғы 29 маусымда қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 25 маусымдағы
№ 376 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлімде:

      "21-186. "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС" деген жол алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-187-жолмен толықтырылсын:

      "21-187. "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-188-жолмен толықтырылсын:

      "21-188. "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне" деген бөлімде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 359-5-1-жолмен толықтырылсын:

      "359-5-1. "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

      3. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады