"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 381 қаулысы.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы Балқаш ауданының аумағында "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.

      2. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 25024,0 гектар жер учаскелері су қоры жерлері санатынан;

      2) "Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 340076,6 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан алынсын.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Алматы облысы Балқаш ауданының аумағындағы жалпы алаңы 415164,2 гектар, соның ішінде Қараой мемлекеттік табиғи қаумалының аумағындағы 213603,9 гектар жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемеге тұрақты жер пайдалануға берілсін.

      4. Осы қаулының 2-тармағында көрсетілген жер учаскелері және Алматы облысы Балқаш ауданының жалпы алаңы 50063,6 гектар босалқы жерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар "мемлекеттік табиғи резерваттардың ормандары" мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.

      5. Алматы облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеменің айналасында және оның қорғау аймағында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде қорғау аймағын белгілеп, осы аймақтың шегінде экологиялық жүйенің жай-күйіне және оны қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектеу қойсын.

      6. Мекемені қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп ұстауға республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен және соның шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын болып белгіленсін.

      7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 27 маусымдағы
№ 381 қаулысына
қосымша

Алматы облысы Балқаш ауданының аумағындағы "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

  гектар

Атауы

Жалпы алаңы

соның ішінде

Орман алқаптары

Ормансыз алқаптар

Орман көмкерген

соның ішінде

Орман алқаптарының жиыны

Шабындықтар

Жайылымдар

Су астында

Өзге жерлер

Ормансыз алқаптардың жиыны

шоқ ормандар

орман дақылдары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1. Орман қоры жерлері (Бақанас мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі)

340076,6

70785.3

19020,5

-

89805,8

22510,0

190347,1

-

37413,7

250270,8

2. Босалқы жерлер (Қараой және Көктал ауылдық округтері)

50063,6

-

-

-

-

-

50063,6

-

-

50063,6

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

3. Су қоры жерлері (Балқаш-Алакөл су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциясы)

25024,0

-

-

-

-

-

-

25024,0

-

25024,0

ЖИЫНЫ:

415164,2

70785,3

19020,5

-

89805,8

22510,0

240410,7

25024,0

37413,7

325358,4

соның ішінде: Қараой мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында

213603,9

-

-

-

-

-

213603,9

-

-

213603,9

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 27 маусымдағы
№ 381 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-жолмен толықтырылсын:

      "40. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі".

      2. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      8-бөлімде:

      мына:

      "

8

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

9536


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

5645

      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

9600


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

5709

      ";

      мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын:

      "

40)

"Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты" РММ

64

      ".

      3. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 290-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

      "Алматы облысы" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 23-1-жолмен толықтырылсын:

      "

23-1

"Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты

415164,2

Балқаш ауданы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      ";

      реттік нөмірі 29-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

29

Қараой мемлекеттік табиғи қаумалы (кешенді)

295396,1

Балқаш ауданы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады