"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 382 қаулысы.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағында "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағындағы жалпы алаңы 136367,5 гектар босалқы жерлер және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің Тау-Дала филиалы Үржар орманшылығының (бұдан әрі – орманшылық) жалпы алаңы 7183 гектар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының жерлері мекемеге Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрақты жер пайдалануға берілсін.

      3. Мекеменің Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағындағы жалпы алаңы 136367,5 гектар жер учаскелері босалқы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар және орманшылық аумағындағы ормандар "мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің ормандары" мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.

      4. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеменің айналасында және оның қорғау аймағында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде қорғау аймағын белгілеп, осы аймақтың шегінде экологиялық жүйенің жай-күйіне және оны қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектеу қойсын.

      5. Мекемені қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп ұстауға республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен және соның шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын болып белгіленсін.

      6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 27 маусымдағы
№ 382 қаулысына
қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының аумағындағы "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

  гектар

Атауы

Жалпы алаңы

соның ішінде

Орман алқаптары

Ормансыз алқаптар

Орман көмкерген

соның ішінде

Орман алқаптарының жиыны

Жайылымдар

Ормансыз алқаптардың жиыны

шоқ ормандар

орман дақылдары

1

2

3

4

5

6

7

8

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері ("Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі Тау-Дала филиалының Үржар орманшылығы)

7183,0

7183,0

7180,0

3,0

7183,0

-

-

2. Үржар ауданының босалқы жерлері

136367,5

-

-

-

-

136367,5

136367,5

ЖИЫНЫ:

143550,5

7183,0

7180,0

3,0

7183,0

136367,5

136367,5

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 27 маусымдағы
№ 382 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 41-жолмен толықтырылсын:

      "41. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі".

      2. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      8-бөлімде:

      мына:

      "

8

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

9600


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

5709

  "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

9744


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

5853

  ";

      мынадай мазмұндағы 41) тармақшамен толықтырылсын:

      "

41)

"Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ

144

  ".

      3. "Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 42-43, 290-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:

      "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-1-жолмен толықтырылсын:

      "

44-1

"Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

143550,5

Үржар ауданы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

  ";

      мына:

      "

45

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты

661362,8

Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Абай, Аягөз, Көкпекті аудандары және Семей қаласының жерлері

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

45

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты

654179,8

Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Абай, Аягөз, Көкпекті аудандары және Семей қаласының жерлері

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

  ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады